Өткен және қазіргі кездегі шынайы рухани көшбасшылар
Автор: Lyazzat2005 • Февраль 24, 2022 • Реферат • 1,539 Слов (7 Страниц) • 391 Просмотры
Өткен және қазіргі кездегі шынайы рухани көшбасшылар
Жоспар:
Кіріспе Көшбасшылық-үлкен міндет Негізгі бөлім Қазақтың даңқты хандары Елбасы еткен еңбектері Қорытынды Болашақ көшбасшы мен елдің қолында
Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
(қазақ елінің мақалы)
Көшбасшылық – бұл тек қана елді басқару ғана емес ,бұл дұрыс шешім қабылдау ,бұйрық бере білу ,тыянақтылық ,және өте үлкен жауапкершілік.Ал біздің еліміздің басшылары осы қасиеттерді өз бойларында қамтығандықтарынан елді осындай үлкен дәрежеге жеткізді.Осындай ерең еңбектері үшін мың алғыс .Әр уақытта ел мен ел басшы бірге дамып ,бір біріне қолдау көрсеткен.Біздің елімізде көшбасшыларын әрқашан мақтап ,даңқын шығарып ,мақтанышпен естеріне алған.Міне қазірде мен жүрегімде мақтаныш сезімімен көшті бастап биікке көтерген адамдардың тарихын жазып отырмын.
Көреген басшы елді өсіреді,
Күшті майдан ерді өсіреді.
Дегендей көреген хандарымыз өз жұмысын өте белесті атқарды.Ең алғашқы қазақ елінің ханы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін құрайды .Келесі Қасым хан елдің көптеген соғыстан жеңіп жер үлкейтуін қамтамасыз етеді .Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналады. Хан аталарымыз болшақта келесі елдің бейбіт әрі тату болғанын қалап Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтарын жазып кетеді. Осылайша еліміздің әрбір ханы қазақ еліне үлкен үлес қосады.Елдің Хақназар ,Есім хандардың тұсында өркендеу деңгейі артады .Алайда осы уақыттың бәрінде қазақтар үш жүз болып бөлінген еді .Әрине бөлінгенді бөрі жейді демекші қанша бейбіт ,ержүрек ел болсақта шашыраңқы
...