Қол-аяк сүйектері кол сүйектері
Автор: orazbekovmiras • Сентябрь 16, 2021 • Лекция • 3,015 Слов (13 Страниц) • 960 Просмотры
ҚОЛ-АЯҚ СҮИЕКТЕРІ ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІ
Қол сүйектері иық белдеуі сүйектерінен және қолдың еркін бөлігінің сүйектерінен түрады. ИЫҚ БЕЛДЕУІ Иық белдеуі (cingulum membri superioris) екі жүп сүйектен түрады: бүғана және жауырын (15-сурет). Бүғана, clavicula, пішіні S әрпіне үқсас иілген болып келеді: денесінен, төстік және акромиалды шеттерінен түрады (16-сурет). Бүғана қолды түлға сүйектерімен байланыстыратын жал- ғыз сүйек болып табылады. 38 Остеология 15-сурет. Иык белдеуінің сүйектері Бұғана жіктелуі бойынша аралас сүйектерге жатады және денесі мен екі — медиалды, латералды шеттеріне бөлінеді. Қалыңдаған медиалды немесе төстік шетінде, extremitas sternalis, төспен буындасатын ер тәрізді буын беті, ал латералды немесе акромиалды шетінде, extremitas acromialis, жалпак буын беті — жауырынның акромионымен буындасатын орны болады. Төменгі бетінде конус тәрізді төмпешік, tuberculum conoideum, (байлам бекитін орын) орналасады. Бұғана денесінің төске жакын орналасатын медиалды шеті алға, ал латералды шеті артка иілген. Жауырын, scapula — II-VII кабырғалар аралығында, кеуде куысының арткы бетіне жанасып орналасатын, үшбұрышты жалпак сүйек (17-сурет). Пішініне байланысты үш жиегін ажыратады: омырткаға караған медиалды жиегі, margo medialis, латералды жиегі, margo lateralis, және жауырын тілігі, incisura scapulae, орналасатын жоғарғы жиегі, margo superior. Аталған жиектер үш бұрыш аркылы косылады: біреуі төмен бағытталады (төменгі бұрышы, angulus inferior), ал калған екі бұрышы (жоғарғы бұрышы, angulus superior, және латералды бұрышы, angulus lateralis) жауырынның жоғарғы жиегінің шет- терінде орналасады. Латералды бұрыш айтарлықгай калың Қол-аяқ еүйектері 39 және латералды орналасатын, әлсіз иілген буыңдық ойысы, cavitas glenoidalis, болады. Буындық ойыстың жиегі жауырын- ның басқа бөліктерінен мойны, collum scapulae, арқылы бөлініп түрады. Ойыстың жоғарғы жиегінің үстінде иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басының бекитін орны ойыс үсті төмпе- шігі, tuberculum supraglenoidale, ал төменгі жиегінің астында иықтың үш басты бұлшықетінің ұзын басы басталатын ойыс асты төмпешігі, tuberculum infraglenoidale, болады. Жауырынның жоғарғы жиегінде буын ойысына жақын қүс тұмсығы тәрізді өсінді, processus coracoideus — бұрынғы коракоид орналасады. Жауырынның қабырғаларға қараған алдыңғы қабырғалық беті, facies costalis, ойыстанған, жауырын асты шүңқыр, fossa subscapularis, деп аталады — m. subscapularis бекитін орын. Жауырынның артқы бетінде, fades dorsalis, орналасатын жауырын қылқаны, spina scapulae, жауырынның 40 Остеология 17-сурет. Жауырын артқы бетін тең емес екі шұңқырға бөледі: қылқан үсті, fossa supraspinata, және қылқан асты, fossa infraspinata. Spina scapulae латералды бағыттала отырып, cavitas glenoidalis-тың артында және үстінде орналасатын акромионмен, acromion, аяқталады. Ол жерде бұғанамен буындасатын ойыс — facies articularis acromii болады. Жауырын артқы рентгенограммада сәйкесінше үш жиегі, бұрыштары мен өсінділері бар үшбұрышты пішінді болады. Кейде құс тұмсығы тәрізді өсіндінің негізінде margo superior-да тілік, incisura scapulae, көрінуі мүмкін. Мұны қателесіп сүйектің бұзылу ошағымен шатастыруға болады, әсіресе бұл тілік тесікке айналғанда. ҚОЛДЫҢ ЕРКІН