Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: zhan0543 • Февраль 19, 2023 • Шпаргалка • 14,357 Слов (58 Страниц) • 169 Просмотры
- Ішкі секреция бездерінің классификациясы.
Эндокринді бездер немесе ішкі секреция бездері деп спецификалық арнайы белсенді зат гормон бөліп, организмнің регуляция қызметіне қатысатын ағзаларын атаймыз. Эндокринді бездер құрылысының ерекшелігі оларда сыртқы өтістер болмайды, түзілген гормондар тікелей қанға немесе лимфаға түседі. Осыған байланысты эндокринді бездерде басқа ағзаларға қарағанда қан тамыр торлары өте жақсы дамыған. Эндокринді жүйенің қылтамырлық торлары созыла алады, ол синусоидалар деп аталады. Эндокриндік жүйенің барлық жұмысы жүйке жүйесі арқылы бақыланады. Қанға түскен гормон бірден бірнеше жүйке орталықтарына әсер етеді. Осы екі жүйенің өзара әрекеттесуі организмнің нейрогуморалды регуляциялық қызметінің жұмысын көрсете отырып, басты орында жүйке жүйесі тұрғандығын көрсетеді. Эндокринді бездер қызметінің реттелісінде гипоталамус маңызды рөл атқарады, себебі ол жүйке жүйесімен және де эндокриндік жүйемен өзара тығыз байланысқан. Қазіргі уақытта гипоталамус пен гипофиз екеуі гипоталамусгипофизарлы жүйені біріктіреді. Гипофиздің алдыңғы үлесінде түзілетін биологиялық белсенді заттар тропты гормондар деп аталады, олардың негізгі қызметі басқа эндокриндік бездердің қызметін реттеп отырады. Оларға адренокортикотропты гормон (АКТГ), тиреотропты (ТТТГ), лютеиниздендіруші гормон (ЛГ), фолликулостимулдаушы гормон (ФСГ), соматотропты гормон (СТГ) және т.б. Бір безден бөлінетін гормондар екінші бір эндокринді безге арнайы әсерін тигізе алады. Гипофиздің алдыңғы үлесінің тропты гормондары қалқанша без гормондарының бөлінуін күшейтеді, ал АКТГ бүйрек үсті без гормондарының өнімдерін ынталандырады. Осы бездерден түзілетін инкреттермен бірге олар гипофиздің тропты гормондарының керісінше тежелуін тудырады. Эндокринді бездер жіктелуі. Негізінен эндокринді бездер жіктелуі генетикалық белгілерге байланысты жіктеледі.
Эндокриндік бездер келесідей жіктеледі:
1. Бранхиогенді бездер желбезекті аппараттың дамуымен байланысты. Оларға қалқанша без және қалқанша маңы бездері жатады.
2. Энтодермалды бездер ұйқы бездің эндокринді бөлігі. Ұйқы бездің Ларгенгас аралшықтары жатады.
3.Мезодермалды бездер дененің екінші куысының бүтін эпителий тінінен дамиды. Оған бүйрек үсті бездің қыртысты заты және жыныс бездері жатады
4.Неврогенді бездер мидың дамуымен байланысты. Оған гипофиз бен эпифиз жатады.
5.Адреналин жүйелік бездер автономды жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің дамуымен байланысты, олар бүйрек үсті бездің милы заты және хромафинді денешіктер.
[pic 1]
- Қалқанша безі: дамуы, даму ақаулары, құрылысы, кызметі, канмен камтамасыз етілуі.
Қалқанша без, glandula thyroidea, ересек адамдағы ішкі секреция бездерінің (ІСБ) ең ірісі.Ол мойынның алдыңғы жағында кеңірдектің алды мен қалқанша шеміршекке жанаса, көлденең көмейдің бүйір беттерінде орналасқан. Без оң және сол үлестен(lobus dexter et sinister) және оларды өзара қосатын қылтадан тұрады. Қылтадан жоғары қарай жіңішке өсінді шығады, ол пирамидалық үлес деп аталады және ол тіласты сүйегіне дейін созылады. Бүйір үлестері төменті жағында кеңірдектің 5 – 6 –шы сақинасына дейін жетеді. Үлестердің (lobus) артқы беті жұтқыншақ пен өңеш қабырғаларына жанасады. Бездің сыртқы беті дөңес, ал ішкі беті ойыс. Қалқанша безді алдыңғы жағынан тері, теріасты шелмайы, мойын шандыры және тіласты сүйегінен төмен жатқан мойын бұлшықеттері жауып тұрады. Мойын шандыры бездің сыртқы қапшығын түзеді, қапшықтан бездің ішіне қарай өсінділер шығып, оны коллоиды бар (оның құрамында иоды бар зат - тироидинболады) түйіншелерден тұратын кішкене үлестерге бөледі. Бездің көлденеңі – 50 – 60 мм, алдыңғы – артқы d– i – 18– 20 мм; қылта деңгейінде 6 – 8 мм. Массасы – 39 – 60 гр. Әйелдерде без массасы ерлерге қарағанда біраз көп және кейде көбейіп тұрады (етеккір келгенде). Құрсақтағы нәресте мен балалық шақта без ересек адамдікіне қарағанда салыстырмалы үлкен болып келеді.
...