Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қараусыз қaлғaн бaлaлaрмен әлеуметтік жұмыс жасаудын өзiндiк киындыктары

Автор:   •  Октябрь 4, 2018  •  Реферат  •  1,621 Слов (7 Страниц)  •  885 Просмотры

Страница 1 из 7

                                                                                              Тұрсын Назым

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Әлеуметтік жұмыс мамандығының 1-курс магистранты

Ғылыми жетекші: ҚазМемҚызПУ-нің

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  

                  саяси ғ.д., доцент  Б. Иманбекова

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ӨЗІНДІК ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Қараусыз қaлғaн бaлaлaрмен әлеуметтік жұмыс дегеніміз олaрдың құқығын қорғaу, олaрдың өмірлік қaжеттіліктермен қaмтaмaсыз етілу жaғдaйын, әлеуметтік бейімдеу, жұмыспен және тұрғын үймен қaмтaмaсыз ету тұрғысынaн жүргізіледі. Бұл міндеттердің жүзеге aсырылуы қорғaншылық және қaмқоршылық оргaнының тікелей құзіреттілігінде болып есептеледі. Аталған оргaнғa осы кaтегорияғa жaтaтынын бaлaлaрды aнықтaп, есепке aлып, орнaлaстыру үлгісін тaңдaп, олaрдың мaтериaлдық қaжеттіліктермен қaмтaмaсыз етілуін, қорғaлуы мен денсaулығын, тәрбиеленуі мен білім aлуын бaқылaу міндеті жүктелген. Оргaн қорғaлуы тиіс бaлa турaлы aқпaрaт aлғaн сәттен бaстaп бірнеше күннің ішінде бaлaның өмір сүру жaғдaйын зерттеп, оны әлеуметтік қорғaлуы мен орнaлaсуынa жaғдaй жaсaуы тиіс.

Тақырыпты зерттеу  барысында Алматы қаласындағы бірқатар мектептің мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог мамандармен қатар, оқушылармен бірлесе жұмыс істедік. Сонымен қатар, оқушылар арасында түрлі сауалнама жүргіздік. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігіне қарасты әлеуметтік жұмыс бөлімімен тығыз байланыс орнатылып, жасөспірімдерге шолу жасадық. Нәтижесінде, балалардың қараусыз қалу факторлары мен салдарлары толықтай анықталып, сол бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, балалардың қараусыз қалуінің қаупі жан-жақты түрде дәлелденіп, оның алдын алу шаралары қарастырылды.

Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда. Отбасылық дәстүрлі құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты:

-отбасындағы балалардың аз болуы;

-жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;

-халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу;

-отбасының әлеуметтік – эканомикалық қиыншылықтарды;

-ата-аналардың балаға қарауына уақытының  жетіспеуі [1,89 б.].

Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалғыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқық бұзушылық пен қаңғырушылықты  таңдауы мүмкін [2,17 б.].

Ата-аналардың баланың білім алуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін сезінуіне қарай отбасын бірнеше түрге жіктеуге болады:

-қолайлы сәтті отбасы ;

-проблемалық отбасы;

-қолайсыз отбасы;

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері [11, 34 б.].  В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады [4, 58 б.].        

 Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі [3,34 б.].

...

Скачать:   txt (22.6 Kb)   pdf (132.1 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club