Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аяқ топографиясы

Автор:   •  Май 1, 2023  •  Реферат  •  724 Слов (3 Страниц)  •  376 Просмотры

Страница 1 из 3

                               Аяқ топографиясы

Шекарасы: 

алдынан- шап жүлгесімен (sulcus inguinalis)

латеральды- мықын қырымен (crista iliaca)

артынан-жоғарғы артқы мықын қырын (spina iliaca posterior superior)-ді құйымшақпен (coccyx)-пен байланыстыратын сызық бойынша;

медиальды- сан-шатаралық қатпарымен;

[pic 1]

Аяқ бөлімі (membrum inferius) сегізкөзге бекіген фиксацияланған бөлімнен (cingulum membri inferiores) және бос бөлімінен (membrum inferius liberum)-нан тұрады. Фиксацияланған бөлімге бөксе аймағының (regio glutealis) сүйектік негізі жататын болса, бос бөлімге сан (femur), тізе (genu),  балтыр (crus), табан (pes)-тан тұрады. Бос бөлімге жататын аймақтар: санның алдыңғы және артқы аймағы (regio femoris anterior et posterior), тізенің алдыңғы және артқы аймағы (regio genu anterior et posterior), сирақтың алдыңғы және артқы аймағы (regio cruris anterior et posterior), сирақ-аяқ басының алдыңғы және артқы аймағы (regio talocruralis anterior et posterior), аяқ басының сыртқы аймағы (regio dorsi pedis), аяқ басының табан аймағы (regio palantae pedis), саусақ аймағы (regio digiti) аймақтарынан құралған.

Аяқ бөлімі сегізкөзбен сегізкөз-мықын буынымен (articulatio sacroiliaca), байламдармен, ал өзара- қасаға симфизімен, санмен- жамбас сан буынымен (немесе ұршық буыны деп атайды) (articulatio coxae)-мен байланысқан.

 Сегізкөз-мықын буыны (articulatio sacroiliaca). (ligamentum sacroiliaca ventralia et dorsalia) сегізкөз-мықын байламдарымен бекіген. Жүкті әйелдерде буын қозғалысы жоғарлайды, босануды жеңілдету мақсатында, ал 50 жастан асқан адамдарда буын қозғалысы шектеулі.[pic 2][pic 3]

[pic 4]

Қасаға симфизі (symphysis pubica)-оң және сол жамбас сүйектерін біріктіріп тұрады. Симфиз талшықты-шеміршекті қасағааралық дисктен (discus interpubicus) құралған. Жоғарыда симфиз жоғарғы қасаға байламымен (lig.pubicum superius), төменнен қасағаның доғатәрізді байламымен (lig. аrcuatum pubis) бекіген.

Байламдар.

Сегізкөз-қылқан байламы (lig.sacrospinale). Байлам сегізкөзден басталып, щонданай қылқанына дейін жалғасады.

Сегізкөз-төмпешік байламы (lig.sacrotuberale). Бйлам сегізкөзден шонданай төмпесіне дейін жалғасады.

Мықын-бел байламы (lig.iliolumbale). Мықын қырының артқы бөлімінен бесінші бел омыртқасының қылқанды өсіндісіне дейін жалғасады.

                                    Жамбас-сан буыны

https://youtu.be/RvbH3Am89Lo -алынған.

Жамбас сан буыны (немесе ұршық буыны деп атайды) (articulatio coxae). Буын жамбас сүйегінің буын ойығынан (acetabulum) және сан сүйегінің басынан (caput ossis femoris)-тің беттесуінен түзілген. Буын беттерінде жамбас сүйегінде, буын бетін құрауға facies lunata тікелей қатысады. Буын басын гиалин шеміршегі жабады. Ал fossa acetabili ол шел майымен толтырылған. Буын беттерінде сонымен қатар, жамбас сүйегінде labrum acetabili буын ерні арқылы буын ойығы толтырылған. Осы labrum acetabili-дан incisura acetabili үстімен өткен кезде lig.transversum acetabili көлденең байлам болады.  Буын қапшығы, жамбас сүйегінде осы айтылған буын беттерін және буын ернін қаусырып бекиді де, ортан жіліктің (сан сүйегі) алдыңғы жағында linea intertrochanterica-ға, ал артқы жағында crista intertrochanterica-ға жетпей бекиді. Қосымша элементтеріне келетін болсақ, буын ішінде lig.capitis femoris анықталады және оны lig.teres деп атайды. Ол lig.transversum-нан басталады да, ортан жіліктің басының ойығы fovea capitis femoris-қа тартылады. Бұл байлам арқылы ортан жіліктің басының қан тамырлары өтіп тұрады. Бұдан басқа, spina iliaca anterior inferior-дан басталатын linea intertrochanterica-ға қарай буын қапшығының бетімен тартылатын lig.iliofemorale (Биртини, Бигелоу) байламы болады. Бұдан басқа, қасаға сүйегінің жоғарғы тармағынан буын қапшығына қарай тартылатын lig.pubofemorale (немесе lig.pubocapsulare) деп атайды. Және шонданай сүйегінің денесінен буын қапшығына қарай тартылатын lig.ischiofemorale (lig.ischiocapsulare) байламы болады. Бұдан басқа буынның қосымша элементтеріне zona orbicularis-ті анықтауға болады және оны Вебер байламы деп атайды. Ол spina iliaca anterior inferior-ға жетпей орналасады да, ортан жіліктің мойнын қаусырып, қайтып сол жерге бекиді де, ортан жіліктің жамбас сүйегіне қарай тартып тұрады. Буын тостағанша тәрізді буындарға жатады, сондықтан ол көп осьті буын болғандықтан, 3 осьте де қозғалыс жасайды.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (585.2 Kb)   docx (694 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club