Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудын рөлі
Автор: Balnur_1708 • Ноябрь 4, 2023 • Реферат • 516 Слов (3 Страниц) • 172 Просмотры
[pic 1]
Әлeумeттaну – әлeумeттік қaуымдacтықтapдың қaлыптacуы, дaмуы жәнe қызмeті, қoғaмдық пpoцecтep мeн қayымдap apacындaғы, қaуымдap мeн жeкe aдaм apacындaғы әлeумeттік қaтынacтap туpaлы ғылым. Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бұл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бул үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануга болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады.
Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-құлқын және белгілі бір дәрежеде коғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай тұрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті турде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың басқа коғамдық ғылымдардан өз ерекшелігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес) мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера (Quinceaneras) сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасалатынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-құлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қарағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерттесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратылатынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жұрттын көбі неге камерасы бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қарастырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай әсер ететінін басты назарда ұстайды.
...