Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ философиясы тарихының қалыптасуы

Автор:   •  Март 18, 2021  •  Реферат  •  895 Слов (4 Страниц)  •  454 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ философиясы тарихының қалыптасуы

Жоспары

1. Аманжол Қасабек ағамыздың қазақ философиясы жөніндегі ойлары

2. Қазақ философиясының қалыптасуы

Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, Цицеронды, Демосфенді оқымаған, олардың ілімін білмеген, алайда даналығы мен шешендігі солардан бір саты да кем емес бабаларымыздың болғандығына тарихымыз куә. Алайда, кешегі кеңес үкіметі кезінде қазақтың тарихы да, мәдениеті де болған жоқ деген жалаң саясат ұстанды. Міне, сол кезде «Қазақ философиясы» деген алғашқы кітап жарық көрді. Ол кітаптың авторы Аманжол Қасабек ағамыз еді. Сол заманда тарихы да, мәдениеті де жоқ елдің философиясы болды дегенге ешкім сенбеген болу керек. Жалпы осы кісінің кітабы арқылы әлем қазақ философиясынан хабардар болмаса да, кеңес үкіметінің кезіндегі халықтар қазақта философия бар екенін білді деуге болады.

Аманжол Қасабек ағамыз бір сөзінде: «Батыстың философиясы ғылымға айналған дүние. Ол жалпы дүниенің заңдылықтарын зерттейтін ғылым атанып кеткен. Ал біздің ата-бабаларымыз басқаша қараған. Бізде философия ғылым емес, пән емес оқытатын. Қазақ үшін қазақтың философиясы бұл – өмір салты деп қараған.

Ағамызға осы кітабын жазар алдында мүйізі қарағайдай академик, ғалымдарымыздың өзі Аманжол ағамыздан: «Бұл ісің дұрыс па, қарағым?! Қазақта философия болған ба еді?!» деп таңырқай қараған деседі. Сонда Аманжол ағамыз былай деп жауап қатқан екен: «Халық болған соң, халықтың даналығы болады, даналықтың тарихы болады, даналықтың ой-саптамасы болады» деп кітабын жазып шығады. Бұл кітап философия жөніндегі тұңғыш кітап болмаған, десе де Аманжол ағамызға дейін кеңес одағы тұсында Ғарифолла Есім, Тұрсын Ғабитов сынды ағаларымыз мәдениет, тарих тұрғысынан, Сегізбаев таптық көзқарас тұрғысынан ғана жазып қалдырған болатын. Ал, Аманжол ағамыздың кітапты жазудағы мақсаты-елдік сананы ояту болатын.

Аманжол ағамыздың зерттеуінше қазақтың философиясы сонау тайпалық дәуіріндегі кезең бойынша айтсақ, гректің 7 ғұламаларының біріншісі болып саналатын Анархасистан (скиф) бастау алған деседі. Ал өзіміздің қазақ деген атаумен тарих сахнасында пайда болған уақыты, анық қазақ философиясы Асан қайғыдан бастау алатынтығын айтты. Яғни, Қазақ хандығы құрылған уақытпен тұспа-тұс келеді.

Аманжол Қасабек: «Біздің бабаларымыз бес мыңжылдық уақыт бұрын айтып кеткен нақыл, қанатты ой саптамаларын Конфуций үш мыңжылдықта қағазға түсірген. Ал біздің бабаларымыз ауызша таратып, қағазға түсіре алмаған.»

Қазақтың ата тегiнiң мəдениетiне назар аудару ондағы этностың менталитетi ұғымын түсiнуге мүмкiндiк бередi. Яғни, бұдан қоғам мүшелерiнiң барлығына қатысты жəне индивидуалдық деңгейде көрiнетiн қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау жəне психика құрылымын ұғынамыз. Мəдениеттiң бұл „ферментi” əрбiр адамның əлеуметтiк мiнез құлқында шешушi рөл атқарады. Өйткенi ол оның санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозғалыстың жолын айқындайды, сан қилы өмiр сəттерiне бағдар бередi, ең бастысы, барлық объективтi мүмкiндiктердiң iшiнен өз қалауын таңдауға жөн сiлтейдi. Егер түйсiк дəрежесiндегi қалау архетиптiк қалыптың базасында жүзеге асып, инстинктер импульстерде көрiнiс тапса, ал менталитет „ғылыми мiнез-құлық” пен əдет-ғұрыптардың жиынтығы негiзiнде бағдар таңдауы талап етедi, бұларды тəрбие мен бiлiм беру т.б. арқылы коллектив бередi.

Қазақтың

...

Скачать:   txt (11.9 Kb)   pdf (43.7 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club