Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: Lalisa2303 • Март 27, 2024 • Шпаргалка • 9,590 Слов (39 Страниц) • 111 Просмотры
1.Омыртқа бағанасы
Омыртқа бағанасы – (columna vertebralis), дененің механикалық тірегіші, өзара байланысқан 33-34 омыртқалардан тұрады.
•Омыртқа бағанасында 5 бөлімді ажыратады:
~7 мойын омыртқасы – (vertebrae cervicales)
~12 кеуде омыртқасы – (vertebrae thoracicae)
~5 бел омыртқасы – (vertebrae lumbales )
~5 бітіскен сегізкөз омыртқасы – (vertebrae sacrales)
~3-4 бітіскен құйымшақ омыртқасы – (vertebrae coccygiae)
Омыртқалардың 24-і бос- нағыз және 8-10 ы жалған омыртқалар болады.
Жалған омыртқаларға өзара біріккен екі сүйек: сегізкөз бен құйымшақ жатады.
Әрбір омыртқа алға қараған денесінен – (corpus vertebrae) , артқа қараған доғасынан – (arcus vertebrae) ден тұрады. Осы екеуі қосылып омыртқалық тесікті – (foramen vertebrae) ні түзеді . Ал ол тесіктің ішінде өзегі – (canalis vertebrae) орналасқан. Ол өзекте жұлын орналасады.
Омыртқа доғасында өсінділер бар. Артқа қараған қылқанды өсінді – (processus spinosus). Екі көлденең өсіндісі – (processus transversus) . Жоғарғы төменгі буындық өсінділер – (processus articularies superior et inferior). Буындық өсінділерде буындық беттері бар – (facies articularis superior et inferior). Омыртқа денесімен доғасы қосылған жерінде тілік – (insisurae vert. inferior et superior) орналасқан. Тіліктер қосылған кезінде омыртқа аралық тесікті – (foramen intervertebralis) ті түзеді . Бұл тесіктен қантамырлар мен жүйкелер өтеді.
•1, 2 мойын омыртқаларының (vertebrae cervicales) ерекшеліктері бар
•1 ші мойын омыртқа - омыртқасының денесі болмайды, алдыңғы және артқы доғалардан (arcus anterior et arcue posterior) тұрады. Ауыз омыртқа не атлант деп аталады (Atlant) . Жұп бүйірлерінен тұрады. Алдыңғы доғаның сыртында төмпешік, ішкі бетінде тіс шұңқыры ( fovea dentis) болады.Артқы доғаның сыртында төмпешік. Әрбір бүйірінде буын беті бар.
•2 ші мойын омыртқа біліктік омырт. (Axis) басқа омыртқалардан ерекшелігі: денесінің жоғарғы бетінде тісшесі (dens) орналасқан. Тісшенің алдыңғы және артқы беттерінде буындық беттер (facies articularis anterior et facies articularis posterior) болады.
•2-5 мойын омыртқалары ерекшелігі қылқанды өсіндісі (processus spinosus) ұшы екіге айырылған, денесі кішірек , сопақша пішінді. Көлденең өсінділеріндегі тесіктері болады , олар арқылы ми мен басты қамтамасыз ететін омыртқалық артерия мен тамыр өтеді. Көлденең өсінділерінің шеттерінде жұлын жүйкесін шектейтін алдыңғы және артқы төмпешіктері (tuberculum anterior et posterior) бар .
• 6 мойын омыртқаның көлденең өсіндісіндегі алдыңғы төмпешікті ұйқы төмпешігі деп атайды.
•7 мойын омыртқаның қылқанды өсіндісі басқа мойын омыртқаларға қарағанда ұзындау , соған байланысты шығыңғы омыртқа (vertebrae prominens) деп атайды.
2. Кеуде,бел, сегізкөздің ерекшеліктері.
•Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae) саны он екі. Кеуде омыртқаларының бәріне тән омыртқа денесі (corpus vertebrae) болады және көлденең өсінділері (processus transversus) қылқанды өсінділері (processus spinosus) болады. Кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері төмен қарап иеілген болып келеді, және бірігіп шатыр тәріздес жабылады. Кеуде омыртқаларының басқа омыртқаларынан ерекшелейтін белгі; кеуде омыртқаларының бүйір беттерінде жоғарға және төменгі қабырғалық шұңқырлар (foveae costales superior et inferior) болады. 1,10,11,12 кеуде омыртқаларының өзіндік ерекшеліктері бар :1 кеуде омыртқасында денесінің бүйір жағында бір толық қабырғалық шұңқыр және бір жартылай қабырғалық шұңқыр, ал 10 кеуде омыртқасында тек жоғарғы қабырғалық шұңқыр ғана болады. 11-12 кеуде омыртқаларының денесінің бүйірінде бір толық қабырғалық шұңқырлар ғана болады. Кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінде де қабырғалық шұңқырлар болады (fovea costalis processus transversus). Кеуде омыртқаларының жоғарғы және төменгі буындық беттері фронтальды жазықтықта орналасқан болып келеді. Жоғарғы буындық беті (facies articularis superior) фронтальды жазықтықта орналасып, артқа қараған болады, ал (facies articularis inferior) алдыға қараған болады.
...