БӨЛІГІНІҢ СҮЙЕКТЕРІ Қолдың еркін бөлігінің сүйектеріне (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жілік, білек сүйектері және қол басы сүйектері жатады. Қол-аяқ оүйектері 41 Тоқпан жілік Тоқпан жілік, humerus — үзын, қозғалыс иінтірегі болып табылады және типті ұзын түтікті сүйек сияқты дамиды. Қызметі мен дамуына сәйкес диафизден, метафизден, эпифизден және апофизден түрады. Жоғарғы шетінде орналасқан шар тәрізді буын бетінен түратын басы, caput humeri (проксималды эпифиз) жауырынның буындық ойысымен буындасады. Басы басқа бөліктерінен жіңішке бөлігі анатомиялық мойын, collum anatomicum, арқылы бөлінеді (18, 19-сурет). Анатомиялық мойыннан төмен екі бүлшықеттік қүрылым (апофиздер) — латералды орналасатын үлкен төмпешік, tuberculum majus, және оның алдында көлемі кішірек кіші төмпешік, tuberculum minus, орналасады. Аталған төмпешіктерден төмен қарай бүлшықеттер бекитін қырқалар бағытталады: үлкен төмпешік қырқасы, crista tuberculi majoris, және кіші төмпешік қырқасы, crista tuberculi minoris. Төмпешіктер мен қырқалар арасында иықтың екі ба- сты бүлшықетінің үзын басының сіңірі өтетін төмпешік аралық жүлгені, sulcus intertubercularis, көреміз. Төмпешіктерден төмен диафиз шекарасында орналасқан қүрылым хирургиялық мойын, collum chirurgicum (иықтың жиі сынатын жері). Тоқпан жілік денесі жоғарғы бөлігінде цилиндр тәрізді болса, төменгі бөлігінде үш қырлы. Денесінің орта түсының латералды бетінде аттас бүлшықет бекитін дельта тәрізді бүлшықет бүдырмағы, tuberositas deltoidea, орналасады. Оның артында тоқпан жілік денесінің артқы бетінде спираль тәрізденіп, медиалды жақтан латералды жаққа қарай бағытталатын жүлге — кәрі жілік жүйкесінің жүлгесі, sulcus nervi radidlis seu sulcus spiralis. Тоқпан жіліктің алға қарайтын жалпақ бөлігінде орналасатын айдаршықтар, condylus humeri, екі жағынан — медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondylus mediаlis et lateralis, аяқталады (бүлшықеттер мен байламдар бекитін орын — апофиздер). Медиалды айдаршық латералдымен са- лыстырғанда күшті дамыған және оның артқы бетінен кәрі жілік шыбығы жүйкесінің жүлгесі, sulcus n. ulnаris, өтеді. Ай- даршық үстерінің арасында білек сүйектерімен буындаса- 42 Остеология f Анатомиялық _мойын Төмпешік Проксималды шұңқыры Тоқпан Үлкен жіліктіңЧ төмпешік Шығыршықгық ТІЛІК Кіші төмпешік Шынтақгық ӨСІНДІ Кәрі ЖІЛІК басы '.Тәждік Кәрі ЖІЛІК ӨСІНДІ моины аралық Кәрі ЖІЛІК кәрі жілілжүлге бұдырмағы шынтақ Кәрі жілік буыны жүикесінің жүлгесі Дельта тәрізді Дельта тәрізді будырмақ Шынтақ будырмақ ЖІЛІК Білек сүиектерінің сүиекаралық жарғағы Медиалды Кәрі ЖІЛІКТІК аидаршық Шынтық шүңқыр ӨСІНДІСІНІҢ Тәждік Біз тәрізді шұңқыр Бізтерізді ӨСІНДІ Тоқпан жіліку ӨСІНДІ Дисталды Латералды кәрі жілік-шынтақ айдаршығының Моқпан жілік аидаршық буыны басы шығыршығы 18, 19-сурет. Қолдың еркін бөлігінің сүйектері тын буын беті болады (дисталды эпифиз). Оны екі бөлікке бөлеміз: медиалды көлденең орналасатын, ортасында ойы- сы бар — шығыр, trochlea; шынтақ жіліктің шығыршық тілігі, incisura trochlearis-пен буындасады; шығырдан жоғары оның алдыңғы және артқы беттерінде шұңқырлар болады: алдынан тәж тәрізді өсінді шұңқыры, fossa coronoidea, артынан шынтақ өсіндісі шұңқыры, fossa olecrani. Бұл шұңқ^ірлардың теренді- гін оларды бөліп тұрған қалқаның өте жұқа болуынан, кейде оның тесілуінен көреміз. Шығырдан латералды шар кесіндісі түріндегі кәрі жілік басымен буындасатын орын тоқпан