Шпаргалка по "Философии"
Автор: adauletova139 • Июнь 14, 2023 • Шпаргалка • 4,811 Слов (20 Страниц) • 245 Просмотры
1.Аристотель философия таң қалудан басталады деп есептеген.Философия дегеніміз не? Аристотельдің философия тіршілік етіп , тұрғандардың болмысына таңқалудан басталады деп санаған. Мен бұл оймен толық келісемін. Өйткені жер бетіндегі әрбір тірі жәндік өзінше әдемі және ерекше. Әр бір адам басын дүниенің қауырт жұмыстарынан көтеріп, жанжағына зер салса, қалай жаны рахаттанады. Айналаға зер салып, қараса бірақ бұл жолы бұрынғы көзімен емес, басқа болмыспен қараса, ол қарапайым нәрсеге таңқалып ғибратланады. Яғни мысалы дән тасып жатқан құмырсқа немесе гүлден-гүлге қонған араны байқап, олардың өзіне жүктелген жұмысын қалай тиянақты атқарап жатқанына, жай ғана қарау арқылы, олардан қанша тәлім тәрбие алуға болады. Яғни адам күнде көріп жүрген нәрселеріне жай ғана қарай салмай, одан ғибрат алу үшін басқаша қарай алу керек. Адам бұл дүниеге келген соң, ойлануы тиіс, неге мен бұл дүниедемін және менің бұл дүниеде міндетім қандай? Мен маған жүктелеген міндеттермен парыздарымды атқарып жүрмінбе? Және менің мақсатым қандай? Мен осы мақсат жету үшін дүние сынақтары немесе қиындықтарына төзе алам ба? Бұл сұрақтармен ойлану арқылы адам іштей есейіп, алдына мызғымас мақсаттар қояды. Сол мақсаттарға жету үшін бар қиындықты жеңіп, шығады. Біреулер өмірінің мәнін діннен ал біреулер ғылымнан табады. Осы сұрақтары философия пәні зеріттейді, қысқаша айтанда адамның дүниеде алатын орнын зеріттейді. Адам басқа жануарлардан несімен ерекшеленеді, көптер ойлайды адамдар сөйлей алады деп, жоқ тотықұста сөйлейді, бірақ саналы ойланбайды, түсінбейді. Ал адам сөйлеген нарсесінің жақсы не жаман екенін, айтып тұрған сөзі жеткізіліп тұрған мақсатқа сәйкес келетінін не келмейтінін түсіне алады. Яғни менің ойымша жоғары ойлаумен-білім даналықты, даналық болса ,философияны береді. Жалпы философия сөзін грек ойшылы Пифагор енгізген, яғни филео жақсы көремін, софия даналық (даналықты жақсы көремін). Философияның жалпы 3 мағынасы бар. 1-Философия - бұл дүниеге көзқарастың жоғарғы тарихи түрі. 2- философия бұл өзінің пәнімен, айналысатын мәселелерімен ұғымдарымен әдістерімен ерекшеленетін ғылым. 3-Философия қоғамдық сананың формасы,яғни қоғамның рухани өмірінің бір саласы. Негізнен қазіргі ең дамыған пәндер бастауын осы философиядан алады.Философияның үш үлгісі бар. 1 Космоцентризм- әлемді ғарыш арқылы түсініп тұжырымдайды. 2- Теоцентризм- барлық тіршілікті Құдай жаратты деп тұжырымдайды. Антропоцентризм- негізігі орталық мәселе адам болып табылады. Бұл үш үлгініңде өзінің даму және шарықтау шегі бар болып табылады. Мен өз өміріме философияның Теоцентризм үлгісін ұстанамын. Яғни мен Күллі әлемдерді жаратқан Алла бар екендігі және ол адамдарды дұрыс жолға салу үшін, өз шапағатынан пайғамбарлар жіберетіндігіне сенемін. Бірақ мен Діни философиямен ғана өмір сүре алмаймын ғой. Сондықтан мен қазір ғылыми философиямен діни философияны бірге алып жүремін. Құдай білімді пендесін жақсы көреді деп есептеймін. Сондықтан мен Платонның идея бірінші пайда болған ал, материя екінші дегенге толықтай келісемін. Және мен Демокриттің материя бірінші, идея екінші дегенмен келісе алмаймын, бірақ оны жоққа шығара да алмаймын. Жалпы қортындылай айтсам, философия бізге жалпы не үшін қажет? Философия- бізде, ойлау мәдениетін қалыптастырады. Яғни байыпты, дәлелді, логикалық, толерантты, ғылыми, заманауи, жасампаз ойлау. Яғни біз ойлау мәдениетін жақсы меңгерсек, біз жақсы маман болып шығамыз.Өйткені бізге тарихтан белгілі көптеген билер, қазылыр, данышпандар, ақындар болған олар ел ішінде үлкен құрметпен сыйланған. Яғни философияны меңгеру адамда жақсы әдеттер мен жағымды мінез қалыптастырады, ол ортада сыйлы болуға көмектеседі. Жалпылай айтқанда, біз философия оқу арқылы дүниеге жаңа көзқарастар аламыз, толерантты санамыз ашық жақсы маман болу арқылы, өз мемелекетімізге пайдамызды береміз. Мен ақша немесе қымбат заттарды мақсат еткен емеспін, керсінше менің мақсатым өз елімнің дамуына үлес қосу, өмірде өз орнымды, тауып, белгілі бір мамандық иесі атанып, Бір Құдайға сиынып, бақытты ғұмыр кешу. Маған бұл мақсаттарға жету үшін философия пәнін жақсы меңгеріп қосымша нұсқаулық ретінде қолдануым керек. 2.