«Toyota» ТҚКС-ын технологиялық жобалау және есептеу
Автор: abzik09 • Август 29, 2019 • Курсовая работа • 12,477 Слов (50 Страниц) • 796 Просмотры
Мазмұны
1 «Toyota» ТҚКС-ын технологиялық жобалау және есептеу | 3 |
1.1 ТҚКС-ның өндірістік қуатының негіздемесі | 4 |
1.1.1 ТҚКС-ның негізгі көрсеткіштері | 6 |
1.2.1 Жобалаудың бастапқы мәліметтері | 6 |
1.2.2 ТҚКС жылдық жұмыс көлемін есептеу | 6 |
1.2.3 Өзіне-өзі қызмет көрсету | 7 |
1.2.4 Өндірістік жұмысшылар санын есептеу | 8 |
1.2.5 Бекеттер мен автокөлік-орындар санын есептеу | 10 |
1.3 Өндірістік жайлардың аудандарын есептеу | 14 |
1.4 Қоймалар мен тұрақтар аудандарын есептеу | 16 |
1.5 Қосалқы жайлардың аудандарын есептеу | 18 |
2 Диагностика аумағының экономикалық есебі | 19 |
2.1 Негізгі қорлардың құны | 19 |
2.2 Жұмысшылар еңбегі мен еңбекақысын ұйымдастыру | 21 |
2.3 Материалдар мен қосалқы бөлшектерге кеткен шығындарды анықтау | 25 |
2.4 Үстеме шығындарды есептеу | 26 |
2.5 Орындалатын жұмыстардың өзіндік құнының калькуляциясы | 31 |
2.6 Өндірістік буынның қаржы көрсеткіштерін және қаржы салымдарының экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау | 32 |
1 «Toyota» ТҚКС-ын технологиялық жобалау және есептеу
1.1 ТҚКС-ның өндірістік қуатының негіздемесі
Техникалық қызмет көрсету жүйесі машиналарды жұмысқа қабілетті күйінде ұстаудың біздің елімізде қалыптасқан жүйесінде өзінің орнын иеленуі керек, бұл жүйеде барлық жауапкершілік техниканы пайдаланатын ТҚС-тарға жүктеледі, бұның үстіне, жөндеу-пайдалану базаларының көп бөлігі аса мүшкіл күйде (диагностикалау жабдығымен жабдықталуы 7 … 9%, сынақ стендтерімен жабдықталуы 30%, ТҚК мен АЖ –ның мобильді құралдарымен жабдықталуы 30 … 40% және т.б.).
Автокөліктердің техникалық сервисін дамыту стратегиясын таңдау негізінен фирмалық қызмет көрсету жүйесінің принциптері мен тапсырмаларымен анықталуы тиіс, алайда, бұл жағдайда, әрине, елдегі экономикалық жағдай, машинажасау саласының күйі, шығарылатын өнім сапасы, салаларды дамытудың қабылданған тұжырымдамалары және т.б. ескерілуі тиіс.
Қазақстанның автокөлік нарығында ВАЗ автокөліктері басым – шамамен 45% және ГАЗ – 15%. Шетел маркалы автокөліктердің меншікті салмағы елеулі артты. Олардың басым бөлігі – пайдалануда болған автокөліктер. Қазақстанда жаңа шетел автокөліктері де айтарлықтай улкен көлемде сатылуда.
Осы уақытта ҚР автокөлік паркының серпіні соңғы жылдардағы жоғары өсу қарқындарымен сипатталады. Еліміздің автокөлік құралдарымен меншікті қаныққандығының көрсеткіші бұдан да жылдам қарқынмен өсуде. ҚР автомобилизациялануы жоғары деңгейлі елдерге жатпаса да, 1000 адамға шаққандағы автокөліктер санының қарқыны ұдайы өсуде. 1972ж. ол 8 жеңіл автокөлікті құрады, 1990ж. – 59, ал қазір – 120-150. Автопарк саны мен 1000 адамға шаққандағы автокөліктер санының өсімі соңғы жылдарды ерекше қарқынмен жүруде. Өндіріс өсуінің қарқындары шетел модельдерінің қазақстандық бірқатар зауыттарда құрастырылуын ұйымдастыру есебінен тағы артуы тиіс. Сарапшылардың есептеулерінше, 2013 ж. қарай ҚР-да автокөлік өндірудің жалпы көлемі 0,7 млн. данаға дейін жетеді. Бұдан басқа, айтылып өткендей, елімізге жаңа және ұсталынған шетелде өндірілген (шетел маркалы) көліктерінің әкелінуі айтарлықтай артты. Сонымен қоса ҚР халқының саны әртүрлі себептерге сәйкес баяу артуда, бұл ҚР-дағы автокөлік «қанықтылығының» артуына елеулі түрде әсер етті.
...