Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философпен сұхбат

Автор:   •  Март 18, 2025  •  Реферат  •  630 Слов (3 Страниц)  •  16 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

[pic 1]

Факультеті: "География және табиғатты пайдалану"

Кафедрасы: "География және жерге орналастыру, кадастр"

СӨЖ

Тақырыбы: "Философпен сұхбат"

Орындаған: Кенбайқызы Ш.

Тексерген: Амиркулова Ж. А.

Алматы, 2025 ж

Жүргізуші: Қайырлы күн! Бүгін бізде қонақта француз ғалымы, математик, физик, физиолог және философ Рене Декарт. Құрметті Рене Декарт мырза, біздің заманымызға саяхат жасап, сұхбат беруге келісім жасағаныңызға рақмет! Сізді әлем философиясында, математиканың дамуына қосқан үлесіңіз үшін ерекше құрметтейді. Әңгімемізді сіздің өміріңізден бастайықшы. Өзіңіз туралы айтып бересіз бе?

Рене Декарт: Рақмет! Сіздермен әңгімелесу мен үшін де үлкен қуаныш. Мен 1596 жылы Францияның Ла-Э қаласында дүниеге келдім. Бала күнімде денсаулығым әлсіз болды, сондықтан анам ерте қайтыс болған соң, мені мейірімді күтімге алды. Білім алуға құштарлығым ерте басталды. Мен Жезуиттер лицейінде оқып, математика мен логикаға ерекше қызықтым. Кейіннен заң факультетіне түстім, бірақ мені ғылым мен философия көбірек қызықтырды.

Ж: Бала кезіңізде философ боламын деген ой болды ма?

Рене Декарт: Жоқ, бастапқыда мен әскери мансапты қарастырдым. Менің ойымша, әрбір жас жігіт өз орнын іздеуі керек. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – ақиқатты табу болды. Мен білімнің әртүрлі салаларын зерттей отырып, шындыққа жақындауға тырыстым. Кейіннен мен Еуропаны аралап, көптеген ғалымдармен кездестім. Нәтижесінде, өзімнің ерекше философиялық жүйемді қалыптастыруға кірістім.

(Рационализм)

Ж: Сіз өзіңізді рационалист ретінде таныттыңыз. Бірақ рационализмге қалай келдіңіз?

Рене Декарт: Бұл – ұзақ ізденістің нәтижесі. Мен өмір сүрген дәуірде білім әртүрлі көзқарастарға толы болды, бірақ олардың қайсысы дұрыс екенін анықтау қиын еді. Сол себепті мен барлығына күмән келтіріп, тек ақыл мен логика арқылы ғана шынайы білімге жетуге тырыстым.

Менің ең маңызды қағидам – күмәндану. Мен барлық нәрсеге күмәнмен қарадым: сезімдерге, дәстүрге, тіпті өзімнің денемнің бар екеніне де. Бірақ күмәндану барысында бір ғана нәрсеге толық сенуге болатынын түсіндім – менің ойлау қабілетім. Егер мен ойласам, демек, мен бармын. Осыдан менің әйгілі "Cogito, ergo sum", яғни "Ойлаймын, демек, өмір сүремін" деген тұжырымым туындады.

Ж: Бұл қағиданы қазіргі заман философиясында да көп зерттейді. Бірақ сіз шындыққа жетудің жалғыз жолы осы деп ойлайсыз ба?

Рене Декарт: Менің ойымша, бұл – ең сенімді бастама. Мен философиямда математикалық әдістерді қолдандым. Математикада біз аксиомалардан бастаймыз, содан кейін логикалық қадамдармен күрделі теоремаларға жетеміз. Дәл солай, философияда да біз ең анық нәрседен бастап, біртіндеп білімді қалыптастыруымыз керек.

(Ғылым мен философия)

Ж: Сіз тек философ қана емес, сонымен бірге математик және ғалымсыз. Сіздің ғылымға қосқан үлесіңіз қандай?

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (147 Kb)   docx (263.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club