Елдімекендердікөгалдандыру, оның принциптері
Автор: Арайлы Закиева • Январь 23, 2022 • Доклад • 1,264 Слов (6 Страниц) • 257 Просмотры
Дәріс 1 . Елдімекендердікөгалдандыру, оның принциптері.
- Көгалдандыру, ландшафттық дизайн туралы түсінік.
- Адамзаттың шөпті және ағашты сәндік өсімдіктерді қолдану тарихы.
- КӨГАЛДАНДЫРУ– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады.
Ландшафт дизайны, ландшафт архитектурасы -бұл үш бағыттың тоғысында орналасқан өнер: бір жағынан сәулет, құрылыс және дизайн (инженерлік аспект), екінші жағынан ботаника және Өсімдік шаруашылығы (биологиялық аспект) және үшінші жағынан ландшафт дизайнында тарих (әсіресе мәдениет тарихынан) және философия туралы мәліметтер қолданылады.
Сонымен қатар, көгалдандыру және абаттандыру бойынша практикалық іс-шаралар ландшафт дизайны деп аталады.
Ландщафтық дизайн - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта архитектуралық және скульптуралық элементтермен, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнері
Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ бұрышын құру.
Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек.
Ландшафтық дизайнның ежелгі формасын жобалауда чектерді жатқызуға болады және ол египеттіктердің үлесі. Ніл өзенінің жағалауындағы бөлінген орындар уақыт өте келе сәнсалтанатты үй маңының бағына айналған. Біздің эрамызға 4-5 мыңжылдықта ауқатты египеттіктердің декоративті бағы туралы мәліметтер сақталған.
Ежелгі египеттіктердің бағынан гректердің бағы декоративті және ерекше (көгалдандыру массиві террасса түрінде,безендірудің көптігімен, фонтандармен бұралмалы баспалдақтармен айрықшаланды.
Орта ғасырда бақтарды және саябақтарды жобалау асаөзгеріске ұшырамады, регулярлы болып қала берді. Участоктарды квадраттарға және тікбұрыштарға қажетінше бөлді, ол жерлерде емдік шөптер және жеміс- жидек түрлері өсірілді, бірақта бұралаңқы бір- бірімен қосылған жолдар пайда болды. Көкораймен алқаағштарды орта ғасырда ботаникалық бақ деп айтуға болатын. 17-18 ғасырда ландшафтық дизайнерекше танымалдыққа айналды 18 ғасырдыңекінші жартысынан бастап бақ- саябақ өнерінде регулярлы стиль пайда болды, яғни бір осьтен таралатын симметриялы таңдаулы композиция жасау( архитектуралық ғимараттар, фонтандар, скульптуралық композициялар, әңгімелесетін орын, галерея, каскадтар) және басты ғимараттан бақ немесе саябақтың түкпіріне жетелейтін сәулелі, диагональды аллеялар ұйымдастыру қарастырылды.. Отырғызуларға ағаштармен бұталардың желектері геометриялық дұрыс пішінді, қырқу- шырпуды жақсы көтеретін дері алынса, ал таңдаулы, әдемі гүлдейтін декоративті тікбұрышты және квадратты клумбалар құрылды .
...