Сана,Жан,Рух,зерде,бейсана,өзіндік сана. Сана - адамның өзін- өзі ойлай алатын, өзін тани білетін, дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Адамзат өмірінде ойлау мәдениеінде сана ұғымы "жан", "ақыл", "парасат", "рух" туралы түсініктермен байланысты. Сананы екі түрлі түрлі филосопиялық тұжырыда қарастырсақ болады. Идеалистік және материалистік тұжырымдама. Идеалистік тұжырымда Гегель объективті идеализм бойынша талдаса, Р.Декарт және Дж. Берклин сананы субъективті иделизм бойынша айтқан болатын. Гегель адам санасын- дүниежүзілік рухтуң бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы деп айтса, Ал Р.Декарт Және ДЖ. Берклин сана туралы былай айтқан: " Сана-бұл өзі туралы түсінігі бар, өзін өзіне жеткілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті". Матеиалистік тұжырымда- сана материяның туындысы адам миының объективті шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Оған мысал ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясын алсақ болады. Дене өлгенде санада жойылады. Сананы -гносеология мәселе ретінде қарастырсақ, гносологиялық жағынан сананың өмір сүру тәсілі- таным білім алу. Сананың басты белгісі-ұғымдарды қалыптастыру. Ұғым,пайымдау, ой тұжырымы -ойлаудың формалары. Сана белгілі бір дәрежеде- өзіндік санаға айналады. Сана сезім-өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Өзіндік сана дегеніміз- адам өзінің кім екенін ойлай алатын, бойындағы күш қуаты мен ақыл-ой қабілеттілігін , іс-әрекетерді істеу барысындағы ниеті мен мақсатын-міндетін, өзге адамдарға, өз өзіне деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтап аңғаруы. Қазіргі Қасақстанда рухани жағынан жаңғыру тұлға санасынң ашықтығы мәселесі қойылуда: яғни алдыңғы қатардағы мемлекеттерге жетіп, алдыңғы қатарлы мемлекет болып сол елдердің тәжірбиесімен алмасып қабілеттіліктерді жетілдіру болуда. Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, әлеуметтік топқа , ұлтқа қажет. Ұлттық өзіндік сана- ұлттық қауымдағы адамдардың идеаларын, мәдени нормаларын,дәстүрлерін, тұрмыстық жағдайларын мен мүделерін білетін сипаттайтын сезімдер мен түсініктердің жиынтығы. Бейсана- субъектінің санасының сферасына кірмейтін, яғни оған қатысты сананың бақылауы жоқ психикалық процестермен мен құбылыстардың жиынтығы. Сондай-ақ, бейсаналық псикихалық бейнелерге тән қасиет Карл Густав Юнг бойынша кез келген құбылыс бір дәрежеде бейсаналыққа айналуы мүмкін. "Бейсаналық" термині философия, психатрия, психофизиалогия, заң ғылымдары өнертану және де басқа да пәндерге қолданылады. Зигмунд Фрейд жүзеге асыру кезінде адам білмейтін көптеген әрекеттердің бейсаналық сипаты бар екенін айтты. Біздің жасырын қалауларымыз бен қиялдарымыз бейсаналық түрде басылады, олар қоғамдық моральға және жалпы қабылдаған мінез-құлық нормаларына қайшы келеді, сонымен қатар бізді саналы болу үшін тым көп алаңдатады. Ол осы немесе басқа мотивацияның арманда, невротикалық белгілерде де және шығармашылықта қалай көрінетінін зертеді. Адам мінез-құлқының негізгі реттеушісі субъектінің ынтасы мен қалауы екені белгілі. Емдеуші дірігер ретінде ол осы бейсаналық тәжірбиелрмен мотивтер өмірге ауыр салмақ түсіруге және тіпті жүйке-психикалық аурулардың себебі болуы мүмкін екендігімен бетпе-бет келді. Бұл оны талдаушыларды санасының айтқандары мен жасырын, соқыр бейсаналық мотвтер арасындағы қайшылықтардан арылту құралдарын іздеуге бағыттады. Осылайша психоанализ деп аталатын жанды емдеудің Фрейдтік әдәсі дүниеге келді. Сонымен Фрейдтің пікірінше," бейсаналық- санамен қатар тіршілік ететін және белгілі дәрежеде сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық". Бейсаналық тіршілігінің ерекше формасы-түс. Фрейд пікірінше, түс-шын өмірде іске аспай жасырын жатқан адам тілектері мен ұмтылыстарының орындалуы мен көрініс беруі.Өмір мен өмірдің арасын жалғастырып тұратын тіршілік иесі жан екеніне күмән жоқ. Философияда айтатын болсақ осы Брахманизм филасофиясында жан туралы түсініктер әр түрлі болған. Брахман-ғарыштық жан абсалют 2-діни қызметкер абыз,3- жоғарғы каста одпн абыздар мен ел баслар шығады. Атман- жеке адамның жаны. Сансара- жанның мәңгілік өмір сүруі осы дүниге қайта оралуы. Карма- тағдыр немесе жазмыш заңы: жанның бұл өмірде қандай бейнеде туылуы оның | өткен өмірдегі іс әрекетіне байланысты. Мухти- жанның өткен өмірдегі кінәсән өтеу, карманы азайту. Мокша- жанның кармадан құтылуы. Брахманизм филасофисы жанды осы терминдермен түсіндірген. Енді Даосизм адамның жаны