Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Марксизм философиясы

Автор:   •  Май 2, 2024  •  Реферат  •  1,979 Слов (8 Страниц)  •  78 Просмотры

Страница 1 из 8

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Реферат

Тақырып: Марксизм философиясы

Орындаған: До-22-1.Серікқызы Гүлзада

Қабылдаған: Апенов Болат

2024 ж.

Эпиграф:

«Философия – басқаша ойлау мүмкіндігіне ашықтығымен

сипатталатын үздіксіз процесс»

Жоспар:

  1. Өмірі
  2. Тарихи процесс дамуының маркстік теориясы
  3. Идеология.Таптарды Марксше түсіну
  4. Маркстің капитализмнен жиренуі.Жатсыну.Маркстік революция
  5. Түйін

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстанның ашық университеті “Философияның қысқаша тарихы.Сократтан Дерридаға дейін”
  2. https://rep.ksu.kz (Караганда Букетов университеті)
  3. www.marxists.org
  4. https://kaznpu.kz (Абай атындағы университеті)

Өмірі

Карл Маркс 1818 жылы Германияның батыс бөлігінде орналасқан Трир қаласында дүниеге келді.Ол туған үйді сіз әлі де сол жерден көре аласыз.Оның ата-бабаларының кейбірі раввин болған,алайда оның өз ата-анасы христиан дінін қабылдаған еді. Маркс Бонн университетіне 17 жасында түсті, алайда біраз уақыттан соң, бір жағымсыз жағдайлардан кейін Берлин университетіне ауысты.

Ол 1843 жылы үйленді. Көп ұзамай отбасылық жұп Германияны тастап,Парижге көшті.Фридрих Энгельсті алғаш рет сол қалада кездестірді.Сосын революциялық саяси қызметке қатысуына байланысты оның отбасы Англиядан пана іздеуге мәжбүр болды. Олардың қалған өмірі сол жерде өтті.Лондонда Энгельспен бірлескен жұмысын жалғастырып, екеуі «Коммунистік партияның манифесін» жариялады.

Маркс тынымсыз оқыды және жазды, бірақ оны үнемі жоқшылық пен ауру қинады және үш перзентінің өлімі де қатты қайғыртты. Ол әлеуметтік төңкерістің болуын асыға күтті.Соған

қарамастан,оның жұмыстарының романтикалық реңктен гөрі,ғылыми сипаты басымырақ еді.Ол әрдайым өз теорияларын растайтын дәлелдемелерге жүгінетін.Маркстің түсінігінде,бүкіл ғаламның қозғаушы күші руханият емес, материя болды.

Карл Маркстің көзі тірісінде оның басты еңбегі – «Капиталдың» бірінші бөлігі ғана жарияланды.

Карл Маркс ХХ ғасырдың тарихына басқалармен салыстырғанда әлдеқайда көп ықпал етті.Оның идеяларын жүзеге асыру үшін сансыз көп жұмысшы тынбастан еңбектенді,революциялық жасақтар оның теориясын тарату мақсатында ну ормандарды кесіп өтті,студенттер оның философиялық идеяларын іске асыру туралы талаптар қойып, баррикадалар құрды,әлем көшбасшылары бұл философ туралы ойлағанда мазасызданып,төсектерінде дөңбекшіді.

Бірақ Карл Маркстің өзі ешқашан қолына қару ұстамаған,ешқашан баррикадаларда тұрмаған және революциялық әскер қатарына кірмеген.Ол өмірінің едәуір бөлігін Британ кітапханасының оқу залында өткізді. «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер, сендерде

өз шынжырларыңнан басқа жоғалтатын ештеңе де жоқ!» – бұл оның басты ұраны болатын.

Ал Маркстің өзі кешке үйіне көбіне көк тиынсыз келетін.Ол Лондондағы Хайгейт зиратына жерленді.Бір кездері Совет Одағында Маркске қойылған ескерткіштердің көп болғаны соншалық,кейбіреулердің басына ол осы елдің тумасы болар-ау деген ой келуі де мүмкін еді. Алайда ол жерлерде ешқашан болмаған.

Маркс, әрине, «басқаша ойлады» және өзгелердің де дүниеге

басқаша қарағанын қалады.Оның ықпалы,негізінен,саясат пен экономика салаларында сезіледі.

Маркстің идеяларына үш философиялық ағым елеулі ықпал етті.

  • Неміс философиясы
  • Француз әлеуметтік
  •  Британ экономикалық теориялары.

Тарихи процесс дамуының маркстік теориясы

Маркс экономикалық және саяси тарих дамуының негізгі принциптерін былайша түсінеді:

•Абсолютті билікке ие патшалар болды.Бұл тезис.

•Екінші тарапта кедейлер болды.Бұл антитезис.

•Бұл екеуі бірігіп,азаматтық қоғам құрды, оның шеңберінде тараптардың әрқайсысы бір-біріне көмектесіп отырды. Ол феодализм деп аталды.Дәл осы жерде синтез көрініс тапты.

...

Скачать:   txt (33.4 Kb)   pdf (141 Kb)   docx (202.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club