Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі
Автор: dakoshhhhh • Февраль 19, 2022 • Эссе • 734 Слов (3 Страниц) • 419 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
СӨЖ-1
Тақырыбы:Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі
(эссе)
ФАКУЛЬТЕТ: ФИЛОЛОГИЯ
МАМАНДЫҚ: «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»
1 КУРС,104 ТОП
Орындаған: Нүсіпбәлі Д.Е.
Қабылдаған: Дуйсенова С.М.
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі қандай? Және ол қалай көрініс табады? Тағысын тағы сұрақтар өте көп. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтанудың рөлі туралы сөз қозғамас бұрын әлеуметтану дегеніміздің жалпы анықтамасымен танысып алғанымыз жөн болар.
Әлеуметтану дегеніміз-қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институттарының бірі де бірегейі болмақ. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалаған екен. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды, яғни О.Конт бұл терминді өз еңбектері мен зерттеулерінде пайданалып бастаған. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Сөйтіп, әлеуметтану қоғаммен тығыз байланысқа түсті.
Қоғам мен әлеуметтануды байланыстыру үшін немесе қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлін ұғынуымыз үшін, әуел әлеуметтанулық қиял ұғымына тоқталайық. Әлеуметтанулық қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, әлеуметтік құрылымдарды, толықтай болмаса да ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айта аламыз. Осы әлеуметтанулық қиял ұғымы туралы Ч.Райт Миллстің пікірі былай екен: «әлеуметтік қиял дегеніміз-жеке бастағы қиындықтарды, мысалы, кедейлік, ажырасу және сенімнің жоғалуы, аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну». Миллстің пікіріне қарағанда, біз көп нәрсені толықтай бақылай алмаймыз. Көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да, біздерден тыс жүзеге асып жатады.
Әлеуметтанудың қоғамдық өмірмен байланысына келер болсақ, оның тығыз байланыста екендігін екеуі арасындағы, я болмаса жеке дара атқарылатын қызметтерден аңғаруға болады. Әлеуметтануда қоғамдағы басқа ғылымдар сияқты, ең бірінші танымдық функциясын атқарады. Және де әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, онымен деңгейлесіп дәрежесін өсіріп отырады. Қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарының болашағына кең жол ашып береді. Әлеуметтанудың қоғамдағы атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс-әрекет әрқашан бірлтікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда, әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыға шығады.
...