Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: Aidos2001 • Сентябрь 1, 2021 • Шпаргалка • 8,417 Слов (34 Страниц) • 394 Просмотры
№4 Ағымдық бақылау сұрақтары
1. Жұлын нервтерінің қалыптасуы, олардың тармақтары, нервтендіру
аймақтары.
Жұлын нервтері, nn. spinales , 31 жұп болып бөлінеді.
1. мойын нервтері, nn. cervicales, (C1-C8), 8 жұп
2. кеуде нервтері, nn. thoracici (ТҺ1-ТҺ12), 12 жұп
3. бел нервтері, nn.lumbales (Һ1-Һ5), 5 жұп
4. сегізкөз нервтері, nn. sacrales (S1-S5), 5 жұп
5. құйымшақ нервтері, n. coccygeus (Col-Co2), 1 жұп
Түзілуі:
N.spinalis – жұлынның артқы және алдыңғы түбіршіктерінің қосылуынан сабау truncus n.spinalis, немесе бау funiculus, түрінде түзіліп, омыртқа бағанасының каналынан омыртқааралық тесіктер foramina intervertebralia, арқылы шығады да, төрт тармаққа бөлінеді.
1. Артқы тармақ – ramus dorsalis
2. Алдыңғы тармақ – ramus ventralis
3. Дәнекерлік тармақ – ramus communicantes
4. Қабықтық тармақ – ramus meningeus
Жұлын нервтерінің артқы тармақтары
Жұлын нервтерінің артқы тармақтары, rami dorsales nn. spinali, екі жоғарғы мойын нервтерінен басқа, алдыңғы тармақтардан ұсақтау. Барлык арткы тармактар басталған соң буындық өсінділердің латералді бетімен омыртқалардың көлденең өсінділері арасынан артка бағытталады, сегізкоз аймағы тұсында артқы сегізкөз тесіктері аркылы өтеді. Әрбір артқы тармақ медиалді тармаққа, ramus medialis, және латералді тармаққа, ramus lateralis, бөлінеді. Екі тармактың кұрамында сезімтал және қимыл талшыктар өтеді. Артқы тармақтардың соңғы тармақтары тұлғаның дорсалді аймағының шүйдеден сегізкөз аймағының терісінде, арқаның ұзын және қысқа бұлшықеттерінде және шүйде бұлшыкеттерінде аяқталады.
Нервтендіреді: желке аймағының мойын және арқаның дорсалді бетінің терісін және осы аймақтың терең бұлшықеттерін нервтендіреді.
I – ші мойын нервінің артқы тармағы – шүйде астылық нерв n.suboccipitalis, шүйде сүйегімен бірінші мойын омыртқасының арасынан шығады да, желке аймағындағы бұлшықеттерді mm.recti capitis major et minor – 1-2, m.obliqui capitis superior et inferior – 3 – 4, m.semispinalis capitis – 1 нервтендіреді.
II – ші мойын нервінің тармағы – үлкен шүйделік нерв n.occipitalis major, бірінші мойын омыртқасының доғасы мен екінші мойын омыртқасының арасынан шығып, бұлшықеттерді тесіп өтеді де, шүйде аймағының терісін нервтендіреді.
Кеуде нервінің артқы тармақтары: Аутохтонды бұлшықеттерді және осы аймақтығы теріні нервтендіретін медиалды және латералдң тармақтарға ramus medialis et ramus lateralis, бөлінеді.
Ескеретін жағдай: жоғарғы кеуде нервтерінің тері тармақтары тек медиалді тармақтардан, ал төменгі кеуде нервтерінің терілік тармақтары латералді тармақтардан шығады. Және осы тармақтардан ramus cutanei dorsakes laterals, ramus cutanei dorsales mediales шығады.
Үш жоғарғы бел және сегізкөз нервтерінің тармақтары бөксе аймағының жоғарғы бөлімінде тармақталады: Бел нервтерінен келетін тармақтарды бөксенің жоғарғы терілік нерві nn.clinium superiores, ал сегізкөз нервтерінің тармақтарын бөксенің ортаңғы терілік неврі nn.clinium medii, деп атайды.
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары:
Жұлын нервтерінің алдыңгы тармактары, rami ventrales nn. spinalium, бірінші
мойын нервтерінен басқаларында, арткы тармактардан ірілеу болып келеді.
Кеуде нервтерінен баска алдыңғы тармақтар омыртка бағанасының тұсында
өзара байланысып, өрімдер plexus, түзеді. Өрім түзуге кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтарынан Тһ1 - Тһ2 (кейде Тһ3) (иық өрімін) және Тһ12 (бел өрімін) катысады.
Топографиялык алты өрімді ажыратады:
1) мойын өрімі - plexus cervicalis
2) иық өрімі - plexus brachialis
3) бел өрімі - plexus lumbalis
4) сегізкөз өрімі - plexus sacralis
5) жыныстык өрім, - plexus pudendus
6) кұйымшақ өрімі, - plexus coccygeus
Ең алғашқы өрімдерді мойын-иык өріміне plexus cervicobrachialis; қалғандарын бел-сегізкөз өріміне plexus lumbosacralis, біріктіреді. Бұл өрімдер сәйкес алдыңғы тармақтардың ілмек түрінде бірігуінен түзіледі.
Мойын және иық өрімдері мойын аймағында; бел өрімі - бел аймағында, сегізкөз, жыныстық және құйымшақ өрімдері кіші жамбас астауында түзіледі. Өрімдерден денелер перифериясына бағытталатын тармақтар
...