Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: nurassem • Май 9, 2018 • Шпаргалка • 5,011 Слов (21 Страниц) • 999 Просмотры
16 Нейрон, ОЖЖ құрылымдық-фунционалды бірлігі ретінде,оның глиальді клеткалармен байланысы.Нейрон қызметі.Нейронда қозудың пайда болуы және таралуы.
Нейрон-жүйке жасушасы.Ол-жүйке жүйесі құрамындағы жеке бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады.Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым.Нейрон пішіні,көлемі жағыннан әртүрлі. Бірақ нейрон болса да, ол дене және талшықтардан тұрады.Нейрон денесі протоплазма, ядро , басқа жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады.Нейрон талшықтары ұзындығына қарай микроннан – метрге дейін аксон ,дендрит болып бөлінеді.Аксон нейроннан ұзын ,ал дендрит қысқа талшық.Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады.Дендрит аксонга қарағанда көп тармақты келед.Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп алаталады.Нейрон түрлері-тармақтарының санына қарай нейрондар мультиополярлы, биополярлы, униполярлы болып келеді.ОЖЖ-жүйке орталығы деп біріңғай қызмет атақаратын жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады.Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.Мәселен, тізе рефлекісінің орталығы жұлының бел омыртқа бөлігінде ,зәр шығару орталығы жұлының сегізгөз бөлігінде ,тыныс орталығы сопақша мидың орта шегінде орналасқан.Сонымен ОЖЖ көптеген жүйке орталықтарын, орталықтар үркерлерінен тұрады.
17 Рефлекс ,оның түрлері.Рефлекстік доға және оның бөлімдері.
ОЖЖ негізі қызметі-рефлекс,тітіркендіруге жауап беру деген мағынада.Рефлекс сөзін тұңғыш рет француз фиолософы Рена Декарт 1664, оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска 1817 ж .Рнфлекс туралы ілімді одан әрі дамытып ,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И:М:Сеченов, И.П.Павлов,П.К.Анохин .Рефлекс дегеніміз-ОЖЖ сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.Рефлекстің морфололгиялық негізі-Рефлекстік доға,яғни қозуды рецептордан жүйке орталығына ,оған шеткі ағзаға жеткізетін жол.Ол 5 бөлімнен,атап айтқанда 1-қабылдаушы құрылым рецептордан,2-ші қозуды орталыққа жеткізетін афферентік жүйеден,3-шы аралық нейрондардан тұратын орталық,4-ші қозуды орталықтан эффекторға апартын эфференттік жүйкеден,5-ші жауап беруші құрылым эффекторлан тұрады.Рефлекс түрлері- морфологиялық және физиоолгиялық ерекшеліктеріне байланысты рефлекст бірнеше топқа бөлінеді.1- ші қабылдағыштардың орналысуына байланысты –ішкі,сыртқы,өзіндік болып бөлінеді,2-ші ЖЖ түрлеріне байланысты денелік вегетативтік деп бөлінеді,3-ші рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми , ортаңғы ми, аралық ми ,алдыңғы ми рефлекстері болып бөлінеді.4-ші қимыл- әрекетіне қарай жұту кірпік қағу жөтелу қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.5-ші орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы тежеуші рефлекстер болады.6-ші Павлов барлық рефлекстерді шартсыз, шартты деп бөлді.7-ші рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп нейронды болып бөлінеді.
18Жұлын.Жұлын сегментінің микро құрлысы .Жұлын сегментінің микро құрлысы. Алдыңғы және артқы түбірлердің құрамы және қызметі.
Жұлын- Жұлын орталық жүйке жүйесiнiң ең ерте түзiлген бөлiгi және организмнiң өте күрделi қозғалыс қызметiн атқарады. Жұлын омыртқа жотасының өзегiнде орналасады, түрi жұмыр желiдей, ортасында сұйыққа толы жұлын өзегi өтедi. Ол тең екi бөлiктен тұрады. Оны алдында орналасқан саңылау және артындағы-жүлге бөледi. Жұлын сегменттi құрылысымен сипатталады. Әр сегмент қос алдыңғы (iшкерi, вентральдi) және қос артқы (арқа тұс, дорсальдi) түбiрiмен байланысады.
Жұлын ортасында сұр заты шетiнде ақ заты жатады Жұлынның ақ заты төменгi бөлiгiне қарағанда, жоғары бөлiгiнде көп болады. Сұр заты көлденең кесiнде көбелек тәрiздi қос алдыңғы, артқы, бүйiрлiк ашалардан тұрады. Жұлынның тең екi бөлiгiндегi сұр заттың ашалары бiр-бiрiмен орталық сұр комиссуральды жабыспа аймағында қосылады. Сұр заттар нейрондар денесiнен, дендриттерден, жартылай аксондардан және глия жасушаларынан тұрады. Нейрон денелерiнiң арасында жүйке талшықтары мен глия жасушалары өсiндiлерiнен құралған тор - нейропиль орналасады. Жұлынның сұр затында айқын шектелген нейрондар тобын көру қиын.
...