Ежелгі грек философиясы
Автор: _bogenshikk • Апрель 14, 2023 • Реферат • 4,633 Слов (19 Страниц) • 172 Просмотры
Ежелгі грек философиясы
1.Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның нсгізін қалаушы Милет қаласында өмір сүр- ген, жеті данышпанның қатарына жататын, олардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547 ж.). Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.
Аристотель өзінің «Метафизика» деген ьңбегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын жэне содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтындығын мәселе етіп көтергендердің ішіндегі бі- ріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Бұл жер- де су - мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғымы. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жа- ғынан, ол жай су емес, ол - «ақыл-ой», осы түрғыдан ол Құдай тектес дейді. Ол элемдегі барлық затгардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн жэне басқа әлем- дік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар элемдегі болып жатқан қүбылыстардың, іс-эрекеттің негізгі күші, сонымен қатар сол де- нелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде олардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады.
Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңіре- гінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы түрпайы, балаң болғанымен, табиғат құ- былыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықгарын табиғи түргыдан танып- білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан эрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің ілімін эрі қарай оның шэкірті жоне жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б.д.д. 611-545 ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табигат туралы» (бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), «Жер картасы», «Глобус» (бұл ең- бектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнсгізі - апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпли- кийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны - генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз жэне төрт дүлей күштің (Жер, Су, Ауа, От) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі. Анаксименнің ілімінше, Жер жэне басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. Күн де - Жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.
Ауа - тек денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан - бізді біріктірстін бастама. Анаксимен құдайларды да Ауадан пайда бол ды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар Ауаны жаратқан жоқ, кері- сінше, Ауа құдайларды жаратты. Олай болса, құдайлар материалдық түннегіздің модификациясы ғана.
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегі- зін құдайлардың құдірстінсн емес, олардьщ өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Гене- тикалық бастаманьщ, тупнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақьш-ойдан да қашық емес, сондықган ол құдайлармсн пара-пар кұбылыс.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дэстурді ілгері қарай дамыт- қан Эфес қаласынан шьщкан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483 ж.) болды. Оны ілімдегі терең ойлары үшін «Тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай фрагменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.
Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын От деп есептеген. / От мэңгі жэне құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да жаратқан жоқ, ол - өз
заңцылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, эр уақытта болған, бар жэне болатын тірі От. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит Оттың же- тіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, Оттың молдығынан Ғарыштың кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтып келуін жоғарыға қарай жоқ деп атаған. Гераклитгің пікірінше, қарама-қайшылықтар тепе-тең жағдайда болады, бірақ ол тепе-теңдік қарама-қарсылықтардың күресі арқылы бұзылады да, дү- ниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік туады. Қарама-қарсылықтардың күресі - әлемде өзгерістердің болуының негізгі зандылығы. Күрес жалпыға бір- дей, барлығы күрестің жэне қажеттіліктің арқасында пайда болады.
...