туралы айтсақ Адам жанының басты мақсаты- Даомен бірігу және оған қайта оралу. Адам бойында рухтар мен жындар жиналған. Олар бір-бірімен адамның жанын билеу үшін соғысуда. Егер адам жақсы іс-әрекеттермен рухтарды қоректендірсе, оның жаны күшейіп шығады, Даоға жақындайды. Егер адам жаман іс-әрекеттермен жандарды қоректендірсе, онда олардың саны көбейіп жан әлсіреп кетеді, Даодан алшақтап кетеді деп түсіндірілген. Конфуцийдің іліміндегі жан мәселесі "Бес нәрсе кемел ізгілікті құрайды: бейсалдылық, жанның жомарттығы, адалдық,ынта, мейіріділік" деген болатын. "Рух" ұғымы екі сөзбен берілген: "пенвма" тыныс,дем,леп, және "нус"-ақыл зерде . Қорыта келгенде осы айтқан нәрселер сана,жан ,рух адамның бойында бар қасиеттер. Егер осы санамызды таза ұстап, жанымыз тыныш, рухымыз биік болса онда адамзат өмірінде жаман іс әрекеттер болмайтын еді. Біз санамызды әрдайым жаңартып кітап оқып жақсы деректермен толықтырумыз қажет. Жанымызды жаман іс әрекеттерден аулақ қылып тек мейірімділікке толтырумыз керек. Рухымыз биік болу үшін еш нәрсеге мойымау қажет. Осы әректтерді істесек адамзат баласынан ешқандай қауіп төнбиді деп ойлаймын!!! 3.Таным дегеніміз не?Әлемді тануға болады ма? Кант агностицизмі. Таным әдістері. Ақиқат мәселесі. Бізді айнала қоршаған табиғат-неше түрлі заттар, машиналар, механизмдер, байланыс жүйелері, электр стансалары т.б. адамның дүниетанымының мүмкіндігі, рух құдыретінің көріністері. Таным деп біз айналамызда қоршаған ортаны танып, білу мен зерттеудегі рухани іс-әрекеттерді айтамыз. Адамның танымы әрдайым даму үстінде болады. Яғни ашық түсіндірер болсам ерте заманда адамдар күн күркіреуінен, найзағайдан зәресі қалмай қорқатын болса, қазіргі таңда оның физикалық құбылыс екенін 7-8 сыныптардың өзінде ақ оқып біліп алады. Таным өте күрделі үдеріс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебірінестері бәрі-бәрі де бір-бірімен байланыста болады. Таным үдерісінде аса бағаланатын ол адамның таланттылығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланыста екенін көре аламыз. Адамдардың бұл қабылеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында талантқа, яғни шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Танымның негізгі мақсаты-ақиқатқа жету болып табылады. Соның нәтижесінде ғана оны нақты өмірде пайдалана аламыз. Іс-әрекетімізбен тығыз байланысты мәселенің бірі- дүниені тану жолындағы ашылған біліміміздің ақиқаттығы. Шынайы ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін еркін білім мазмұнын айтамыз. Осыған бір мысал айдың жерді айнала қозғалуы, бұл дегеніміз шынайы ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та айдың жерді айналуын тоқта алмаймыз, ол бізге тәуелсіз,еркін түрде өмір сүріп жерді айналуда. Абсолютті ақиқат деп дүние туралы толық зерттеліп шегіне жеткен білімді айтсақ болады. Дегенмен дүниенің ішкі және сыртқы жағынан да шексіздігі бізді абсолютті ақиқатқа жеткізбейді. Когеренттік ақиқатты жайлы айтатын ғылымда ашылған жаңа ақпарат деректердің барысында жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сай келуі.Ал егерде жаңа ашылған ақпараттар ескі өмір сүріп жатқан теорияға сійкес болмаса, ғылым саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашады. Келесі бізде батыс философиясындағы пракматистік ақиқат. Бұл ақиқат қандай да бір тұжырымды немесе көзқарасты басшылық негізге алып, жақсы өзімізге пайдалы нәтижеге жетер болсақ, онда ол прагматистік ақиқат болады. Сондай-ақ танымдағы сезімдік және ақыл—ой сатылары ғылымда зерттейдің екі деңгейі бар: эмпириялық және теориялық. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар танымда көптеген зерттеу әдістері жасалған.Жалпы оларды 3-ке бөліп қарастырамыз: 1.Жеке ғылым әдістері 2.Жалпы дүниетану әдістері 3.Ең жалпы (жан-жақты) әдістемелер Ал теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге дерексіздендіру, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, үлгілеу, тарихтық және қисындық, дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу жатады. Ал неміс фиолософы Кант таным мәселелеріне жаңаша қарады. Ол адамның таным қабілетін 3-ке бөлді: сезімдік, пайымдаушылық, парасаттылық. Кант ең алдымен таным процесінің аумағын, шекарасын анықтады. Яғни бұл дегеніміз субьект пен обьектің арақатынасы. Кант агностицизмі философияда субьект жоғалып кетті. Ал субьект болмаса обьектте болмайды.