Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктері
Автор: Sayu12 • Апрель 24, 2024 • Реферат • 6,748 Слов (27 Страниц) • 82 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктері
Оқытушы:Балабекұлы Д.
Студент: Турсынжан Ж.
Мамандығы:Фармацевтикалық өндіріс технологиясы-204Қ
Алматы, 2024 ж.
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫ: МИФ, ДіН, ФИЛОСОФИЯ
БӨЖ мақсаты:
Ежелгі Қытай дүниетанымының мифологиялық, діни және тарихи бастауларын айқындау.
Ежелгі Қытай философиясы дүниенің алғашқы бастауларын, олардың өзара байланысын ашып беру.
Жазбаша мәліметтерге қарағанда Қытай жерінде б.д.д. XXI- XVIII ғғ. ipi Ся династиясы болған. Осы кезде Аспан астын тұтас жер деп және онда Ұлы әділеттілік үстемдік еткен деген жалпы наным қалыптасқан. Мұндай аңыз-әңгімелер Яо патшалығы кезінде (б.д.д. 2357-2258 жж.) кеңірек тарайды.
Қытайдың нақты тарихы қола дәуірінде, яғни б.д.д. XVIII ғ. басталады. Бұл кезде Шан-Инь династиясын Чэн Тан (б.д.д. 1766- 1754 жж) басқарады. Бұл династия Пан-гэн патшалығы кезінде оңтүстікке Инь кеңістігіне көшіріледі.
Б.д.д. XVIII-XII ғғ Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, қалалар қалыптасады, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетіледі. Қала мен өндіріс төңірегінде қауымдастықтың шоғырлануы негізінде екі жағдайда - шаруашылық пен әскери себептеріне орай етек алды. Шаруашылықта мүліктік жіктеліс күшейе бастады. Құлдардың еңбегін әсіресе мал шаруашылығында, азды-көпті егінде, құрылыста, тұрмыс қажетіне пайдаланады. Егін шаруашылығында қандас қауымдастық (патрони- мия) кең таралады, Қауымдастықтар патшаның жерінде, өздерінің үлесіне тиген жерді де қатар өңдейді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған.
Қытай тарихнамасы тарихи кезендерді билік еткен әулеттермен (династия) байланыстырады. Сол тарихнамаға сай, бірінші Ся әулеті болған (б.д.д. XXIII ғ. - б.з.д. XVI ғ. ортасына дейін). Оны Шан-Инь әулеті (б.д.д 1766 - 1122 жж.), содан кейін Шан-Инь әулетін Чжоу династиясы (б.д.д 1122 - 247 жж.) алмастырды. Бұл дәуір үш кезеңге: Батыс Чжоу кезеңі (б.з.д 1122 ж. VII ғ., Шығыс Чжоу кезеңі, өз кезегінде ол екі кезеңге - Лего немесе Чуньцю (б.д.д.770 - 476 жж.) және үшінші Чжаньго кезеңі (б.д.д. 475 - 221 жж.) деп бөлінеді. Чжоу дәуірін аз уақыт Цинь дәуірі алмастырды (б.д.д. 221 - 206 жж.), оның орнына б.д. 220 жылына дейін өмір сүрген Хань дәуірі келеді. Осы дәуірде ежелгі Қытай тарихы аяқталып, қытайлық Орта ғасыр басталады.
Қытайдың алғашқы философиялық дүниетанымы екі құрамдас бөлшектен, екі кезеңнен: 1. Мифологиялық көркемдік-діни дүниетанымдық комплекстен; 2. пайымдаудың нәтижесінен - білімнен тұрады. Қытайдың көне мифологиясы негізінде «Шань Хай цзин» («Таулар мен теңіздер кітабы») трактатында, қытай ақыны Цюй Юань шығармасында (б.д.д. 340-279 ) сақталынған.
Алғашқы космогониялық мифтерде дүние хаостан (хунь-тунь) құралған. Содан кейін ғана әр нәрсе, соның ішінде - аспан мен жер пайда болған. Өте көне дәуірде, аспан да, жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Хаосты реттеген түрі мен бейнесі жоқ екі құдіретті космостық алып күш. Сол түрсіз тұңғиықта делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) - инь және ян пайда болады да, дүниені реттейді. Инь - ауыр нәрсе болғандықтан, одан Жер, ал Ян - жеңіл болғандықтан, одан көк Аспан қалыптасады. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болады.
Ертедегі қытайлықтар әрбір нәрсенің - судың, оттың, жаңбырдың, құрғақтың рухын іздестірген, оны жасаған. Рухтар бір-бірімен шайқаста болған. Рухы жоғары Нюй-ва деген алып адамды да балшықтан жасай бастаған. Оның алғашқы жасаған адамдары күшті, бай, ақылды болған. Нюй-ва кейін шаршай бастағасын, кім болса соны - әлсіздер мен денесі сау еместерді жасап жібереді.
Әуелгі философия үшін өткен нәрсе, ең алдымен, қоғамдық дүние-танымның маңызды бөлігін құрайтын, жалпы дүниетаным мен әлем бейнесіне реңк беретін архаикалық көзқарас пен мифология еді. Алғашқы қауымдық Қытайды зерттеген ғалымдар Қытай мифінің сипатына, оның мәдениеттегі орнына ғана емес, жалпы оның бар болуына қатысты айтысады.
...