Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау
Автор: nurdaulet_73 • Март 14, 2019 • Реферат • 1,496 Слов (6 Страниц) • 872 Просмотры
Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Медицинадағы желатин және агар-агар негізіндегі полимерлер
1.2 Дәрілік заттардың полимерлі-пролонгатор әсері
1.3 Альгинаттар негізіндегі полимерлік дәрілік формалар
1.4 Стоматологиада жансыздандырғыш полимерлі қабыршақтардың қолданысы
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Зерттеу нысандары
2.2 Полимерлі дәрілік формаларды алу әдістері
2.2.1 Полимерлі гельдерді алу
2.2.2 Альгинатты микробөлшектерді алу
2.2.3 Полимерлі дәрілік қабыршақтарды алу
2.3 Дәрілік формаларды зерттеу әдістері
3 Нәтижелер және оларды талдау
3.1 Желатина және агар-агар негізіндегі полимерлі материалдар
3.2 Құрамында дәрілік заттары бар, кальций альгинаты негізіндегі микробөлшектер
3.3 Полимерлі дәрілік қабыршақтар
3.4 Полимерлі дәрілік формалардың медико-биологиялық сынақтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі коллоидты химияның өзекті мәселелерінің бірі, бұл-пролонгирлеуші емдік қасиеті бар жаңа полимерлі дәрілік препараттар алу. Практикалық медицинада қолданылып жүрген дәрілік заттардың кемшілігі фармакологиялық эффектсінің периоды (орташа 3-5сағат) аз болуы. Бұл кемшілікті жоюдың бір жолы жоғары молекулалық қосылыстар негізіндегі принципиалды жаңа дәрілік формалар алу . Дәрілік заттарды шығаруда сапалы өзгерістер алып келген - жоғары молекулалық қосылыстар, биохимия, фармакология мен медицина ғылымдарынан туындаған жаңа дисциплинааралық –медико-биологиялық полимерлер химиясының интенсивті дамуы себеп болды. Мұндай жаңа полимерлер негізіндегі дәрілік препараттар тек пролонгирлік қасиетке ие болмай, сонымен қатар орган-мишеньге белгіленген программа бойынша енгізуге мүмкіндік туды. Полимерлі дәрілік формалар дәрінің улылығын, қосымша әсерін, қабылдау жиілігін және организмге тиетін препараттың жалпы дозасын азайтуға мүмкіндік береді.
Ауруды басатын және антибактериалды препараттардың пролонгирленген формалары үлкен қызығушылық туғызуда. Бұндай қасиеттерге ие препараттар көп емес және олардың емдік әсері аз, организмге улылық және қосымша әсері бар. Сондықтан пролонгирлік қасиеті бар антибактериалды препараттарды алу ғылыми және практикалық қызығушылық туғызуда.
Дипломдық жұмыстық мақсаты полимерлі тасымалдаушыға иммобилизденген новокаин мен рифомпициннің пролонгирлеуші емдік қасиеті бар полимерлі дәрілік формалар алу.
Жұмыстың қойылған мақсаттарына байланысты келесі мәселелерді шешу қажет:
• Желатина мен агар-агар негізінде гельді жаңа полимерлік формалар алу, алынған гельдерден дәрілік заттың босап шығу заңдылықтары мен ерекшелігін анықтау;
• Кальций альгинат негізінде новокаин мен рифомпицин микробөлшекті жаңа дәрілік формалар алу, микрокапсулды дәрілік формалардың оптималды алу жолдарының комплексті физико-химиялық зерттеулер жүргізу;
• Пролонгирленген жансыздандыратын және антибактериалды эффектісі бар поливинил спирті мен альгинат натрийдан тұратын полимерлі қабыршақ алу;
• Алынған полимерлі дәрілік формалардың комплексті медико-биологиялық зерттеулерден өткізу;
Жұмыстың ғылыми маңызы. Пролонгирленген емдік қасиеті бар табиғи және синтетикалық полимерлер негізінде алынған дәрілік формалардың дипломдық жұмысымды жазу барысында әдеби шолу өткізілді. Аруды басатын новокаин мен антибактериалды рифампицинді желатин мен агар-агар негізінен тұратын гельдер, кальций альгинатынан тұратын микробөлшектер, поливинил спирті мен натрий альгинат негізіндегі қабыршақтарға яғни жаңа дәрілік формаларға иммобилиздеу. Әр түрлі факторларға байланысты дәрілік заттың босап шығуы зерттелді. Препараттың босап шығуы кинетиканың бірінші реттіне жататыны және матрицадағы терапевтикалық агенттің диффузиясымен бақыланатыны анықталды. Анықталған заңдылықтар бойынша препараттың шығымын болжауға және организмге дәрілік заттың керекті түсу жылдамдығы бар полимерлі материалдар жасауға болады..
...