Обьект субьектіге әсер етпегенше адам санасында ешбір мәлімет болмайтындай. Канттың түсінігі бойынша обьект субьектіге тәуелді, яғни обьектті анықтайтын субьект деп түсіндіреді. 4.Адам ол не? Әр тарихи дәуірде адам мәселесі қалай қарастырылады (Шығыс пен Батыста ежелгі дәуірден философиясынан қазіргі заманғы философияға дейін). Антропогенез Философия мәселелерінің ішіндегі ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Философия тарихында мыңдаған жылдар ішінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Соның ішінде ең кең тарағаны- «Homo sapiens»-саналы адам, яғни ол рухани пенде. Пенде өз алдына көптеген мақсаттар қойып, оларды жүзеге асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру барысында адамдармен сан түрлі саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі уайымдау, күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмір сүреді. Американ саяси қайраткері Франклин адамға « Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама береді. Ия шынында да адамдар ерте заманда адамдар еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланып жүрген. Мысалы бұл жануарларлдың, маймылдардың қолынан келмеген. Мұны тек адамдар ғана істей алады. И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама береді. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» деген болса, Шәкарім «үш анықтың» біреуіне жатқызады. Адамның дүниеге келуі – ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Миллиардтаған жылдар бойы даму барысында жер бетінде тірішіліктің дамыған формалары дүниеге келіп, оның ең жоғары дәрежелері ақылды жануарларға дейін жетті. Яғни кейбір түсініктер бойынша адам маймылдан жаратылды деген ойлар бар. Сондай зоологиялық күшке негізделген үйірлік өмір сүру түрі де дүниеге келді. Дегенмен жануарлар адамдар секілді ойлана алмайды, құралдар жасай алмайды. Бірақ, қазіргі уақытта ешбір жануар, маймылдар адамға айналмайды.Әр тарихи дәуірде адам мәселесі әр қалай болды.Ежелгі грек философиясында ең алғаш адам өз бетінше өмір сүрген жоқ тек Абсолютті тәртіп және Ғарыш ретінде қабылданды,тек белгілі бір қатыныстар жүйесінде болған деп тұжырымдайды. Адамды микроәлем деп санады.Ежелгі дәуірде адамның шығу тегі туралы ғалымдар түрлі көзқарастар айтқан мысалы Фалес адамдарды балықтан шыққан деп есептеді,Рим философиясының өкілі Лукреций Кар адамды Құдай жаратқан жоқ күн жылуының әсерінен пайда болды деп санады,ал Анаксимандр Адам жануардан,жануар ылғалдан пайда болды деп тұжырымдады.Орта ғасырларда адам ең алдымен Құдай орнатқан әлемдік тәртіптің бір бөлігі ретінде қарастырылды.Адам мен Құдайдың бейнесі бір екені туралы идеялар туындап адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырды.Жалпы әлеуметтік сана тұрғысынан алғанда ортағасырлық адам құдайлық тәртіптің пассивті қатысушысы деп жарияланды.Адамның басты міндеті Құдайға құлшылық етіп ақыретте жауап беру болды.Әр адам өз ісіне Құдайдың алдында жауап береді деген ой қалыптасты.Қазіргі заманғы философияда адам мәселесі Гуманизм деп аталатын жаңа мәдениеттің әсерінен қалыптасты.Орта ғасырдағы ғалымдар адам мәселесін мистикалық тұрғыдан шешсе,қазіргі заманғы философия жерлік негізге қойып,осы негізде антропологиялық мәселелерді шешуге тырысты.Қазіргі заманғы философтар Құдайды | толығымен жоққа шығармай,белгілерін адамға жасады.Адам алғашқы күннен бастап мейрімді және күнәхар емес екенін дәлелдеді.Алайда,жеке қызығушылықтардың әсерінен адам туралы идеялар,көзқарастар өзгерді.Ойшылдардың еңбектерінде индивудализм,эгоизм және уталитаризм айқынырақ байқалды. Сондықтанда марксизм капиталистік қоғамда байқалған адамгершілікке жатпайтын процесті талдаумен айналысқаны бекер емес. Маркс адамның қоғамнан алшақтауының себептерін зерттеп,оны жеңудің, адамдық қасиеттің қалпына келтірудің,жолдарын іздеді.Жеке адам емес,қоғам басымдыққа ие болды.Антропогенез бұл адамның қоғамдық болмыс ретінде пайда болуы мен даму процесі. 1.Эволюциялық теория пайда болғаннан бастап адамның шығу тегі туралы теориялар көбейе бастады. 2.Ф.Энгельс антропогенездік еңбек теориясын ұсынды.Қазіргі заманда да адамның дамуына негізінен еңбек рөлі зор деп бағалайды ойшылдар.3Мутация және синтез теориясы яғни мутациялар нәтижесінде секіріс жолымен пайда болды.Жалпы заманауи антропология креоционизм, космологизм, эволюция тиориясы,философиялық антропология теориясы болып бөлінеді. 5.