Себеп пен салдар
Автор: Zhazira Satuova • Октябрь 18, 2022 • Реферат • 932 Слов (4 Страниц) • 707 Просмотры
«Себеп пен салдар» - детерминизм категорияларының негізгілеріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстардың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса кұбылысты айтамыз.
Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана «жабық жүйелерде» кездеседі. Оны былайша көрсетуге болады: ...А-Б-С-Д... яғни А себеп ретінде Б-ні, Б - С-ні т.с.с. тудырады. Сонымен әрбір құбылыс, бір жағынан, белгілі бір себептің салдары болса, екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады.
Ал күрделі де ашық жүйелерге келсек, онда олардың көбі «кері байланыстың» негізінде өмір сүреді. Мысалы, қайсыбір машинаның моторы жұмыс істеген кезде, оның қызуына әкеледі, температура белгілі бір нүктеге жеткен кезде, вентилятор іске қосылып, оның қызуын төмендетеді де, тоқтайды, мотор тағы да қызғанда, айтылған механизм тағы да іске қосылады... Мұндай жүйелер кері байланыстың үлкен рөлін көрсетеді.
Материалистер мен идеалистердің себептілікке көзқарасы әртүрлі болды. Материализм себептіліктің объективтік және жалпылық сипатын қолдап, себептік байланыстарды санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретін зат байланысының өзі деп есептесе, субъективтік идеализм себептілікке тек адамға үйреншікті түйсіктердің тізбелігі деп қарайды, себептілікті қажетті байланыс ретінде мойындап, оны құбылыстар дүниесіне сезінуші субъект енгізеді, оның априорлық сипаты бар деп есептейді (Кант).
Философиялық әдебиетте әсіресе діни философияда «бірінші себеп» (causa prima), «соңғы себеп» (causa finalis) деген категориялар кездеседі. Дүние іш және сырт жағынан да шексіз болғаннан кейін, «бірінші», я «соңғы» себеп болуы мүмкін емес. Оны мойындау қажетті түрде осы Дүниені тудырған «Құдай идеясына» әкеледі.
«Соңғы себеппен» байланысты телеологиялық (teleos - грек сөзі, - мақсат-мұрат, logos - ілім) детерминация болып табылады. Оны қолдайтын ойшылдар ерекше телеономдық себептер барын мойындайды. Ол «не үшін туды?», «қандай мақсат үшін жаратылды?» деген сұрақтарға жауап береді. Яғни алдын ала берілген мақсат (соңғы себеп) сол заттың дамуына себеп болады деген сөз. Мысалы, XX ғ. өмір сүрген ұлы діни философ Теяр де Шарден Дүниенің жаратылуы мен дамуында мақсатқа лайықтылықтың негізінде дамып жатқан рухани күш бар дейді. Физикалык энергия ыдырау үстінде болса, рухани күш Дүниені күрделендіріп, жетілдіріп алдын ала берілген «Омега нүктесіне» (Құдайға) жақындатуда.
Философтардың көбі себептілік категориясының мәні пайда болу, себепші болу, тууда жатыр, яғни, пайда болу, туу себептіліктің мазмұны болып табылады деген пікірге тоқтайды.
Тілде себептіліктің философиялық категориясының мазмұны анық көрінеді. Философия әртүрлі салаға жататын ғылымдардың шоғырландырушысы қызметін атқаратыны белгілі, ал тіл білімі ғылымының мақсаты – тіл материалдары негізінде себеп-салдарлыұ қатынастарды ашып көрсету. Тілдің көмегімен қоршаған ортадағы себеп-салдарлық қатынас қана емес, танымдағы және санадағы себеп-салдарлық қатынас та беріледі.
Тілдегі себеп мағынасы адамдардың табиғатты өзгертудегі, шындықты танудағы практикалық іс-әрекеттерін білдіру ретінде пайда болған. Айналадағы шындық құбылыстарды бейнелеу деңгейі дамыған сайын бірте-бірте себептілік түсінігі нақтыланып, себептік қатынастарды білдіруге қабілетті арнайы тілдік құралдар пайда бола бастайды.
Қaзіргі функционaлды грaммaтикa сaлaсы грaммaтикaлық зaңдылықтaр тaбиғaтынa ғылыми тұжырым жaсaудa жеке тaр мaғынaсындa емес, бaсқa тілдік құрaлдaрды бір-бірімен сaбaқтaстырa қaрaстыру нәтижесінде жaңaшa ғылыми концепциялaрды қaлыптaстыруғa ерекше нaзaр aудaрудa. Мұндaй зерттеулер тілдік құбылыстың тaбиғaтын және мaғынaлық қырлaрын толық әрі терең түсінуге жол aшaды. Тілді функционалдық жағынан зерттеудің маңыздылығы туралы В.Н.Ярцева былай дейді: «...тіл жүйесінде болып жатқан процестердің функционалдық маңыздылығын бірінші орынға шығару тіл құрылысының кейбір категорияларының сан алуан семантикалық байланысын көрсетуге, олардың түпкі негізін анықтауға септігін тигузуі мүмкін» ().Себептіліктің тілдік категориясын мазмұндық және тұлғалық тұтастықта қарастыру қажет.
...