Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Анатомии"

Автор:   •  Октябрь 31, 2020  •  Шпаргалка  •  11,133 Слов (45 Страниц)  •  789 Просмотры

Страница 1 из 45

№1 Анатомиялық терминология

Анатомиялық терминология дегеніміз - анатомиялық ұғымдарды анықтайтын аймақтар мен дененің бөліктері, мүшелері мен мүшелерінің аттарын білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Анатомиялық терминология -  анатомистер, зоологтар және дәрігерлер сияқты медицина мамандары қолданатын ғылыми терминологияның бір түрі. Анатомиялық терминологияда ежелгі грек және латын тілдерінен алынған ерекше терминдер, Анатомиялық терминологияның тұрақты морфологиясы бар, әр түрлі түбірлерге мағынаны беру үшін бірдей префикстер мен жұрнақтар қолданылады.  Терминнің түбірі көбінесе мүшеге немесе тінге қатысты.  Мысалы, бұлшықет бицепс брахии сияқты құрылымдардың латынша атауларын «musculus» - «бұлшықет», «biceps» - «екі бас», brakhii - қолдың иық аймағы деп бөлуге болады.  Бірінші сөз айтылғанды сипаттайды, екіншісі оны сипаттайды, ал үшіншісі орынды анықтайды. префикстер қолданылады. Анатомиялық терминдер күнделікті өмірде қолданылмайтындықтан, олардың мағынасы өзгермейді. Жалпы анатомиялық терминология бірнеше түрге ажыратылады:                                                        

1)Кеңістіктегі қарым-қатынасты зерттейтін терминдер;                                                                                                            

2)ағзаларды белгілейтін терминдер;                                                                                                                        

3)Негізгі қимылдарды белгілейтін терминдер;                                                                                                    

4)Әр түрлі ағзалардың бөліктерін сипаттайтын терминдер.

№2 Тегістіктер мен осьтер туралы түсінік, олардың сипаттамасы.

Анатомияда жалпы қабылданған өзара перпендикуляр жазықтықтардың белгілеулері пайдаланылады, бұл жазықтықтар ағзалардың бөліктерінің кеңістіктегі орнын анықтайды. Мұндай жазықтықтар үшеу: сагитальды, фронталды және горизонталды. Бұл жазықтықтарда адам денесінің вертикальді қалпы алынады.

Сагитальді жазықтық

Сагитальді жазықтық деп (грекше sagitta-жебе)-жазықтық денені оң (dexter)және сол(sinister) жаққа қақ бөледі.Дене ортасынан өтетін сагиталді жазықтық ортаңғы немесе медиалді деп аталады.

Фронтальді жазықтық

Фронтальді жазықтық(грекше frons-мандай)-мандайға паралель сызық денені алдыға(anterior) және артқа(posterior) бөледі. Вертикалды жазықтықта біз денені садақ оғы бағытында алдынан артына қарай және ұзынынан қақ бөлеміз.

Сагитальды жазықтық дененің дәл ортасынан медиалды өтеді, оны симметриялы оң және сол жақтарға бөледі. Вертикалды жазықтық сагитальды жазықтыққа тік бұрыш жасай өтетін, ал фронталды маңдайға параллелді деп аталады. Ол денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Үшінші, горизонталды жазықтық сагитталды жазықтыққа да, фронталды жазықтыққа да тік бұрыш жасай жүргізіледі. Ол денені жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.

Горизонтальді жазықтық

Горизонтальді жазықтық(грекше horizontos-шектеуші)-жер бетіне қатарласа жататын жазықтық.Бұл жазықтықты дененің бірнеше жерінен жүргізуге болады.Денені жоғары(superior-жоғарғы),төменгі(inferior) бөліктерге бөледі. Бұл үш жазықтық адам денесінің кез-келген нүктесі арқылы өте алады.

Осы жазықтықтарда жекелеген нүктелер мен сызықтардың орындары былай бөлінеді:

1.Орта жазықтыққа жақындау орналасса медиалды(medialis), орта жазықтықтан алыстау жатса, латералды (laterialis) деп белгілейді.

2.Алдыңғы-артқы бағытта: дененің алдыңғы бетіне жақыны – алдыңғы(аnterior) немесе вентралды(ventralis) артқы бетке жақындау болса артқы(posterior) немесе дорсалды(dorsalis) деп аталады.

3.Вертикалды бағытта: дененің жоғарғы жағына жақыны –жоғарғы(superior), төменгі жағына жақыны-төменгі(inferior) деп аталады.

4.Қол-аяқ бөліктеріне қатысты "проксимальді" және "дистальді" деген терминдер қолданылады. Проксимальді (жақын)-денеде қол-аяқтың басталатын жеріне жақын бөліктері,  дистальді(алыстағы)-керісінше, алыс орналасқан бөліктерді белгілеу үшін.

...

Скачать:   txt (140.6 Kb)   pdf (285.7 Kb)   docx (52 Kb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club