Абайдың өзiнiң бiр сөзiнде «Естiген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екiншi - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, кеңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсенi iшiнен бiрнеше уакыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек; төртiншi - ой кеселдi нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нәрсеге құмарлык пайда болу. Бул төрт нәрсе - куллi акыл мен ғылымды тоздыратуғын нәрселер». Ал Сіз осы туралы не ойлайсыз? Абайдын көзкарасымен келісесіз бе? Философия саласында бiлiмiнiздi колданып, эссе-пайымдау жазу барысында ез жауабынызды негiзденiз.Әрине Абай атамыз айтқан сөздермен келісемін дер едім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» деген болатын. Сондықтанда Абай атамызды барынша оқып білуге, айтып өткен ақылын тыңдауға дағдылануымыз керек деп білемін. Абай хакімнің кай кара сөздерін оқысакта өзімізге, өмірімізге кажетті дүниені табатынымызды білеміз. Тек қана кара сөздерінде ғана емес, барша еңбектері өзіндік құндылығы бар таусылмас мұра. Енбектері жеке тұлғаның қалыптасуына , жат қылықтан аулак болуына көп көмегі тиеді. Осы отыз бірінші қара сөзінің мағынасын түсінетін болсак білім беру мен сол білімді игерудің алтын ережесі дер едім. Қазіргі кезде дамыған заманда осы сөзді көңілге түйіп алсак өзіміз үшін пайдалы болар еді. Өйкені, казіргі кезде интернет желідерінде, баскада сайттарда ақпараттар көп. Және ол акпараттын барлыгын миға токып алу мүмкін емес. Бірақ ақпарат көп екен деп, оқумай мән бермей калдыругада болмайды. Ен алдымен окыган білімімізді естіген жерде калдырмай, оны жүректе сактау керек. Одан ары осы корген немесе естіген заттарымыздан үлгі ала білуіміз керек. Оқығаныңды немесе үйренгеніңді ұмытпас үшін бірнеше мәрте қайталап ойлану, сосын барып көңілге бекіту керек. Ой мен жүректе қатар сақтау маңызды. Жүректен орын алған нәрсе ешқашан ұмытылмайтындығын өзімізде анық білеміз. Төртінші ойында кеселді нәрселерден кашык болу керек. Егер кез болып калса салынбай керектігін айтып өткен. Оны казіргі кездегі мектеп оқушылары, студенттер немесе кей кездері ересек адамдардың өздеріде де кездесіп жататын жағымсыз қылықтармен ұштастырып айтуға болады. Мысалы әлеуметтік желіні шамадан тыс пайдалану, компьютерлік ойындарды түр-түрі және т.б адамның ойын бөлетін пайдасыз нәрселерді айта кетсек болады. Бул ен алдымен тәрбиеге сәйкес айтылса керек. Кей кездері адамның ортасыда осы мінезге әсер етуі әбден мүмкін. Бастысы сол оқиғалардан сабақ ала білу керек. Жақсыны естісек қуанамыз, және өзімізде жаман әдет калыптастырмауға, мұндай қылықтар жасамауға тырысамыз. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек деп айтып жатады гой. Ешкашанда жаман әдеттерге салынбаған жөн. Бала көргенін жасайды дегенде сөз бар емес пе? Әрине ешкім баласын жаман болсын демейді. Дегенменде сол баланың жақсы болуы ата-аналарға, үлкен кісілерге тиісті екендігін ұмытпау керек деп білемін. Абайдың қара сөздерінің құдіреті жас талғамайды жалпыға бірдей бағытталған. Бала да, жасөспірім де, ересек адам да, қария да Абайдан үйренеді. Өзі айтқандай ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек. Ұлы ғалым, тілщі, Алаш партиясының көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Абай сөздерінің дүниеде қалғаны- қазаққа зор бақ» - деп бағалаған екен. 6. Еркiндiк деген не? Еркiндiк және жауапкершілік. Қазіргі заманғы когамда философиялық турғыдан еркiндiктi түсiну. Еркіндік дегеніміздің өзін жалпақ тілмен түсіндіре кететін болсам адамның немесе кандайда бір жеке ұлттың, халықтың өз мүдделеріне сай әрекет жасап, ешкімге тәуелді болмай, өз ойындағы қалауын жүзеге асыру деп түсінемін. Еркіндік бұл - жан қасиеті, сондықтанда адамның үнемі ұмтылатын шексіз арманы. Тән арқылы адам өзінің ерік қалауын орындайды. Қашанда жан басқарған іс-әрекет қандай да болса өзінің шыңына жетіп, көркемдіктің үлгісін береді. Сондықтанда адам үшін еркіндікті ең қымбат және ең құнды деп айтуға болады. Мысалы осы еркіндіктің маңызы жайында Абай атамыз былай деген екен. «Еріксіз түскен ылдидан, Еркіңмен шыққан ер артық. Қорлықпен өткен өмірден, Көсіліп жатқан көр артық.» Қазіргі кезде заман талабына сәйкес «еркіндік» ұғымына қатысты көзқарастар жылдан-жылға өзгеріп жақандығын байқауымызға болады. Еркіндік ұғымы жайлы ойшылдар түрлі пікір айтып өткендігін білеміз. Ағылшын ойшылы, ғұлама Томас Гоббс: “еркіндік - әр адамның түсінігі мен өз