Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм

Автор:   •  Март 10, 2021  •  Эссе  •  775 Слов (4 Страниц)  •  2,136 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
          әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: «Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»; скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы

         

Орындаған: Нұрланбек Ұлпан ФиАс-219

Тексерген: Кудайбергенова Н.

  Алматы, 2021ж.

Жоспар:

Ⅰ. КІРІСПЕ

а) Дүниетаным және таным түсініктері

Ⅱ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Гносеологиялық оптимизм. Скептицизм. Агностицизм.

ә) Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы

Ⅲ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Адамзат тарихы көптеген арпалыс пен соғысқа, тартылыс пен ұмтылысқа, иілу мен иеленушілікке толы екені белгілі. Адамдар жаңа білімді білуге, жаңашылдыққа ұмтылғаны белгілі. Әлем құпиясын, адам жаратылысын, болмысын зерттеу жолында олар зерденің шығармашылдық белсенділігінің жоғары екендігін көрсете білді. Мыңдаған жылдар мен ғасырлар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты, әрі терең үңіле алды. Қоғамның, әлемнің, табиғаттың көптеген жаңа эволюцияларынан өтті, жаңа заңдылықтары ашылды. Қазіргі уақытта адам білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрай алып отыр. Осы кезде әр адамның дүниетанымы да өзгергені түсінікті. Дүниетаным – ол, жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі болып табылады. Осы кезде философияның таным теориясы адамзатқа үш түрлі түсінік ұсынады: «оптимизм», «агностизм», «скептизм». Таным- адамзаттың санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан әрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Ал таным теориясы- философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты.

 Гносеологиялық оптимизм дегеніміз - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылықты білдіреді. Скептизм (көне грекше: қарастыратын, зерттейтін) - объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады; бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану; күдікшілдік, сенбеушілік.

Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы, ой-пікірі, адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені С.Эмприк. Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”.

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (159.3 Kb)   docx (65.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club