Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірінші топқа жататын ресми медицина саласындағы дәрілік өсімдіктерге тоқталу

Автор:   •  Декабрь 20, 2022  •  Реферат  •  513 Слов (3 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 3

Бірінші топқа жататын ресми медицина саласындағы дәрілік өсімдіктерге тоқталу

Жалпы , Қазақстан флорасында 6000-дай жоғары сатыдағы өсімдік түрлері кездеседі. Қазіргі уақытта елімізде 1500 түрлі дәрілік өсімдіктер (оның  230 түрі официанальды медицинада қолданылады) кездеседі , 390 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, 110 түрі реликті, 700-дей түрі эндемикті болса, ал ғылыми медицина саласында 300-дей түрлі дәрілік өсімдіктер түрлері пайдаланылуда.

Ал, дәрілік өсімдіктердің бірінщі тобы - ресми официанальды медицинада белгілі, біздің елімізде , аз мөлшерде дайындалатын дәрілік өсімдіктерге тоқталсақ , оларға жататындар:

  1. Кәдімгі өгейшөп -астарлылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.Халық медицинасында Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданылап келе жатыр.Яғни оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге қолданады.Көбіне тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді.Өсімдіктің жас жапырағымен дене сыртындағы ірің мен жараларды, ісіктерді емдейді.Медицинада өгейшөптің жапырағын гипертония, атеросклероз ауруларын емдеуде қолданылады.
  2. Қызыл таспа тараны- тарандар тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді.Дәрілік және жем-шөптік өсімдік.Ресми медицинада бүйрек пен қуықта ұсақ тастар жиналу кезінде , микроэлементтердің ішек қабырғаларына белсенді түрде сіңуі үшін, сонымен қатар қабынуға қарсы пайдаланылады.
  3. Айлан шөптараны немесе Самалдық шөп - тарандар тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның көптеген аймақтарында: Каспий маңы ойпаты, Балқаш-Алакөл ойысы, Түркістан,  Қаратау өңірлерінде , өзен бойында,арық, тоған жағалауларында өседі.Құрамында К, С витамині, флавоноидтар, гликозоидтер, эфир майлары, иілік заттар бар.Өсімдіктің қан тоқтатып, іш жүргізетін, несеп айдайтын қасиеттері бар.Дене сыртындағы жаралардың жазылуын тездету үшін бұл өсімдіктен майдәрі де жасалынады.Етеккір тоқтатаусыз келгенде, геморрой түйіндерін жазу үшін қолданылады.
  4. Бұрышты таран- тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, шөптесін өсімдік.Құрамында полигопиперин, гиперозид, рамиазин, А,Д,Е,К,С витаминдері, иілік заттар, эфир майлары кездеседі.Оның қан тоқтататын және дененің ауырғанын басатын қасиеттері бар.
  5. Үштармақты итошаған-астарлылар тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.Өсімдік тұнбасы және судағы ерітіндісі малдың азыққа тәбетін арттыру үшін, ас қорытуды жақсарту және бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады.Жас жапырақтары жараның тез жазылуына тез көмек береді.
  6. Жолжелкен-қорғасыншөптер тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.Дәрілік мақсатта жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады.Ерте кезде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанын тоқтатқан.Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген.Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады.Қан тамырының қатаюына,асқаазан, ішек жолдарының қабынуына, созылмалы бронхит, несеп жолдарының қабынуы секілді ауруларға қарсы қолданған.

Ресми медицинада қолданылатын официанальды дәрілік өсімдіктермен тұқымдас, туыстас , фитохимиялық құрамы өте жақын өсімдіктер тобына тоқтала кетсек.

  1. Түркістан валерианасы- Қазақстанда өсетін 3 түрлі валериананың ішінен түркістан валерианасы мен кәдімгі валериана  кең таралған. Ал нағыз дәрілік валериана біздің елде өспейді.Шүйгіншөп тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.Адамдарда ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы кезінде тұнбасы көмектеседі.Сонымен қатар, жүйкенің қозғаштығы, күйзеліс кезінде,мазасыздық кезінде қолданылады.
  2. Бұдыр шайқурай -  құрамы жағынан шілтер жапырақты шайқурайға өте ұқсас.Шайқурай тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.Дәрілік мақсатта жер үсті бөлігі пайдаланылады.Тыныс жолдарының ауруларына,қуық қызметі бұзылғанда,әйелдердің жыныс жүйесі ауырғанда қолданылады.Соңғы кезде медицинада өсімдіктен алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына(тұмау,жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, т.б) қарсы жақсы әсер ететіні анықталған.
  3. Түркістан сасықшөбі-ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көпжылдық өсімдік.Өсімдіктен алынған препарттар                   жүрек-қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында,  жүрек етінің қатюында,жүрек бұлшық етінің қабынуында, жүйке жүйенің бұзылуында,бас айналуы кезінде, ми зақымдануы кезінде қолданылады.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (45.9 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club