ойы бойынша істеуге болатын әрекеттерді атқару. Осы кезде сырттан басқа кедергілердің болмауы” деп түсіндірген екен. Неміс философы Фридрих Энгель өзінің «Анти-Дюринг» атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Яғни біз еркіндік арқылы қоғамдағы байланысымызды реттеп, өз орнымызды таба аламыз. Еркіндік ешқашанда жауапкершіліктен қашырмауы керек. Еркін екенмін деп қоғамға, ұлтқа зияны тиетін әрекеттер жасауға болмайтындығын білеміз. Еркін адам ретінде саналы ғұмыр кешуді игеруіміз керек екендігін түсінуісіз керек. Осы кезде жауапкершілік деген ұғым тұспа-тұс келеді. Жауапкершілік дегеніміз - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті жүйелі орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиеті. Тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігін айтамыз.Айтылғанның бәрінен қорытынды шығаратын болсак, еркіндік адамның тек субъективтік күйі ғана емес екен, соынмен катар оның дүниедегі ерекше болмысы екендігін түсіну керек. Олай дейтініміз: еркіндік адамның іс-жүзінде еркін болуында ғана емес, оның белгілі дәрежеде өзіне де тәуелсіз объективтік еркін болуы керек. Сонымен еркіндік пен жауапкершілік - күміс ақшаның екі жағындай, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды деп айтушы едім. Еркіндік бар, жауапкершілік жоқ жерде әділетті дұрыс қоғам орнату мүмкін емес екендігін саналы адам үғынуы тиіс деп білемін. Сондықтан жаңа ғана қалыптасып жатқан демократиялық қоғамның берген еркіндіктерін тек өз пайдасына ғана жаратып, жауапкершілікті мойындағысы келмейтіндердің алдына тосқауыл қойылуы қажет деп білемін. Бұқаралық ақпарат құралдарында еркіндікпен қатар, ал біздің жағдайда, мүмкін, көбірек, - адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі егжей-тегжейлі талдануы қажет деп есептейміз. «Арнасы жоқ» еркіндіктің уақыты өтті, | халық алдындағы жауапкершіліктің уақыты келген сияқты деп білемін. 7.Болмыс мәселесі. Бұл ұғымның тар және кең мағынада талдануы Фисолофияда тарихында «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Себебі, бұл маркистік философиясының материалистік негізіне жақын ұғым болатын. Сондықтанда көне заманнан пайда болған «болмыс» ұғымы шетте қалған жоқ. Қазіргі таңда өзгерістер енгендіктен, философияның шегіне жеткен «болмысты» санат жүйесіне енгізді. Өйткені ол материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең материя мен рухты бірдей қамтып, дүниеге кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, бір жағынан материя, идея, сана, рух. Осыған байланысты И.Кант айтып кеткен: «Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқандай дәлел айта алмайды, ол-ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмайды». Яғни болмыс ұғымының қайнар көзі дүниеде «болу», « өмір сүру». Осыған байланысты болмыс ұғымы дегеніміз- дүниеде өмір сүріп жатқанның барын қамтитын кең көлемді философиялық кешен. Бұл түсінік адамның қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған. 8. Өмірдің мәні. Философиядағы өмір мен өлім мәселесі Адам өмірінің мәні мен мағынасы-ғасырлар бойы талданып, келе жатқан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашақта бұл мәселе көтеріп отырған. Яғни бұл адамзат өзіне қойған «мәңгілік» сұрақтардың біріне жатады. Толстой: «Адамның ішінде 2 «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандарының бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана сондықтан бүкіл дүниенің мән мағынасы маған деген жақсылықтың болуы»,-дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл дүние саған емес, өз мақсаттарына қызмет етеді сондықтан бұл өмірде саған жақсы ма, әлде жаман ба, ол оны білгісіде келмейді»-дейді. Бұл өмір сүруге деген қорқыныш шақырады»- деп қортындылады ұлы ойшыл. Әрине адам ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан құралған. Бір кезде біз тек қана ақыл-ойымызға ғана емес, ішкі түйсіктерімізге, көкейіміз арқылы ғажайып жасауымыз мүмкін.Адам өз өмірінде басқа тіршілік иелері сияқты, әртүрлі қажеттіліктерін өтедейді. Осыған байланысты А.Маслоу адам қажеттіліктерін жоғарыдан төмен қарай тізбе жасады. Ең төменінде басты физиологиялық (тамақтану,тыныс алу, қозғалу, киім баспана) , жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер. 2-інші сатыда эсзистенциялық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімділік, қарым-қатынас). 3-інші- әлеуметтік қажеттіліктер. 