Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Анатомии"

Автор:   •  Ноябрь 23, 2020  •  Шпаргалка  •  5,881 Слов (24 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 24

Анатомия 29.09.2020 Рубежный контроль, Аралық бақылау

1.Анатомиялық терминология

Денедегі барлық ағза мен ағзалар жүйесінде кездесетін бірдей анатомиялық терминдер мен олардың жиынтығынан анатомиялық номенклатура немесе терминология туады.Анатомиялық терминология бүкіл дүние жүзінде латын тілінде жүргізіледі.Анатомиялық терминологияда дене мүшелерінің, органдардың және басқа анатомиялық құрылымдардың кеңістікте орналасуын және дененің екі жақты симметриялы түрімен дәл сипаттайтын арнайы терминдер бар.Кеңістіктегі қарым-қатынасты сипаттайтын терминдер:

  • sagittalis-сагиталді (жазықтықта),
  • transversalis-көлденең,
  • verticalis-вертикалді,
  • horizantalis-горизонталді,
  • medianus-орталық,
  • dexter-оң,
  • sinister-сол,
  • anterior-алдыңғы,
  • superior-жоғары,
  • posterior-артқы,
  • inferior-төменгі,
  • basalis-базальді,
  • lateralis-латералді,
  • medialis-медиалді.

Ағзаларды белгілейтін терминдер:

  • magnus-үлкен,
  • parvus-кіші,
  • major-үлкенірек,
  • minor-кішірек.

Әр түрлі ағзалардың бөліктерін сипаттайтын жалпы терминдер:

  • ala-қанат,
  • area-алаң,
  • arcus-доға,
  • canalis-өзек,
  • caput-басы,
  • collum-мойыны,
  • corpus-денесі,
  • fissura-саңылау және тағы да басқалары.

2.Тегістіктер мен осьтер туралы түсінік, олардың сипаттамасы.

Анатомиялық тегістік-бұл құрылымдардың орналасуын немесе қозғалыс бағытын сипаттау үшін денені кесуге арналған гипотетикалық жазықтық. Анатомияда жалпы қабылданған өзара перпендикуляр жазықтықтардың белгілеулері пайдаланылады, бұл жазықтықтар ағзалардың немесе олардың бөліктерінің кеңісітіктегі орнын анықтайды. Мұндай жазықтықтар үшеу: сагиталді(алдыңғы),  фронталді, горизонталді(көлденең). Осьтер(сызықтар)-буындардағы қозғалу беттеуін немесе ағза ориентациясын анықтауға айналу біліктері қолданатын жазықтықтар қиылысуы. Жазықтыққа осьтері сәйкес келеді: фронталді жазықтыққа-фронталді немесе көлденең ось,сагиталді немесе алдыңғы,артқы.

3. Омыртқалардың белгілері. 

Омыртқа бағанасы,columna vertabralis, бір – бірімен өзара сап түзеп тізбектеліп, орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Омыртқа бағанасы 7- мойын омыртқасынан(vertebrae cervicalis). 12-кеуде омыртқасынан (vertebrae thoracicae), 5- бел омыртқасынан (vertebrae lumbalis), сегізкөз сүйегінен (os sacrum),құйымшақ сүйегінен(os coccygis) тұрады. Ересек адамдарға омыртқа бағанасының сагитал жазықтығының бойында орналасқан 4 иіндері curvaturae:мойын,кеуде,бел,сегізкөздік немесе жамбастық иіндері ажыратылады.Жалпы омыртқалар  , түр өзгешеліктеріне қарай негізгі және жалған омыртқаларға бөлінеді.Негізгі омыртқаларға: мойын,кеуде,бел омыртқалары жатса, жалған омыртқаларға : 1,2мойын ,сегізкөз , құйымшақ омыртқалары жатады. Омыртқа денесінен , доғасынан , жеті өсінділерден тұрады. Омыртқа денесі corpus vertebrae деп омыртқаның қомақтылау келген алдыңғы бөлігін айтады.Омыртқаның артқы беттерінде қантамырлар мен нервтер өтетін қоректік тесікшелер,foramina nutricia,орналасқан. Омыртқаның жоғарғы және төменгі беттері бір – бірімен өзара омыртқалық дискілермен ,duscus intervertebralis, өзара беттесіп , өте иілгіш , серпімелі омыртқа бағанасын (columna vertebralis) құрайды.

  • Омыртқа денесі-Corpus vertebrae
  • Омыртқа доғасы-Аrcus vertebrae
  • Омыртқа денесі мен доғасын қосатын бұрыш-Pediculus arcus vertebrae
  • Омыртқа тесігі - Foramen vertebrae
  • Қылқанды өсінді - Processus spinosus
  • Көлденең өсінді - Processus transverses
  • Жоғарғы буындық өсінді - Processus articularis superior
  • Төменгі буындық өсінді - Processus articularis inferior
  • Жоғарғы беті - Facies articularis superior
  • Төменгі буын беті - Facies articularis inferior
  • Жоғарғы омыртқалы тілік - Incisura vertebrae superior
  • Төменгі омыртқалы тілік - Incisura vertebrae inferior.

4. Мойын, кеуде және бел омыртқаларының ерекшеліктері.

Мойын омыртқасы.Салмақ күшінің аз түсуіне байланысты денелері кішілеу болады.Көлденең өсінделерінде тесіктер болуымен сипатталады.Тесіктер арқылы омыртқа артериясымен венасы өтеді. Көлденең өсінділерінің ұштарында жоғарыдағы қабырға қалдығымен бітусуінен алдыңғы( Tuberculum anterios) және артқы (Tuberculum posterios) төмпешіктер түзіледі.

  • Мойын омыртқасы-Vertebrae cervicales
  • Мойын омыртқасы денесі-Corpus vertebrae
  • Қылқанды өсіндісі-Processus spinosus
  • 1-Омыртқаны – ауыз омыртқа , atlas.
  • Алдыңғы төмпешігі- Tuberculum anterios
  • Артқы төмпешігі – Tuberculum posterios
  • Алдыңғы доға – Arcus anterior
  • Артқы доға – Arcus posterior
  • Латаралдық массасында шұңқыр - Fovea articularis superior
  • Латаралдың төменгі жағында - Processus articularis inferior төменгі буындық өсінді
  • Тіс шұңқыры - fovea dentist

Кеуде омыртқалары басқа омыртқалардан айырмашылығы денесінің бүйір бетінде жоғарғы(foveal costales superior) және төменгі (foveal costales inferior) қабырғалық шұңқырлар орналасқан. I , X , XI , XII омыртқаларда өзіндік ерекшелігі бар.1 кеуде омытрқаның жоғарғы жиегінде толық қабырғалық шұңқыр, ал 11,12 кеуде омыртқа денесінің орталық бөлігінде бір-бірден толық қабырғалық шұңқыр, 10 омыртқада тек жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқыр орналасқан.

...

Скачать:   txt (76 Kb)   pdf (231.8 Kb)   docx (44.2 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club