Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм

Автор:   •  Февраль 14, 2021  •  Эссе  •  762 Слов (4 Страниц)  •  863 Просмотры

Страница 1 из 4

Эссе

Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм

Скептицизм – (грек. σκεπτικός – қарастырушы, зерттеуші) – күмәндануды ойлаудың басты принципі ретінде қарайтын философиялық бағыт. Скептицизм бойынша, ақиқаттың сенімділігін оған күмәнмен қарау арқылы тексеру қажет

Д. Беркли философиясын қолдаған шотландық ойшыл Давид Юм (1711- 1776 жж.) : «Бүкіл әлем менің түйсіктерімнің жиынтығы» – деп тұжырымдады. Кез – келген білім «тәжірибеден», сезімдік «әсерлерден» туындайды. Түйсіктер арқылы алынған әсерлер идеяларды қалыптастырады. Бірақ, біздің ойымыз объективті әлемнің тіршілік етуін түсінуде шектеулі, себебі біздің ақыл –ойымыздың шығармашылық күші сезімдер мен тәжірибелер арқылы алынған материалды байланыстыруға, араластыруға, біріктіруге, бөлуге, ұлғайтуға немесе кішірейтуге ғана жетеді. Ал оның ар жағында не бар екенін түсіне алмайды. «Сезімдік тәжірибе бізге жалпы және қажетті білімді бере алмайды» –   осы тұста Юм философиясы скептицизмге бет бұрады.

Таным мәселесінде мағынасы жағынан агностицизмге жақын ұғым – скептицизм. Скептицизм(грек. т. skeptikos –қаарстырушы,зерттеуші, күмәнданушы)  –  дүние туралы абсолютті толық және ақиқатты білім алу мүмкіншілігін жоққа шығарады. Өз бастауын әртүрлі тектегі пікірлердің барлығын мойындай беруден бас тартып, өмірде адамға бағдар беретін және шындыққа жанасатын білім формасын ғана мойындауға шақырған    антикалық «пирронизм» философиясынан алады.

Қазіргі философияда скептицизм критицизм формасын иеленді.  Бұл бағытты ұстанған алғашқы философ ретінде И. Кантты айтуға болады. Критицизм - өте күрделі ұғым,  егер мағыналық жағынан қысқаша түсіндірсек ол көптүрлі рухани құбылыстардың барлығына бірдей жалпы негіз іздемейді, керісінше, әрбір құбылысты жеке негіздеуге ұмтылады. Критицизм өз ізденісін «қалай болуы мүмкін?» (өнер, ғылым, адам, Құдай, өлім, бостандық) деген сұрақтан бастайды. Ол  ештеңені терістемейді, адамдарды қандай да бір пікірлерді, тұжырымдарды қабылдауға міндеттемейді, ол ештеңені алдын ала анықтамайды. Адамға өзінің танымдық қабілетінің негіздерін  ашып беріп, таңдау мүмкіндігін өзіне қалдырады. Критицизм әртүрлі формаларда өмір сүреді: эмпириокритицизм, сыни реализм, сыни рационализм, Франкфурт мектебінің философиясы, постмодернизм.

Осы «Таза ақылға сын» еңбегінде Кант агностицизм – қоршаған шынайылықты танып – білу мүмкіндігін жоққа шығару ілімін дамытты.

        Канттың пайымдауынша, таным процесінде қиындық туғызатын бізді қоршаған шынайылық – объект емес, таным әрекетінің субъектісі – адам, оның ақыл – ойы. Адамның ақыл – ойының танымдық мүмкіндіктері шектеулі. Адам ақылы өзінің барлық  танымдық мүмкіндіктерінің шегінен шықса болды, көптеген шешілмейтін қайшылықтарға кездеседі. Оны антиномия деп атай отырып, төрт түрін көрсетеді:

- кеңістіктің шектілігі туралы антиномия: 1) ғалам уақытпен өлшеніп, кеңістікте шектелген; 2) ғалам уақытпен өлшенбейді және кеңістікте шектелмейді.

- қарапайым мен күрделі туралы антиномия: 1)қарапайымнан құралған қарапайым элементтер ғана өмір сүреді; 2) әлемде қарапайым ешнәрсе жоқ.

- еркіндік пен себептілік туралы антиномия: 1)табиғат заңдылықтарына  бағынған себептілік қана емес, еркіндік те бар; 2)еркіндік жоқ, әлемде барлығы табиғат заңдылықтарына  бағынған себептілік арқылы ғана болып жатады.

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (109.4 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club