Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі үнді философиясы

Автор:   •  Ноябрь 14, 2023  •  Реферат  •  1,820 Слов (8 Страниц)  •  179 Просмотры

Страница 1 из 8

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Спорт және өнер факультеті

“Актерлық өнер”

[pic 1]

Пән: Философия

Тақырып: Ежелгі үнді философиясы

Топ:ӨДЗ-211

Орындаған: Рысқұлбек Әбусұлтан

Қабылдаған: Күзембаева Светлана

Түркістан-2023

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім: Ежелгі унді философиясы
  1. Джайнизм
  2. Буддизм
  3. Локаята (Чарвака).
  1.  Қорытынды: Философия ғылымынын міндеті

Пайдаланылған әдебиеттер:

 Кіріспе

Философия — барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол -үнемі дамып, адамзат акыл-ойынын жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Өкінішке қарай, кешегі Кенес одағындағы барлық республикаларда коммунистік идеология жеке-дара үстемдік құрып тұрған кезде орта, арнаулы орта жане жоғарғы оку орындарында философия марксизмнін үш негізінің бірі - маркстік-лениндік философия турғысынан ғана оқытылды. Сондықтан философияның негіздері, заңдары мен категорияларына, әлемдік философия дамуынын тарихында дүниеге келген түрлі философиялық, ағымдар мен бағыттарға сыңаржак көзқарас үстем болып, дәлірек айтқанда, оларға тек маркстік-лениндік әдістеме тұрғысынан баға беріліп келді. Әрине, марксизм де -әлемдік философия дамуынан өзіне лайықты орын алатын ілім, сондықтан оны философия тарихынан мүлде сызып тастауға болмайды. Мәселе оны үстем философиялық ғылым ретінде қарастырмай, дүние жүзілік философиялык, ой-сананың дамуы контексінде қарастыруда. Егер бұрынғы Кеңес дәуірінде философтар әйтеуір оның үстемдігін, бірден-бір дұрыстығын дәлелдеуге тырысып келсе, ендігі мақсат - оның әдістемелік негізін, ұстаган бағыт-бағдарын, ішкі мәнін талдау арқылы марксизм-ленинизмнің қасаң қағидаға, догматизмге негізделгендігін, кате-кемшіліктерін ашып көрсету. Сонымен қатар оның бүгінгі қоғамдық дамудың қажетіне жарайтын түстарын да шығармашылықпен дамытып, ғылым игілігіне айналдыру.

Ертедегі үнді философиясы

Ертедегі Үндістан төрт кастага бөлінген. Бірі – әскери аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі-абыздар кастасы(брахмандар), үшіншісі-дін басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі-төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Олардыңтеңсіздік жағдайы діни ұтымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік кұрып кетті. Өйткені брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Әрбір веда кейін өз алдына  Брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни араньямаға (тоғай кітабы) айналады, оны таратқан шайқылар,сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдайтын шәкірттер) болды, Бірақ, веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды. Ең алдымен бұларға күмәндана қарап, қарсы тұрғандар рахаттан безген диуаналар еді. Біздің заманымыздан бұрынғы VII — VI ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайни қалыптасты.

Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізі — адам жанын тән қыспатынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм- материяны жансыз дүние затына жатқызады.Әрбір зат (атом не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оғанматериядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық, та кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм бойынша - сана. Жан мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табылады. Материалдық бөлшектер - дейді ол, - жанды белгілі бейнеге келтіреді. Құмарлық, құштарлық білмегендік болады. Олай болса, жанды бұғаудан босату негізі танымда жатыр. Сондықтан джайнизмнің мақсаты - жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру. Джайнизмнің ұстанған тәртібі буддизмнен де қатаң. Мәселен, ахинсы принципі. Мәнісі - ешбір тірі жәндікке кішкентай да зиян келтірмеу. Ол жер жыртуды қуаттамады, оған қарсы. Бұл аскетизме, тіршіліктен безуге әкеледі. Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардын арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәнгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, лаззаттануға қатынасты айкындайды. Ал сансардан азат болу ушін "үш қазынаны" сактау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (154.3 Kb)   docx (85.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club