Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Анатомии"

Автор:   •  Декабрь 24, 2021  •  Шпаргалка  •  24,399 Слов (98 Страниц)  •  168 Просмотры

Страница 1 из 98
  1. Аквакультурада балықтарды қоректендірудің негізгі мәселелеріне талдау жасаңыз.

Қоректену – зат алмасудың және сәйкесінше кез келген ағзаның тіршілігінің негізі. Ағзаға қорек ретінде түсетін заттар мен энергия асқорыту жүйесінде қорытылып, барлық тіршілік функцияларын қамтамасыз етеді. Заттар мен энергияның бір бөлігі өсу (пластикалық алмасу) үшін, ал екінші бөлігі функционалдық қызмет (функционалдық алмасу) үшін жұмсалады. Қоректендірудің маңызды міндеті – қоректік заттарды пластикалық алмасуға жұмылдыру. Заманауи тауарлық балық шаруашылығы балықтарды рационалды қоректендіруге негізделеді. Балық өсіру процестерін белсендіру деңгейі артқан сайын қоректендірудің рөлі де арта түседі. Қорек пен қоректендіру арқылы тоғанды шаруашылықтарда 70% өнімді, ал өнеркәсіптік шаруашылықтарда 100% өнімді алады. Тауарлық балықтарды өсіру кезінде комби азыққа кететін шығындар жалпы шығындардың жартысынан кемін құрайды. Азықтардың қоректік мәні бірнеше позициялар бойынша бағаланады: балық азықты оңай таба алатындай және көп энергия жұмсамастан қоректене алатындай азықтың көлемі шағын болуы тиіс; азық балықтарға қолжетімді жерде және қажетті кезде орналасуы тиіс; азықтың дәмі мен түсі тартымды, химиялық толыққұнды болып, оңай қорытылуы және қажетті мөлшерде қабылдануы тиіс; азық ағзаның барлық энергетикалық қажеттіліктерін, қалыпты дамуын және өсудің максималды жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс. Табиғи су айдындарында балық қоректік ағзалардың көмегімен қорекпен қамтамасыз етіледі, ондағы қоректің саны балықтардың санын реттейді. Балық шаруашылығы кәсіпорындарында табиғи қоректік ағзалар қоректің бір бөлігін ғана қанағаттандыра алады. Мысалы, балық шаруашылығының тоғандарда ол өсімнің 20-25%-ын ғана құраса, көлдер, өзендер мен теңіздердегі өсімнің 75-80%-ы балықтарды арнайы комбиазықтармен қоректендіру арқылы қол жеткізіледі. Тауарлық балық шаруашылығының, әсіресе, индустриалды шаруашылықтың формаларында, яғни, балықтарды шарбақтарда, бассейндерде, шағын ағынды тоғандарда балықтарды өсіру кезінде балықтардың толық өсуі тек арнайы комбиазықтармен қоректендіру арқылы ғана орындалады. Егер балықтар қоректік заттарды, соның ішінде протеиндер, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер мен өзге де биологиялық заттарды қажетті мөлшерінде алып, өздерінің тіршілік функцияларын атқаруға қажетті энергия мөлшерін игеріп жзатқанда ғана балықтардың жылдам өсуі мен жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады. Балықтардың қоректік заттарға деген қажеттіліктері олардың түріне, жасына, денесінің массасына, семізділігіне, өмір жүру жағдайларына, физиологиялық күйіне, қоректің құрамына, сыртқы ортаның жағдайларына байланысты болады. Балықтың азыққа қажеттілігі зат алмасудың генетикалық шартталған деңгейімен анықталады; қоректі тұтыну шартты рефлекторлық байланыстардың кешенімен реттеледі, оны барлық тірі ағзаларда жалпы тәбет деп атаймыз. Тәбет ас қорыту ферменттерінің секрециясын тудырады, қоректің пайдалы элементтерін қорытуға әсер етеді. Сонымен қатар тәбет балықтың қанында аралық алмасудың болуына, дене жасушаларының қоректі сіңіру деңгейіне, қоректің түсі мен сапасына, судың температурасы мен газ режиміне байланысты болады. Алайда балық шаруашылығында тек балықтардың тәбетіне ғана жүгінуге болмайды, ғылыми белгіленген нормалар бойынша рационалды қоректендіру ұйымдастырылуы тиіс, себебі тым артық немесе тым аз қоректендіру ағзаға зиян болып табылады.

 Балықтарды қоректендіру кезінде бірнеше түсініктерді меңгеру қажет.        Қоректендіру нормасы – балықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ағзаның физиологиялық күйімен шартталатын, қоректік заттар мен энергияға ие қоректің мөлшері. Нормаға сәйкес қоректендіру нормаланған деп аталады.

  Қорек рационы – қоректілігі қоректендіру нормаларына сәйкес келетін азықтың құрамы мен мөлшері. Қорек рационы қоректік заттардың кешенінен тұрады; егер ол балықтардың қажеттіліктеріне сай болсағ онда ол үйлестірілген деп аталады.

...

Скачать:   txt (368.2 Kb)   pdf (753.4 Kb)   docx (409.9 Kb)  
Продолжить читать еще 97 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club