жілік Қол-аяқ оүйектері 43 айдаршығының басы, capitulum humeri. Оның алдындағы қүрылым — кәрі жіліктік шүңқыр, fossa radialis — кәрі жілік басының буындасатын жері. Білек сүйектері Білек сүйектері ұзын түтікті сүйектерге жатады. Олар екеу: медиалды орналасатын — шынтақ жілік, ulna, латералды орналасатын — кәрі жілік, radius (18, 19-сурет). Екі сүйектің де денесі үш қырлы — үш беті мен үш жиегін ажыратады. Бір беті — артқы, екінші беті — алдыңғы және үшінші беті radii - де — латералды, ал ulna-да — медиалды. Үш жиектің біреуі өткір. Ол алдыңғы бетін артқыдан бөліп, көрші сүйекке қа- рап орналасып, сүйек аралық кеңістікті шектеп түрады — сүй- ек аралық жиек, margo interossea. Дененің алдыңғы бетінде орналасқан қоректік тесік, foramen nutricium, тамырлардың аттас өзекке өтетін жері. Шынтақ жілік (немесе кәрі жілік шыбығы), ulna. Жоғарғы (проксималды) қалыңдаған шеті (эпифиз) екі өсіндіге бөлі- неді: артқы қалыңырақ өсінді — шынтақ өсіндісі, olecranon және алдыңғы кішігірім өсінді — тәж тәрізді өсінді, processus coronoideus. Бүл екі өсіндінің арасындағы тілік — тоқпан жілік шығырымен буындасатын шығыр тәрізді тілік, incisura trochlearis. Тәж тәрізді өсіндінің кәрі жілік жағында буындасу орны — кәрі жіліктік тілікті, incisura radialis, көреміз, ал тәж тәрізді өсіндінің алдында орналасқан шынтақ жілік бүдыр- мағы, tuberositas ulnae — m. brachialis, иық бүлшықетінің бе- китін жері. Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде жал- пақ буын беті бар, дөңгелектенген жері — басы, caput ulnae (эпифиз), оның медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus, (апофиз) шығады. Басында кәрі жілікпен буындасу орны буындық айналым, circumferentia articularis, болады. Кәрі жілік, radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетімен салыстырғанда қалыңдау болады. Дөңгелен- ген проксималды шетіндегі басында, caput radii (эпифиз) capitulum humeri-мен буындасатын жалпақтау үңғылды көреміз. 44 Остеология Кәрі жілік басының үштен бірін немесе жартысын шынтақ жіліктің incisura radialis-пен жанасатын буын айналымы, circumferentia articularis, алып жатыр. Кәрі жілік басы басқа бөлігінен мойны, collum radii, арқылы бөлінеді. Одан төмен алдыңғы латералды жағында иықтың екі басты бұлшықетінің бекитін бұдырмағы, tuberositas radii, (апофиз) орналасады. Дисталды шетінің латералды жиегі (эпифиздің) біз тәрізді өсіндіге, processus styloideus, (апофиз) жалғасады. Дисталды эпифизде орналасқан буын беті, facies articularis carpea, қайық тәрізді және жарты ай тәрізді білезік сүйектерімен буында- сады. Кәрі жіліктің дисталды шетінің медиалды жиегінде шынтақ жілік басының circumferentia articularis-пен буындасатын кішігірім шынтақтық тілік, incisura ulnaris, болады. Қол басы сүйектері Қол басы (manus) сүйектері білезік, алақан және саусақтар құрамына кіретін бунақтардан (фалангілер) тұрады (20-сурет). Білезік, carpus, әрқайсында 4 сүйектен болатын екі қатарда орналасқан 8 қысқа кеуекті сүйектерден, ossa carpi, тұрады. Білезіктің білекке жақын орналасқан проксималды неме- се бірінші қатары бас бармақтан бастап айтсақ, келесі сүйек- терден тұрады: қайық тәрізді, os scaphoideum, жарты ай тәрізді, os lunatum, үш қырлы, os triquetrum, және бұршақ тәрізді, os pisiforme. Бірінші үш сүйек буындасып, білекке қарай дөңестенген эллипс тәрізді — кәрі жіліктің дисталды шетімен буындасатын буын бетін түзеді. Бүл буынға үш қырлы сүйекпен буындасатын бұршақ тәрізді сүйек қатыспайды. M. flexor carpi ulnaris сіңірінде дамитын бұршақ тәрізді сүйек дән тәрізді сүйекке жатады. Білезіктің дисталды немесе екінші қатары келесі сүйектер- ден тұрады: трапеция сүйек, os trapezium, трапеция тәрізді сүйек, os trapezoideum, басты сүйек, os capitatum, және ілмек тә- різді сүйек, os hamatum. Сүйектер атауы олардың пішінін көрсе- теді. Әр сүйектің бетінде көрші сүйекпен буындасатын буын Қол-аяқ оүйектері 45 Білезік Алақан сүйектері Саусақтар Шынтақ жілік Білезік Жарты ай тәрізді сүйек Үшқырп ы сүйек Бүршақ тәрізді 'сүйек Басты сүйек Ілмек тәрізді сүйек Білезік Қайық тәрізді сүйек Трапециялық сүйек Трапеция тәрізді сүйек Дән тәрізді сүйектер " -------------------------- Негізі Алақан сүйектері Денесі Негізі Бас бармақ Денесі Бунақтар Шынашақ Сүк саусақ Аты жоқ Ортаңғы саусақ саусақ 20-сурет. Қол басы сүйектері 46 Остеология Дисталды бунақтар Аралық бунақтар Проксималды бунақтар Алақан сүиектері Білезік 20-сурет. Жалғасы. Кол басы сүйектері беттері болады. Бұдан басқа кей сүйектерді алақан беттерін- де бұлшықеттер мен байламдар бекитін төмпешіктер болады, атап айтсақ: қайық тәрізді сүйекте — tuberculum ossis scaphoidei, трапеция сүйекте — tuberculum ossis trapezii, ілмек тәрізді сүйекте оның аталуын көрсететін — ілмек, hamulus ossis hamati. Білезік сүйектері бір-бірімен қосылғанда сыртқы жа- ғынан дөңес, алақан жағынан ойыс болып келетін күмбез түзеді. Білезік ойысы кәрі жілік жағынан қайық тәрізді және трапеция сүйек төмпешіктерімен түзілетін томпақ, eminentia carpi radialis-пен шектелетін білезік жүлгесі, sulcus carpi, ал шынтақ жағынан hamulus ossis hamati және os pisiforme-мен түзілетін келесі томпақ — eminentia carpi ulnaris- пен шектеледі. Алақан, metacarpus, бес алақан сүйегінен, ossa metacarpalia, тұрады. Бүл сүйектер бір ғана шынайы эпифизі болатын (моноэпифизарлы сүйектер) қысқа түтікті сүйектерге жатады Қол-аяқ оүйектері 47 және бас бармақтан санағандағы реті бойынша I, II, III және т.с.с. аталады. Алақан сүйектерінің әрқайсысы негізден, basis, диафиз немесе денеден, corpus, және дөңгелектенген басынан, caput тұрады. II—V алақан сүйектерінің проксималды шет- терінде екінші қатар сүйектерімен буындасатын, ал бүйір беттерінде бірбірімен буындасатын жалпақ буындық фасет- калар болады. I алақан сүйегінің негізінде os trapezium-мен буындасатын ер тәрізді буын беті болады, ал бүйір фасетка- лары болмайды. II алақан сүйегінің негізі os trapezoideum-мен жалғасатын бұрыш пішінді тілік түзеді; V алақан сүйегінің негізінде шынтақ жағынан төмпешік болады. Алақан сүйек- терінің басында саусақтардың проксималды бунақтарымен буындасатын дөңестенген буын беті болады. Ал басының бүйір бетінде байлам бекитін орын — бұдырлы шұңқыр орнала- сады. Бас бармаққа жататын І алақан сүйегі ең қысқасы және ең жуаны болып табылады. Ал ең ұзыны II алақан сүйегі, одан кейін III, IV және V алақан сүйектері. Саусақ сүйектеріне, ossa digitorum manus, бірінен кейін бірі орналасатын, бір шынайы эпифизі бар (моноэпифизарлы сүйектер), қысқа түтікті сүйектер — бунақтар жатады. Әр сау- сақ үш бунақтан тұрады: проксималды, phalanx proximalis, ортаңғы, phalanx media, және дисталды, phalanx distalis. Ал бас бармақта тек проксималды және дисталды бунақтар болады. Бунақтар тек адамда ғана жақсы дамыған, ал жануарларда әл- сіз болып келеді. Проксималды бунақ негізінде алақан сүй- егінің басына сәйкес келетін бір буын шұңқыры болады, ал ортаңғы және дисталды бунақтарда қырқамен бөлінген екі жалпақ шұңқыр болады. Олар сәйкес проксималды және ортаңғы бунақтардың ортасында шұңқыры бар, шығыр тәрізді болып келетін басымен буындасады. Бунақтар шеті бүріскен бұдырмен, tuberositasphalangis distalis, аяқталады. Қол басының алақан-бунақ және бунақ аралық буындарында сіңір бекитін жерде дән тәрізді сүйектер болады. Олар бас бармақта тұрақты, ал қалғандарында тұрақсыз. 