Себеп пен салдар
Автор: Dariga2 • Апрель 18, 2024 • Эссе • 1,089 Слов (5 Страниц) • 82 Просмотры
Эссе - Досанова Дариға
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)
ә) Баспаның құрылымы
б) Баспаның түрлері
ІІІ. Қорытынды
Баспа - мәдени-ағартушылық, ғылыми-танымдық және саяси-идеологиялық сияқты басты функцияларды атқаратын мемлекет немесе жеке меншік иесіндегі өндірістік-шығармашылық кәсіпорын.
Кітап өндірісі саласындағы баспа процесі белгілі бір шығарманы қолжазба кезінен дайындаудан бастап баспаханадан басып шығарғанға дейінгі бірімен-бірі тығыз байланысты, өзіндік заңдылығы бар кезеңді жұмыстардың кешенді және жүйелі арнасы. Баспа ісіңдегі басты өндіріс — кітап болып есептелгендіктен, әуелі оның өзгешелігі айқындалмақ.
Кітап дегеніміз жалпы мағынасында әлеуметтік коммуникациялардың ежелден келе жатқан басты әдісі, қоғамдық және жеке санаға ақпаратты жеткізудің бір құралы. Кітап қоғамдық дамудағы адамзат мәдениетінің ұлы жаңалығы. Сонымен бірге нақты мағынасында кітап дегеніміз, автордың дарыны мен еңбегінің, жіберген уақытының қорытындысы болып саналады. Кітап мерзімді емес баспасөзге жатады.
Баспаның кітаптан басқа да өнімдері жеткілікті. Олар кітапша, буклет, плакат және тағы да сол сияқтылар баспа процесіне тән үлкенді- кішілі қағаз өнімдері. Баспа ісінің өндірісі – ең әуелі полиграфия кәсіпорындарымен, баспаханамен өте тығыз байланыстағы күрделі процесс болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы бұқаралық коммуникациялар жүйесін адам қызметінің түрлі салаларына қызмет ететін баспа ісі және электронды басылымдарсыз елестету мүмкін емес. Нарық пен бәсекелестік заңдары болашақ баспа ісі өнімдерінің әрі экономикалық тиімді, әрі жоғары сапада жедел жарыққа шығуын талап етеді. Сондықтан баспа ісі өнімдерінің техникалық көрсеткіштері мен құрылымын дүрыс құрастыру, баспа ісін баспа-полиграфиялық заманауи техникалар мен инновациялық технологияларды негізге ала отырып ұйымдастыру, өнімдердің экономикалық тиімділігін арттыра түсуге ықпал етеді.
Экономикалық тиімді әрі сапалы баспа өнімдерін басып шығару үшін полиграфиялық басу әдістерінің сәйкес келетін ұтымды түрі мен сапалы жабдықтардың экономикалық тиімді форматы мен бояулығын дұрыс таңдай алмау өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әсер етеді. Баспа ісінің үдерістері мен қүрылымын ұтымды ұйымдастыру үздіксіз өндірістік жүмыс пен нарық талаптарына сәйкес сапалы өнімдердің жарыққа шығуын қамтамасыз ететіні анық.
Басылымның сапалы да экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кітап шығарудың техникалық әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалану, өнімділігі мен ұтымдылығы жоғары жаңа техникалар мен технологияларды, жаңа полиграфиялық материалдардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, олардың ішінен басылымға сәйкес келетін нақты түрлерін таңдай білу – баспа-полиграфия ісі мамандарына қойылатын басты талаптар.
Баспаның құрылымы. Баспада негізінен директор, бас редактор, бас редактордың орынбасары, әдебиет пен ғылымның әр саласының редакциялары (шағын баспаларда мұндай редакция біреу болады) жұмыс істейді. Баспада өндіріс, көркемдеу-әрлеу, жоспарлау-экономикалық, бухгалтерия және әкімшілік- шаруашылық, жабдықтау және кадр бөлімдері болады. Мұның бәрі негізінен алғанда, көп салалы ірі баспалардың типтік құрылымына жатады. Ал іс жүзінде баспалардың құрылымы оның типіне, шығаратын басылымдарының көлеміне байланысты болады. Мысалы, жаңағы көп салалы баспаның директоры, оның өндіріс жөніндегі орынбасары, бас редакторы, оның бірнеше орынбасары, бірнеше редакциясы болады.
Баспаның барлық жұмысына директор басшылық етіп, жауап береді. Ол редакциялық кеңесті де басқарады. Директор мемлекеттік, шарушылық орындармен, авторлармен және рецензенттермен шарт жасасады. Сондай-ақ, олардың сапалы жұмыс істеуін, шартта келісілген міндеттерін орындауды талап етіп отырады.
Бас редактор баспаның шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етеді. Әрбір кітаптың қазіргі өмір талабына, оқырмандар тілегіне сай шығуына бас редактор тікелей жауапты. Ол баспаның тақырыптық жоспарын жасауға басшылық етеді және оның орындалуын бақылайды. Автормен жұмыс істейді. Қолжазбаны оқиды, кемшілігі мен жетістігі жөнінде пікір айтып отырады. Кітапты көркемдеу ісіне де басшылық етіп, тиісті қызметкерлерге нұсқау береді. Баспа бірнеше редакциялардан құрылады. Редакция меңгерушісі редакторлардың жұмысын басқарады. Редакцияның тақырыптық және оперативтік жоспарларын жасайды. Оны бас редакторға тапсырады. Редакция меңгерушісі жоспардың орындалуын бақылайды. Редактор қолжазбаны қарап болған соң, оны оқиды, оның мазмұнының сапалы болуына жауап береді. Авторлармен тығыз байланыс орнатады.
...