4-інші- абырой қажеттілігі, бедел, басқалардың назарына іліну, еңбек. 5-інші- рухани қажеттіліктер, шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру. Маслоудың айтуы бойынша төменгі қажеттіліктер орындалмауынша жоғарыдағылар әлі де адамға қызықты емес. Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы Виктор Франкл болды. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптыңталабына сай өмір сүре алмайды.Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мәнмағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, өз-өзін өлтіру (суицид). Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма!”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Платонның ойынша, адам өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды. №9 Қоғам дегеніміз не? Философияда бұл туралы кандай көзқарастар бар? Қоғам дегеніміз жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық адамдардың белгілі бір қарым-қатынас арқылы байланысып құрайтын тобы. Қоғам ұғымымен қатар «қауым», «мемлекет», «ел» cөздері жүреді. Бұл сөздер мұхиттағы айсбергтің су бетінде көрінетін кішкентай ғана бөлігі болса, ал судың астындағы бөлігі-қоғам болады. Қоғам ішінде адамдар арасындағы байланыстар өз-өзіне жеткілікті болуы керек. «Өз-өзіне жеткілікті» дегенді түсіндіретін болсам, кез-келген нақтылы-тарихи қоғам, өзінің сал-дәстүрін,әдет-ғұрпын, бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханятын сақтай отырып, өз қоғамына қажет нәрселерін өздері өндіруі қажет. Мысалы біз жер көлемі бойынша 9 орынды ала тұрып, көкөністерді, тропикалық жеміс-жидектерді, жеңіл көліктер мен компьютерлер сондай-ақ, радиотелеқұрылғыларды алсақ та үлкен астық өндіретін ел болғандықтан ауылшаруашылығына қажетті механизмдерді өзіміз өндірмей дұрыс қоғам бола алмаймыз. Сондықтан күнделікті өзімізге қажет заттарды дүниежүзілік талаптарға сай өндіре білуіміз керек. Сол кезде ғана біз өз-өзімізге жеткілікті қоғам бола аламыз. Бұл мәселе қазіргі уақытта саясаттану ғылымында «ұлттық қауіпсіздік» санатында талданады. Қоғамдағы рухани және саналы байланыстарды негізгі деп есептеу ерте кезден бері келе жатқан үрдіс. Себебі қоғамның жануар тобынан адамдар тобының айырмашылығы- рухтың пайда болып, қоғамға тигізетін пайдалы әсері болып табылады. Қоғамда өмір сүретін адам басқалармен саналы қарым – қатынас жасап, алдына мақсат қойып,оны іске асыруға барын салады. Яғни қоғамды басқаратын билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс- әрекеті – қоғам өмірін анықтайды деп айтуға болады. Мұндай көз-қарасты жаңа ғасырда өмір сүрген ағартушылардың еғбегінен байқауға болады. Мысалы Қытай философиясы «Халық-шөп, ел билеуші-жел, жел қай жаққа үрлесе шөп те сол жаққа майысады»-дейді. Өзіміздің Отырар қаласында дүниеге келген ұлы ойшыл Әл-Фараби қоғамның ахуалын халифтің адалдығы,көрегендігі, әділеттілігімен бағалайды. Ал Еуропа ағартушылары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын ала болжанған Құдайдың әмірімен байланыстырады. Ұлы ойшыл К.Ясперс болса тарихтағы рухани төңкерістерді қоғамдағы дамудың негізі деп атайды. Және де «Адами ахуал-рухани ахуал» деп қорытындылайды. Ал К.Маркс қоғамтану саласына 2 жаңалық енгізді: қосымша құн теориясы мен тарихты материалистік тұрғыда түсіну. Мұндай теориялардың қалыптасуына әсер еткен | К.Маркс капиталистік қоғамда өмір-сүруі болып табылады. К.Маркс ойынша дүние есігін ашқан әрбір адам өз ата-бабасынан калган когамнын материалдық өмірімен кез болады,мысалы бурын пайда болған өндіргіш күштерді ысырып тастай отырып, өмірін жаңа беттен бастай алмайды. Адам бұрын пайда болған материалдық игіліктерді игере отырып, ары қарай дамытуы керек. Осындай өндірістік қатынастарды игеру кезінде қоғамдық болмыс қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына ықпал жасайды. Қорыта келе қоғам деп бір-бірімен саналы тұрғыда байланысқан, алға қойған мақсат-мұраты бар, өзіндік әлеуметтік рөлдері бар адамдар тобын айтамыз. Ал қоғамға ерекше еңбек сіңірген тұлға болып қалыптасу үшін әртүрлі рөлдерді меңгеріп, турлі мәртебелерге ие болып,нәтежиелі ,белсенді іс-әрекет көрсету керек. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген ұстаным қоғамдық өмірде сәтсіздікке алып келеді. №10 «Мәдениет-шиеленіскен хаостағы жұқа алма қабығы ғана»,- Ф.Нищще. «Өркениет -мәдениеттің өзгешеленген кезеңі» Бұл туралы сіз не ойлайсыз? О.Шпенглер,А.Тойнби, К.