Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Краниологии"

Автор:   •  Декабрь 15, 2020  •  Шпаргалка  •  7,070 Слов (29 Страниц)  •  481 Просмотры

Страница 1 из 29

№2 Аралық бақылау сұрақтары. Краниология.

(мамандық – Жалпы медицина 1 курс)

2020-2021 оқу жылы

1. Маңдай сүйегінің құрылысы, маңдай сүйегінің бөлімдері, анатомиялық

құрылымдары.

2. Төбе сүйегінің құрылысы, анатомиялық құрылымдары.

3. Шүйде сүйегінің құрылысы, шүйде сүйегінің бөлімдері, анатомиялық

құрылымдары.

4. Сына тәрізді сүйектің құрылысы, сына тәрізді сүйектің бөлімдері,

анатомиялық құрылымдары.

5. Самай сүйегінің құрылысы, самай сүйегінің бөлімдері, анатомиялық

құрылымдары.

6. Самай сүйек өзектерінің құрылысы.

7. Торлы сүйектің құрылысы, анатомиялық құрылымдары.

8. Мұрын сүйегі, көз жас сүйегі, таңдай сүйегі, бет сүйегі, олардың

құрылысы.

9. Төменгі мұрын қалқаны, өре(желбезек) сүйегі, тіласты сүйегі, олардың

құрылысы.

10. Жоғарғы жақ сүйек. Жоғарғы жақ сүйектің анатомиялық

құрылымдары.

11. Төменгі жақсүйек құрылысы.

12. Бассүйектің алдыңғы шұңқыры, шекаралары, құрылымдары.

13. Бассүйектің ортаңғы шұңқыры, шекаралары, құрылымдары.

14. Бассүйектің артқы шұңқыры, шекаралары, құрылымдары.

15. Қанаттаңдай шұңқыры. Шекаралары, қатынастары, тесіктері және

олардың маңызы.

16. Самай шұңқыры, шекаралары, құрамы.

17. Самайасты шұңқыры, шекаралары, қатынастары, олардың қызметі.

18. Көзұясының қабырғалары. Тесіктері және қатынастары, олардың

қызметі.

19. Мұрын қуысының қабырғалары, тесіктері мен олардың қызметі.

20. Бас қаңқасының ішкі негізінің топографиясы, анатомиялық

құрылымдары, тесіктері.

21. Бас қаңқасының сыртқы негізінің топографиясы, анатомиялық

құрылымдары, тесіктері мен олардың қызметі.

1. Маңдай сүйегінің құрылысы, маңдай сүйегінің бөлімдері, анатомиялық

құрылымдары.

1.Маңдай сүйек-латынша атауы os frontale, тақ, күрделі сүйек болып табылады. Бұл сүйек бассүйек күмбезін, негізін және көзұясымен мұрын қуысының қабырғаларын құрауға қатысады. Маңдай сүйек сезім мүшелерімен байланысқан яғни иіс сезу мен көру. Ол осыған байланысты 2 бөлімнен тұрады:1)вертикалды қабыршақ squama frontalis  2) горизонталды бөлімнен. Маңдай сүйек орналасуына және атқаратын қызметіне қарай 4 бөліктен тұрады.

1.Қабыршақтық-pars squama.

2.3.Жұп көзұялық-pars orbitals.

4. Тақ мұрын(кеңсірік мұрын)-pars nasalis.

      Қабыршақтық бөлік яғни- pars squama  басқа жабын сүйектер сияқты табақшатәрізді сырт жағынан дөңес,тегіс ал іш жағынан ойыс бұдырлау келген. Сыртқы беті яғни facies externa бұдыр және дөңестеу, орталық бөлігінде әлсіз  байқалатын метопиялық  жіктер-sutura metatopica орналасқан. Ал төменгі бөлігі көзүсті жиегі margo supraorbitalis деп аталады. Осы жиектің 3 тен 1 бөлігінің шекарасында көзүсті тілігі-incisura supraorbitalis яғни артериялар мен нерв өтетін жер орналасқан. Көзүсті жиегінен жоғары доғатәрізді иіліп, қасүстілік доғалар– margo supercilaris айқын байқалады. Қасүстілік доғадан жоғары маңдай сүйек дөңесі –tuber frontale, төменірек-кеңсірікүстілік жазықтық-glabella орналасқан. Және де көзұясының жоғарғы жиегі  латеральды бағытта сүйірленіп бетсүйектік өсіндіге-processus zygomaticusқа ұласады. Осы өсіндіден жоғары қарай самай сызығы-linea temporalis шығады, ол қабыршқтың самайлық бетін facies temporalisті шектейді. Ішкі бетінде яғни facies interna орта сызық бойымен артқы жиектен жүлге sulcus sinus sagittalis өтеді. Ол төменгі жағында маңдай қырқасына crista frontalisке айналады.

          Жұп көзұялық-pars orbitals бұл төменгі ойыс бетімен-көзұясына жоғары бетімен бассүйек қуысына қараған, ал артқы жиегі арқылы сынатәрізді сүйекпен байланысқан екі горизонталды табақша.Жоғары ми бетінде мидың іздері-impressiones digitatae орналасқан. Көзбөлігінің төменгі көз шарасына және жоғарғы ми  сауатына қараған беті ажыратылады. Көз ұясына қараған беті-facies orbitalis ойыс және тегістеу болады. Және осының бүйір қапталында тереңдеу келген көзжас безінің шұңқыры-fossa lacrimales айқын байқалады. Медиальды қапталында сәл ғана байқалатын шығыршықтық шұңқырш а, fovea trochlaris,және шығыршық бұлшықетінің сіңіршесінің орап отетін шеміршектік, кейде сүйектік тканнан тұратын шығыршықтық қылқан — spina trochlearis, орналасқан. Ми сауытына қараған беті — facies cerebralis, дөңестеу келген мидың маңдай бөлігінің төменгі бетімен беттесіп, орналасқан.

...

Скачать:   txt (98.7 Kb)   pdf (269 Kb)   docx (41.7 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club