Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу
Автор: Дана Амангелдиева • Апрель 16, 2024 • Реферат • 942 Слов (4 Страниц) • 122 Просмотры
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
Реферат
Тақырып: Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу
Орындаған: Амангелдиева Дана Тексерген: МукамбеткалиеваМанар Муратовна
2023-2024 оқу жылы
Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу. Жасушада басқа органика- лық заттарға қараганда нәруыздар көп мөлшерде болады. Аминқыш- қылдарының 20 типі нәруыздардың мономерлері болып табылады.
Нәруыздардың құрамына әртүрлі аминқышқылдарының (а-амин- қышқылдары) 20 түрі кіреді. Олар барлық жасушалық құрылымдардың кұрамына кіреді және жасушаның құрғақ массасының шамамен 80%-ын құрайды. Нәруыздық молекулалардың мономері аминқышқылдары болып табылады. Олар нәруыздардың өртүрлі шексіз алуантүрлілігін жасайды (9-сурет). Ауыстырылмайтын аминқышқылдары адам және жануарлар- дың ағзасында синтезделмейді. Адам ағзасына 8 ауыстырылмайтын аминқышқылдары қажет.
Егер нәруыздардың құрамына тек аминқышқылдары кіретін болса, мұндай нәруыздар қарапайым нәруыздар деп аталады. Бұл кезде қара- пайым нәруыздардың молекулалық массасы оте үлкен болады. Мысалы, инсулин молекулалық массасы шамамен 6 мың болатын 51 аминқышқылының қалдығынан тұрады.[pic 1]
Егер нәруыздардың құрамында аминқышқылдарынан басқа қандай да бір құрамбөлік болса, онда мұндай нәруыздарды күрделі нәруыздар деп атайды. Ең белгілі күрделі нәруызға тасымалдаушы нәруыз – гемоглобин жатады. Ересек адамның гемоглобинінің құрамында молекулалық мас- сасы 67 мың болатын 574 аминқышқылының қалдығы бар. Жалпы фор- муласы – Сава НOSTNOS, Fe, Оның аминқышқылы емес құрамбөлігіне H темір жатады.
Күрделі нәруыздың аминқышқылы емес бөлігі простетикалық топ деп аталады. Мысалы, гемоглобиннің простетикалық тобына темір мета- лы жатады. Құрамында металдар бар көптеген күрделі нәруыздар энер гия өндіру және түрлендіру үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Бұлар пластидтер мен митохондриялар тасымалдайтын әртүрлі молекулалар. Металдардан басқа кез келген дәрумендер, көмірсулар, липидтер және т.б. заттар күрделі нәруыздардың аминқышқылы емес құрамбөлігі болуы мүмкін.
Нәруыздар химиялық жоне физикалық қасиеттері бойынша өте алуан түрлі болады. Мысалы, еритін гидрофильді (гемоглобин, альбумин) және ерімейтін гидрофобты (кератин) нәруыздар бар. Мысалы, коллагенді суда ұзақ уақыт қыздырған кезде ісінеді. Химиялық тұрғыда нәруыздар молекуласының заряды әртүрлі, қышқыл және негіздік қасиет көрсетіп, амфотерлі (грек. Amphoteros екеуі де) болуы мүмкін.
Нәруыздардың қасиеттері оларды құрайтын аминқышқылдарының реті мен мөлшеріне тәуелді болады. ХХ ғасырда ғалымдар адамның гана емес, басқа да ағзалардың тіршілік үшін маңызды көптеген нәруыздарының ретін анықтады. Бірақ нәруыздарды зерттеудің ең алғашқы әдістері таза химиялық болды (2-кесте). Нәруыздарды күшті
[pic 2]
қышқыл немесе асқорыту ферменттері (трипсин, пепсин) қатысында қыздыру арқылы аминқышқылдарына ыдыратты. Кейін норуыздың қандай аминқышқылына ыдырағанын анықтау үшін талдау жүргізді.
Нәруыздарды құрылымы бойынша жіктеу. Нәруыз молекулаларының құрылымын оны анықтайтын аминқышқылдарының өзара орналасуы арқылы анықтайды.
...