48 Остеология «ҚОЛ-АЯҚ СҮЙЕКТЕРІ» ТАРАУЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР СӨЗДІГІ Skeleton appendiculare Қосымша қаңқа Добавочный скелет Appendicular skeleton Ossamembri superioris Қол сүйекгері Кости верхней конечности The bones of the upper limb Cingulum membri superioris Қол сүйектерінің белдеуі Пояс верхней конечности Belt of the upper limb Scapula Жауырын Лопатка Scapula Facies costalis (ventralis) Қабырғалық бет Реберная поверхность Costal surface Fossa subscapularis Жауырын асты шұңқыры Подлопаточная ямка Subscapular fossa Facies dorsalis Дорсалды бет Дорсальная поверхность Dorsal surface Spina scapulae Жауырын қылқаны Ость лопатки Spine of scapula Fossa supraspinata Қылқан үсті шұңқыры Надостная ямка Supraspinous fossa Fossa infraspinata Қылқан асты шұңқыры Подостная ямка Infraspinatus fossa Acromion Иық өсіндісі (акромион) Акромион Acromion Facies articularis acromialis Иық өсіндісінің буындық беті Суставная поверхность акромиона Articular surface of the acromial Angulus acromialis Иық өсіндісінің бұрышы Угол акромиона Acromial angle Margo medialis Медиалды жиек Медиальный край Medial border Margo lateralis Латералды жиек Латеральный край Lateral margin Margo superior Жоғарғы жиек Верхний край Upper edge Қол-аяқ оүйектері 49 Incisura scapulae Жауырын тілігі Вырезка лопатки Suprascapular notch Angulus inferior Төменгі бұрыш Нижний угол Lower corner Angulus lateralis Латералды бұрыш Латеральный угол Lateral angle Angulus superior Жоғарғы бұрыш Верхний угол Corner Cavitas glenoidalis Буындық ойық Суставная впадина Glenoid cavity Tuberculum supraglenoidale Буын үстілік төмпешік Надсуставной бугорок Supraglenoidal tubercle Tuberculum infraglenoidale Буын астылық төмпешік Подсуставной бугорок Infraglenoidal tubercle Collum scapulae Жауырын мойны Шейка лопатки Neck of scapula Processus coracoideus Құс тұмсық тәрізді өсінді Клювовидный отросток Coracoid process Clavicula Бұғана Ключица Clavicle Extremitas sternalis Төстік шеті Грудинный конец Sternal end Facies articularis sternalis Төстік буын беті Грудинная суставная поверхность Sternal articular surface Impressio lig. сostoclavicularis Қабырға- бұғана байлам- ның батыңқысы Вдавление реберноключичной связки Impression of costoclavicular ligament Corpus claviculae Бұғана денесі Тело ключицы Body of clavicle Sul. m. subclavii Бұғана асты бұлшықетінің жүлгесі Борозда подключичной мышцы Groove for subclavian muscle Extremitas acromialis Иық өсінділік шеті Акромиальный конец Acromial end 50 Остеология Facies articularis acromialis Иық өсінділік буындық беті Акромиальная суставная поверхность Асгөшіаі articular surface Tuberculum conoideum Конус тәрізді өсінді Конусовидный бугорок Conoid tubercle Linea trapezoidea Трапеция тәрізді сызық Трапециевидная линия Trapezoid ііпе Skeleton membri superioris liberi Қолдың еркін бөлігінщ қаңқасы Скелет свободной верхней конечности Skeleton of free upper limb Humerus Тоқпан жілік Плечевая кость Humerus Caput humeri