Ясперс және тағы да басқа ойшылдардың ұстанымдарын талдай отырып, өз көзқарасыңызды негіздеңіз. Мәдениет- шиеленіскен хаостағы жұқа алма қабығы. Өркениет мәдениеттің өзгешеленген кезеңі. Мәдениетте шоғырландырған органикалық өмірлік бастаманы ығыстыратын техникалық-механикалық элементтердің патшалағы. Әр заманның ,әр елдің қалыптастырған мәдениетінің өзіне сай өзгешеліктері болады. Өркениет қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің бірден-бір жиынтығы. Өркениет бізде мәдениет ұғымымен тығыз байланыста болады.19ғ-да Шпенглер мен Тойби еңбектерінде бұл термин ерекше болып жергілікті қауымдастық мағынасында (тарихи өркениеттер) ретінде қолданады. Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Өркениет катергориясын мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени- тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданлады.Бізде өркениет типтері бойынша шығыс және батыс деп бөліп қарастырамыз,(ғаламдық өркениет),(техногендік өркениет) депте салыстырамыз. Өркениет, А.Дж Тойнби ілімінде оқшауланған қоғам,ол екі негізгі өлшемдер арқылы сипатталады:1) дін жіне оның ұйымдастырылған түрі; 2) аймағы және оның туған жерінен алшақтығының деңгейі. Тойнби 21 өркениеттердің атап көрсетіп, кейін олардың санын 37 ге жеткізді. ХХ- шы ғасырда олардан 10 өркениет қалған болатын. О.Шпенглер мәдениетті біртұтас тірі ағза ретінде қарастырды. Әрбір мәдениеттің өзгешілігі оның (жанына) байланысты. (Мәдениеттің жаны) матиралды емес, мистикалық, ақыл-ойға түсініксіз, шығармашылықта көрініс береді,халықтың табиғи ортасына сәйкес келеді. Мәдениет өркениетке айналуы- бұл оның қатып қалған күйінің құлдырауы. О.Шпенглер сегіз (локалды өркениеттер)-(бөлектеенген мәдениеттер) түрлерін атап көрсеткен болатын: мысыр, вавилондық, үнді, қытай, антикалық ортағасырдың алтын мәдениеті(исламдық және византиялық), ережеге майя мәдениеті , европалық. Қалыптасу кезінде орыс мәдениеті жатыр.Әрбір мәдениеттің прасимволы(правеномені)бар: Мысырдыкі-жол, арабтікі-миф-үңгір, артикалық- шектелген материалдық дене, европалық- шексіздік, орыс- шексіз тегістік. Шпенглердің пайымдауынша бізде өркениет мәдениет дамуындағы соңғы кезең, мәдениет өз шарықтау шегіне жетеді де құлдырайды, кез келген жеке мәдениет өміршең Өркениетті тудыруы мүмкін болады, мәдениеттің өмір сүру ұзақтығы 1000-1500 жыл. Бізде Өркениетті бөліп алсақ:1) Тарихи-уақыттық дәуірлерге бөлу(антикалық,ортағасырлар, замануи).2) Аймақтық-энтикалық бөлу принципі.3)Формациялық немесе әлуметтік таптық принцип(Маркстың үлгісі). 4) діни- рухани- айырмашылықтары негізінде(Христиан,мұсылман). 5) Ғылыми-техникалық даму және белгілі бір технологияның үстемдігі негіздігінде (Д.Беллдің үлгісі) К.Ясперс ең алғаш өрениеттер К.Ясперстің пікрі бойынша Ніл,Қосөзен,Инд, Хуанхе аңғарларында пайда болған. Матиралдық мәдениет- бұл адамның өндірістік әрекеті және нәтижелері-заттар дүниесі, жасанды орта. Материалдық мәдениеттің заттары адамның әртүрлі қажеттіліктерін қағанаттандыру үшін жасалады: киім,қару жарақ, ыдыс-аяқ, азық-түлік,зергелік бұйымдар, жиһаз, ғимараттар және т.б. З.Фрейдт (Тотем және табу) (Мәдениетке қанағатсыздық) атты еңбектерінде З.Фрейд мәдениет туралы натуралистік ілімді ұстанады. Оның пікірінше, мәдениет (табу) деген, яғни адамның жыныстық құштарлықтарын моральдың нормаларымен жіне қоғамның әдет-ғұрыптарымен басып-жаншитын бірінші тыйым салумен бірге пайда болған. Цивилизация әкесінің билігі мен беделіне қарсы шыққан әлсіз ұлдардың бірігуі негізінде пайда болған болатын. Адам өзін мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Мәдениеттің дамуы адам бақытының азаюына және кінә сезімнің көбеюіне апарып соғады, сонымен бірге тілектерді басып тастағындықтан қанағатсыздықты көбейтеді. Мәдениеттің даму деңгейі неғұрлым жоғарғы болған сайын, адамның бақытсыздығы солғұрлым көбиеді.Фрейд христиандық европалық мәдениетке оның адамға өте қатаң тыйымдар салғаны үшін (Моисейдің 10 өсиеті үшін) өте негативті баға берген. З.Фрейд (1856-1939) өзінің мәдениет туралы түсініктерінде екі қарама-қайшылықты байқаған: өзінің табиғи жаратылысындағы бейсана, жыныстық құштарлық және дөрекілік және бейсаналықтың тілектерден бас тартуға негізделген мәдениет арасында. Мәдениет инстиктілерді қатаң бақылайды. Осыдан Фрейд мәдениетінің даму адам бақытының төмендеуіне, кінәлік және қанағатсызыдық сезінімін табиғи тілектерін баса отырып күшейтуге алып келеді. |
...