Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауа райының мен халық болжамдарының сәйкестігі

Автор:   •  Ноябрь 2, 2020  •  Творческая работа  •  3,420 Слов (14 Страниц)  •  497 Просмотры

Страница 1 из 14

Аннотация.

Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістің үлкендердің болжамымен сәйкес келуін зерттеу.

Зерттеудің болжамы: Атамның өсімдіктер мен жан-жануарларға қарап ауа райын болжауы сәйкес келіп, ауа райының өзгеріп отыруы анықталды. Содан соң мынадай сұрақ туындады: Ауа райының өзгерісін алдын ала қалай байқайды? Бұндай болжау қай уақыттарда дамыған?

Мен ауа райын 2019 жылдың сәуір-2020 жылдың қыркүйек айына дейін бақыладым.

Міндеттері:

1. Ауа райының элементтері мен құбылыстарына бақылау жасау:

2. Ауа райындағы өзгерістердің атамның болжамдарымен сәйкес келуін анықтау.

3. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау.

4. Сауалнамалар жүргізу. Күнделік арнау. «Бақылау барысындағы ауа райы» фотосурет топтамасын дайындау.

Тәжірибенің әдістемесі: жоба жетекшісінен ақпарат алу, бақылау, қорытындылау, зерттеу жүргізу.

Жұмыс тәсілдері:

- Жоба жетекшісінен жетіспеген ақпараттарды алу;

- Атамның болжамы бойынша ауа райына бақылау жүргізу;

- Ауа райы және адамдардың метеотәуелділігі туралы әртүрлі ақпарат

көздерін іздестіру;

- Фотоматериалдармен жұмыс, күнделікті ауа райын фотосуретке түсіру;

- Мәтінді теру;

- Сауалнама жүргізіп, қортындысын өңдеу;

- Күнделікпен жұмыс;

- Ғаламтормен жұмыс;

Жұмыстың нәтижелері: Өз қызметінің рефлексивті анализін жасауға , бақылау, сауалнама жүргізуге арналған парктикалық әдебиеттерге анализ жасауға.

Ойлау қызметінің әдістері:

Анализ , дәлелдеу, жалпылау, салыстыру, болған жайды анықтау.

Жобаның жаңалығы: Белгіленген кезеңде жергілікті жердің ауа райын бақылап, оның көрсеткіштерін қортындыланды. Сауалнама жүргізу арқылы кейбір адамдардың ауа райын болжауға бейім екенін анықтады.

Ұсыныс: Материалды дүниетану, жаратылыстану сабақтарында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс шараларда пайдалануға болады. Балалар үшін атадан ұрпаққа тараған ауа райын болжау бейіміне төселуі үшін өте жақсы материал бола алады.

М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Ауа-райына байланысты болжамдар ерте заманнан дамыған.

2.2 Ерте кездегі қазақ есепшілері.

2.3. Ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс-тәсілдері.

2.4. Зерттеу бөлімі.

III. Күнделік беттері.

IV. Қорытынды.

V. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

«Жазғытұры қалмайды кыстың сызы.

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі»

Абай Құнанбаев.

Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді. Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеорологиялық станса бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді.

Мен зерттеу жұмысымды

...

Скачать:   txt (40.2 Kb)   pdf (66.9 Kb)   docx (20.7 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club