1000В - қа дейінгі үш фазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің әсер ету тиімділігін бағалау
Автор: Rinatbekenov • Июнь 1, 2022 • Лабораторная работа • 1,750 Слов (7 Страниц) • 383 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы
З Е Р Т Х А Н А Л Ы Қ Ж Ұ М Ы С №5
Тақырып: 1000В - қа дейінгі үш фазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің
әсер ету тиімділігін бағалау
Пән: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ
Мамандығы:«5В071800 Электроэнергетика»
Орындаған: Бекенов Р
Тобы: РЗиАЭЭСук-19-17
Қабылдаған: Дуйсенбек Ж
________ ___________ «____» _________ 2021 ж.
(баға) (қолы)
Алматы 2021 ж.
1000В - қа дейінгі үш фазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің
әсер ету тиімділігін бағалау
Жұмыстың мақсаты: 1кВ – ке дейінгі кернеуі, бейтарап жерге тұйықталуы бар үш фазалық бес сымды желілердің нөлдену әрекетінің тиімділігін бағалау.
Жұмыстың мазмұны
1.1 РЕ - өткізгіштің қайта жерге тұйықталуынсыз желіге нөлдеу әрекетінің тиімділігін бағалаңыз.
1.2 РЕ – өткізгіштің қайта жерге тұйықталуы бар желіге нөлдеу әрекетінің тиімділігін бағалаңыз.
1.3 РЕ – өткізгіштің үзілген кезінде қайта жерге тұйықталуын пайдалану тиімділігін бағалаңыз.
Тәжірибе қондырғысының сипаттамасы
Зертханалық тақташа (стенд) қоректену көзі бар үш фазалық электр желісі бар үлгіден, аса жоғары тогы бар қорғау құралынан, тұрақты және ауыспалы кедергілері бар 3 жерге тұйықталудан, тұтынушыдан, тақташаның әртүрлі нүктелерінде ток және кернеуі бар, уақыттық сандық өлшеуден тұрады. Тақташаның қоректенуі 220 В ауыспалы токтың бір фазалық желісімен жүзеге асады. Қосу «Желі» ажыратқышының көмегімен орындалады.
Зертханалық тақташа қауіпсіз және төмен кернеуде орындалатын үшфазалық электр желілердің үлгісі болып табылады. Оның көзі ретінде үшфазалық кернеудің өзгерткіші (генератор) қолданылады.
Тақташа құрамына жататын сандық өлшеу аспабы тиімді мәндерді өлшейді және ол өлшем коэффициентін ескере отырып дәл бөлінген. Олар әрқашан 220/380 вольт кернеуде нақты үлгіленетін желіде пайда болатын кернеу мен токты көрсетеді.
Сондықтан өлшеу үшін тақташадағы өлшеу аспаптарын қолданыңдар.
Тақташа жабдықтың ашық ток өткізгіш бөлігінде түрлі жерге тұйықталу және нөлдену нұсқауларын және бейтарап тәртіптерді үлгілеуге болатын маңдайшалармен жабдықталған.
Қысқа тұйықталу пайда болған кезде қорғау істен шыққан уақыт секундтық үлесін арттырмаса тақташадағы қорғау істен шыққан уақыттың сұлбасында бар тоқ пен кернеуді өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы «Апат тәртібі» құрылымында қарастырылған. Осы тәртіпке ауысу үшін «Апат тәртібі (режим)» батырмасын басыңыз. Тәртіптен шығу батырманы қайта басып жүзеге асырылады. Маңдайша мен қорғаныштың кез келген автоматты ажыратқышының, ажыратып-қосқышының орны ауысқан кезде «Апат тәртібі» автоматты түрде төмендейді.
«Апат тәртібі» қорғау іске асырылғаннан кейін ғана және автоматтар, маңдайшалар және ажыратып-қосқыштардың орны ауысқан жағдайда ғана мүмкін екендігіне назар аударындар.
Кернеуді өлшеу жеткізу жинағына кіретін өткізгіштердің көмегімен тақташаның кез келген бақылау нүктесіне вольтметрдің кіріс ұяшығының жалғануы арқылы іске асырылады. Біріктіргіш өткізгіштер мен маңдайшалар тақташаның төменгі бөлігінде орналасқан жылжымалы жәшікте сақталады.
Сұлбаның нақты тізбегінде токты өлшеу үшін амперметрлер тақташаның беткі тақтасында бейнеленген.
...