Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еліммен мақтанамын

Автор:   •  Май 5, 2019  •  Эссе  •  881 Слов (4 Страниц)  •  2,237 Просмотры

Страница 1 из 4

ЕЛІММЕН МАҚТАНАМЫН! 


         Бұл бәрімізді де жиі толғандыратын сұрақ. «Туған жер- тұғырың, туған ел -қыдырың» деп ата-бабаларымыз текке айтпаған. Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген, қойнауы қазба-байлыққа толы құтты атамекені бар ұрпақпыз. Осы ұлан байтақ даланы арғы ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен қорғап бізге аманаттады. Қазақтың басынан өткен ғасырларда не өтпеді? «Ақтабан шұбырынды» мен Кеңес Одағы тұсында қолдан жасалған аштық та ұлтымызды түп-тамырымен құрта алмады. 30-да отар болдық, 40-та қамалымыз қирай бастап, 80-де сергелдеңге түстік. Бірақ біз сол бабалар аманатын аман сақтап қалдық па?! «Мың өліп, мың тірілсек те» атамекенімізді тастамадық. Ақыры іргелі елге айналдық. Жаңа ғасырға Тәуелсіздік байрағын желбіретіп кірдік. "Мына заманда білекке сеніп, ешкімге есе бермей келеміз"- деген екен Абылай бабамыз. Әрбір саналы жан өмірде өз орнын тапқысы, еліне қызмет еткісі, сапалы білім алып оның өркендеуіне үлес қосқысы келетіні анық. Өйткені біз жалындаған жастармыз, болашағымыз алда. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Болашақ ел тізгінін ұстар жастарымыз салт-дәстүрімізді құрметтеп, үлкен аманатпен қарайтын болса, бізден артық дамыған ел болмас еді!" Мемлекеттің алдындағы сүйіспеншілік ,алдымен, адам бойында өзінің еліне деген ыстық сезімінен бастау алады деп ойлаймын. 
         Өзге елге бара қалсақ, тұрақтап қалу үшін емес тек демалу, ел, жер көру мақсатымен ғана аттанамыз. Жаныңа қолайлы жағдайдың бәрі жасалса да, бәрібір туған жеріңді сағынарың, оған оралуды қаларың хақ. «Мейлі, сен патша не қойшы бол, бәрібір... Атамекеніңнен табаның тайса жетімсің...» деген рас екен-ау!.

Сонау өткен ғасырларда Мысырдың алтын тағында отырған жерлес бабамыз, исламды моңғолдар мен кресшілерден қорғаған, күллі араб әлемі мақтан тұтатын Бейбарыс сұлтан да туған жерін сағынып «аһ» ұрған. Жусанның жұпар иісін аңсаған. Алтын мен күміс те, Нілдің мөлдір суы да оның жанына тыныштық тапқыза алмаған. Себебі бөтен жер. Көзі тірісінде бәрін тастап, өзінің қара шаңырағының ортасына оралуды қалаған. Ұлының құлағына алыста «қыпшақ» деген ержүрек ел барын, арғы тегі біздің даламыздан екенін құйған. Заманының Бейбарыстай заңғар тұлғасына айналған Елбасымыз жат жер жайында: «Тамағыңды тауып жерлік кәсіп, одан да тәуір қызмет жолығар. Бірақ ол қара орманың өскен еліңнің ортасында жүріп ішкен бір жұтым қара суға қайдан татысын?!» дейді.  

Менің ойымша, әрбір қазақстандықта отансүйгіштік сезім басым болуы қажет. Мысалы, АҚШ азаматтары өз елін мақтан тұтады. «Біз американдықпыз» деп кеуде кереді. Ағылшындар, француздар бәрі де солай. Қазір Қазақстанның да аты әлемге танымал. Еліміз алғашқы болып ядролық қарудан бас тартты, діндер съезін, Ақ Азияданы, ЕҚЫҰ саммитін өткізді. Түрлі халықаралық ұйымдардың мүшесі. Осының бәрі күллі қазақстандықтарға ортақ мақтаныш. Есіме 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасы түсіп кетті. Бәріміз түнімен теледидар алдынан кетпей, еліміздің алтын алуын тіледік. Зулфия Чиншаньло алғашқы алтынды қоржынымызға салғанда, қалай қуандық десеңізші!!! Төбеміз көкке екі елі жетпей қалғандай. Алты бірдей алтынға қол жеткізгенде, жетіншісі қазақтың бір қаракөзіне бұйырса деп армандадық. Оны Серік Сапиев алғанда, қуанышымыз еселей түсті. Чемпиондарымыз көк туымызды жамылып, «Алға Қазақстан» деп ұран тастағанда, тап сол аренада өзіміз жүргендей күй кештік. Көк байрағымыз тұманды Альбион төрінде жеті мәрте биікте қалықтап, Әнұранымыз асқақтағанда, жүрегіміздің тұсын басып қосылып отырдық. Бұл бір ұлтымыздың даңқы асқақтаған, ел бірлігінің салтанат құрған сәттері ретінде есімізде қалды. «Қазақ» болып туылғанымызға бойымызды мақтаныш кернеді. Шетелдік басылымдар да қазақтардың ұлтқа бөлмей, қол жеткен жетістікке қатты қуанғанын жазып, кейбір елдерге бізді үлгі етті.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (94.8 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club