Тоқпан жіліктің басы Головка плечевой кости Capkellum Collum anatomicum Анатомиялық мойын Анатомическая шейка AnatomKal neck Collum chirurgicum Хирургиялық мойын Хирургическая шейка Surgkal neck Tuberculum majus Үлкен төмпешік Большой бугорок Greater tubercle Tuberculum minus Кіші төмпешік Малый бугорок Lesser tubercle Sul. intertubercularis Төмпешік аралық жүлге Межбугорко вая борозда Intertubercularis sulcus Crista tuberculi majoris Үлкен төмпешік қыры Гребень большого бугорка Crest of greater tubercle Crista tuberculi minoris Кіші төмпешік қыры Гребень малого бугорка Crest of lesser tubercle Corpus humeri Тоқпан жіліктің денесі Тело плечевой кости Body of humerus Facies anterior medialis Алдыңғы медиалды бет Медиальная передняя поверхность Anterior med!al surface Қол-аяқ оүйектері 51 Facies anterior laterialis Алдыңғы латералды бет Латеральная передняя поверхность Anterior lateral surface Facies posterior Артқы бет Задняя поверхность Posterior surface Sul. n. radialis (s. spiralis) Кәрі жілік жүйкесінің жүлгесі Борозда лучевого нерва Radial sulcus Margo medialis Медиалды жиек Медиальный край Medial border Crista supracondylaris medialis Медиалды айдаршық үсті қыры Медиальный надмыщелковый гребень Medial supracondylar crest (Processus supracondy lateralis) (Айдаршық үстілік өсінді) (Надмыщелковый отросток) (Supracondylar process) Margo lateralis Латералды жиек Латеральный край Lateral margin Crista supracondylaris lateralis Латералды айдаршық үсті қыры Латеральный надмыщелковый гребень Lateral supracondylar ridge Tuberositas deltoidea Дельта тәрізді бұдырмақ Дельтовидная бугристость Deltoid tuberosity Condylus humeri Тоқпан жілік айдаршығы Мыщелок плечевой кости Condyle of the humerus Capitulum humeri Тоқпан жілік айдаршығының басы Головка мыщелка плечевой кости Capitulum Trochlea humeri Тоқпан жілік шығыршығы Блок плечевой кости Humerus Fossa olecrani Шынтақ өсіндісінің шұңқыры Ямка локтевого отростка Olecranon fossa Fossa coronoidea Тәждік шұңқыр Венечная ямка Coronoid fossa 52 Остеология Fossa radialis Кәрі жіліктік шұңқыр Лучевая ямка Ratol fossa Epicondylus medialis Медиалды айдаршық үсті Медиальный надмыщелок Medial epicondyle Sul. n. ulnaris Шынтақ жүйкесі жүлгесі Борозда локтевого нерва Sulcus of the ulnar nerve Epicondylus lateralis Латералды айдаршық Латеральный надмыщелок Lateral epkondyle Radius Кәрі жілік Лучевая кость Radius Caput radii Кәрі жілік басы Головка лучевой кости Head of radrns Fovea articularis Буындық шұңқыр Суставная ямка Glenoid fossa Circumferentia articularis Буындық айналма Суставная окружность Articular tircumference Collum radii Кәрі жілік мойны Шейка лучевой кости Neck of radrns Corpus radii Кәрі жілік денесі Тело лучевой кости Body of radrns Tuberositas radii Кәрі жілік бұдырмағы Бугристость лучевой кости Tuberosky of radrns Facies anterior Алдыңғы беті Передняя поверхность Front surface Facies posterior Артқы беті Задняя поверхность Posterior surface Facies lateralis Латералды беті Латеральная поверхность Lateral surface Margo interosseus Сүйек аралық жиек Межкостный край Interosseous border Margo anterior Алдыңғы жиек Передний край Forefront Margo posterior Артқы жиек Задний край Posterior margm Processus styloideus Шиловидный отросток Біз тәрізді өсінді StyMd process Қол-аяқ оүйектері 53 Tuberculum dorsale Артқы төмпешік Дорсальный бугорок Dorsal tubercle Incisura ulnaris Шынтақтық тілік