Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жемқорлықсыз жаркын болашак

Автор:   •  Февраль 7, 2023  •  Эссе  •  259 Слов (2 Страниц)  •  235 Просмотры

Страница 1 из 2

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Кусаин Дариға, Шарбақты ауданы, Шегірен мектебінің 10-сынып оқушысы.

Абышева Әсемгүл  Бәкібайқызы, мұғалім.

Отбасы – мемлекет. Тұрғыны – бала. Тұрғыны бақытты болса, бұл – елдің гүлденуінің белгісі. Бала бақытты болу үшін не керек? Менімше, махаббат, тәрбие, білім, жарқын болашақ беру керек. Әке-шешесі баласына махаббат, тәрбие мен білім  берер, бірақ жарқын болашақты беру қолынан келмес! Неге дейсіз ғой!?  Себебі  біздің қоғамда  сыбайлас жемқорлық деген үлкен мәселе тұр. Ол жерде жарқын болашақ жоқ.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау мүшелерді шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел.

Ес білген баладан еңкейген қарияға дейін өмірінде бұл мәселені талай өз көзімен көрген шығар. Жемқорлықтың жиі кездесетін түрі – пара алу, пара беру. Тіпті  қарап отырсақ, адамдар оны қалыпты жағдай ретінде қабылдайды.  Әрине, діттеген мақсатыңа жету үшін, жұмысыңды жедел аяқтау үшін  пара беру – өте ыңғайлы. Пара беру арқылы жұмысқа орналасуға, тегін оқуға түсуге, тендер ұтып алуға, лауазымды жоғарлатуға болады. Бірақ пара берген, пара алған жерде әділетсіздік, сапасыздық, көзбояушылық жүреді.

Жемқорлықпен күресу керек. Бірақ оны қалай жеңуге болады?! Мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы саясат жүргізіліп отыру керек. Ол жүргізіліп те жатыр. Жемқорлықпен ұсталынған адам тиесілі жазасын алу керек. Қоғаммен жұмыс жасау керек. Адаммен жұмыс жасау керек. Адамдардың сана-сезімін өзгерту керек. Кез-келген адам өзінен бастау керек екендігін түсіну керек. Пара бермей-ақ өмір сүруге тырысу керек. Әрине, онда жұмысыңа көп уақыт және көп күш жұмсайсың. Және де атқарған жұмысыңды сапалы жасауға тырысасың. Міне, біз сонда ғана гүлденген, бақытты мемлекетте өмір сүре аламыз. Сонда ғана біздің болашағымыз жарқын болады.

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (51.8 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club