Философпен сұхбат
Автор: Kamikkk9 • Ноябрь 13, 2022 • Реферат • 560 Слов (3 Страниц) • 881 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
[pic 1]
Реферат
Пәні: Филоофия
Тақырыбы: Философпен сұхбат
Орындаған: Исахан Анар
Факультеті: Филология
Тексерген: Нигметова Алия Темирлановна
Алматы 2022 жыл
Қайырлы күн!
Бүгін бізде қонақта хорезмдік математик, философ, тарихшы және астроном исламдық ғылыми көкжиектің ең үлкен және ең жарық жұлдызы Әбу Райхан Әль Бируни.Сізге бірнеше сұрақтарым бар еді.
-Иә,әрине жауап беруге дайынмын.
Мені қызықтыратын сұрақтарымның бірі сіздің балалық шағыңыздың қалай өткені.Балалық шағыңфзға көз жүгіртсек?.
- Мен өзімнің балалық шағыммен жастығымды Хоразмшах Абу Абдалланың немере ағасы Иракидтер әулетінде, сол кездегі Хорезмнің көрнекті математиктерінің бірі Әбу Наср Мансур ибн Әли ибн Ирак үйінде өткіздім.
Сонан соң, жас кезімде жергілікті Саманидтер тұсында Бұхарада жұмыс істедім. 1017 жылдан бастап, Махмуд Газневи сұлтан Хорезмді жаулап алғаннан кейін, мен басқа тұтқын ғалымдармен бірге Газнаға көшуге мәжбүр болдым , сонан соң,Махмуд сұлтан мен оның ізбасарлары Масуд пен Маудуд сарайында жұмыс істедім, кейінірек Махмұд Газниви сұлтанға қызмет етіп онымен бірге Үндістанды аралап шықтым.Міне,жастық шағым осылай өтті.
Жастық шағыңыз шытырман оқиғаларға толы болып өткен екен.
Бәрімізге белгілі сіз «Ұлы адамдар өлмейді. Өйткені олардың интеллектуалды, эмоционалды және рухани әлемі соншалықты бай, көлемді, сан қырлы, олар физикалық өлгеннен кейін біз олардың әсерін ғана емес, сонымен бірге көзге көрінбейтін қатысуын да сезінеміз», - деп философиялық ой толғағаныңыз белгілі.Осы сәтте сізге сұрағым бар еді.Сіздің бұл философиялық ойларыңыз бір жерден шыққан адам адам барма?
-Иә,әрине Әз-Жәнібек ханның "Дүниеде не өлмейді?" деген сұрағына жауап берген Жиренше шешеннің ойымен менің ойларым үндеседіп қалған кездері болған:
Ажал деген атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
Рақмет!Мардымды жауап алдым!
Ендігі сұрақтарымды сіздің еңбектеріңізге арнағым келіп отыр. Сіздің астрономияға байланысты 45-тен астам еңбек арнадыңыз, олардың негізгісі - «Астрономия мен жұлдыздар каноны»,«Медицинадағы фармакогнозия»,4500 -ге жуық араб, грек, сирия, үнді, парсы, хорезм, соғды, түркі және басқа өсімдік атауларын жинап түсіндіргеніңізді білеміз.Жәнеде топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жаздыңыз.Осы еңбектеріңіз туралы ашып айта кетсеңіз?
...