Локтевая вырезка Ulnar notch Facies articularis carpea (carpalis) Білезіктік буындық беті Запястная суставная поверхность Carpal articular surface Ulna Шынтақ жілік Локтевая кость Ulna Olecranon Шынтақ өсіндісі Локтевой отросток Olecranon Processus coronoideus Тәждік өсінді Венечный отросток Coronoid process Tuberositas ulnae Шынтақ жілік бұдырмағы Бугристость локтевой кости Tuberosity of ulna Incisura trochlearis Шығыршықтық тілік Блоковидная вырезка Trochlear notch Incisura radialis Кәрі жіліктік тілікЛучевая вырезка Radial notch Corpus ulnae Кәрі жілік денесі Тело локтевой кости Body of ulna Facies anterior Алдыңғы беті Передняя поверхность Front surface Facies posterior Артқы беті Задняя поверхность Posterior surface Facies medialis Медиалды беті Медиальная поверхность Medial surface Margo interosseus Сүйек аралық жиек Межкостный край Interosseous border Margo anterior Алдыңғы жиегі Передний край Forefront Margo posterior Артқы жиек Задний край Posterior margin Crista m. supinatoris Супинатор қыры Гребень супинатора Supinator crest 54 Остеология Caput ulnae Шынтақ жілік басы Головка локтевой кости Head of ulna Circumferentia articularis Буындық айналма Суставная окружность Articular circumference Processus styloideus Біз тәрізді өсінді Шиловидный отросток Styloid process Carpus Білезік Запястье Wrist Ossacarpi (carpalia) Бізезік сүйектері Кости запястья Carpal bones (Os centrale) Орталық сүйек Центральная кость Central bone Os scaphoideum Қайық тәрізді сүйек Ладьевидная кость Scaphoid bone Tuberculum ossis scaphoidei Қайық тәрізді сүйек төмпешігі Бугорок ладьевидной кости Tubercle of scaphoid bone Os lunatum Жарты ай тәрізді сүйек Полулунная кость Lunate bone Os triquetrum Үш қырлы сүйек Трехгранная кость Triquetrum bone Os pisiforme Бұршақ тәрізді сүйек Гороховидная кость Pisiform bone Os trapezium Трапеция-сүйек Костьтрапеция Bone-trapezium Tuberculum ossis trapezii Трапециялық сүйек төмпешігі Бугорок коститрапеции Tubercle of trapezium bone Os trapezoideum Трапеция тәрізді сүйек Трапециевидная кость Trapezoid bone Os capitatum Басты сүйек Головчатая кость Capitatum bone Os hamatum Ілмек тәрізді сүйек Крючковидная кость Uncinatum bone Қол-аяқ оүйектері 55 Hamulus ossis hamati Ілмек тәрізді сүйектің ілмегі Крючок крючковидной кости Hook of hamate bone Sul. capri Білезік жүлгесі Борозда запястья Carpal groove Metacarpus Алақан сүйекгері Пясть Metacarpus Ossa metacarpi (metacarpalia) (IV) I—V алақан сүйекгері I—V пястные кости I—V metacarpals Basis Негізі Основание Base Corpus Денесі Тело Body Caput Басы Головка Head Os metacarpale [tertium (III)] III алақан сүйегі III пястная кость III metacarpal bone Processus styloideus Шиловидный отросток Біз тәрізді өсінді StyMd process Digiti Саусақтар Пальцы Fingers Phalanges Бунақгар Фаланги Phalanx Phalanx proximalis Проксималды бунақ Проксимальная фаланга Proxmal phalanx Phalanx media Ортаңғы бунақ Средняя фаланга Middle phalanx Phalanx distalis Дисталды бунақ Дистальная фаланга Distal phalanx Tuberostitas phalangis distalis Дисталды бунақтың бұдырмағы Бугристость дистальной фаланги Tuberosky of distal phalanx Basis phalangis Бунақтың негізі Основание фаланги Phalanx base Corpus phalangis Бунақтың денесі Тело фаланги The body of the phalanx 56 Остеология Caput phalangis Бунақтың басы Головка фаланги Head of the phalanx Ossa sesamoidea Дән тәрізді сүйектер Сесамовидные кости Sesamoid bones
...