Шпаргалка по "Журналистике"
Автор: Akniet Slambekova • Февраль 22, 2022 • Шпаргалка • 5,845 Слов (24 Страниц) • 234 Просмотры
- Ахмет Иүгінеки еңбектері туралы сипатаңыз
Ахмед мақтаулы деген мағына білдірсе, шынында да ол, жарық дүниенің жүзін көрмеген зағип, үлкен ерлік жасады. Көкірегі көреген Ахмет түрік және араб тілдеріне бірдей жорға, талантты парасат иесі еді. Тумысынан зерек баланың мұншалық биікке көтерілуі әкесі Махмуд ақынның да арқасы болса керек. Иүгінеки-дүниеге келген жерінің аты. Түркістан маңындағы Жүйнек деген жерде туып-өскенін көрсетеді. Иүгінеки ХХІІ ғасырда өмір сүрген адам. Одан гөрі дәлірек мағлұмат сақталмаған. Алғаш білім уызына қанған жері Түркістан қаласы. Содан соң Бұхарада оқыды. «Һибатул хақайық»-«Ақиқат сыйы» атты еңбек жазып, өзінің де, елінің де даңқын шығарды. Кітап уағаз өлең түрінде жазылған. Қолжазбаның түпнұсқасы жоғалған. Бізге жеткені 1480 жылы жасалған көшірмесі. Көшірме Ыстамбұлдың Айя София кітапханасында сақтаулы. Бұл қолжазбаны сол кітапханадан тауып алған ғалым-Нәжіп Әсім. Орыс тіліне С.Е.Малов және Е.Э.Бертельс, неміс тіліне В.В.Радлов, француз тіліне И.Я.Дени аударған. Түпнұсқаны үш көшірмемен салыстыра отырып, ғылыми сындарлы нұсқасын жасаған Р.Р.Араттың еңбегі айрықша бағаланады. «Ақиқат сыйын» өзбек, қазақ ғалымдары да зерттеп келеді. Бұл мұра қазақ тілінде 1985 жылы толық жарияланды. Жеке кітап боп шықты. Түпнұсқаның фотокөшірмесін, кириллица әрпімен орындалған транскрипциясын, прозалық және поэтикалық тәржімасын жасап, баспаға дайындаған ғалымдар-Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов.
Автор адам тірлігіне қажет көп-көп зәру проблемаларды алға тартады. Бірінші сөз білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы мәселенің бетін ашады. Екінші сөзі тілдің пайдасы мен зиянына арналады. Үшінші сөз дүниенің бір қалыпта тұрмай өзгеріп тұратындығы туралы. Бұдан әрі жомарттық пен сараңдық, тәкаппарлық пен кішіпейілділік, дегбірсіздік пен сабырлылық хақында ой толғайды. «Мың дос-аз, бір дұшпан-көп» деген сияқты Пайғамбардың қағидаларына сүйеніп отырады.
- А.Байтұрсыновтың баспагерлік қызметі туралы баяндаңыз
Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынов көреген саяси басшы болумен қатар, артына баға жетпес творчестволық мұра қалдырған әдебиетші, ақын, жазушы, оқымысты адам. Оның атақты «Маса» атты шығармасы 1911 жылы Орынборда «Дин уә мағишат» баспасынан 2000 дана тиражбен жарық көрді. Жинақ ақынның өз төлтума өлеңдерінен және тәржіма өлеңдерден құралады. Араға үш жыл салып жинақ екінші рет басылды. Бұл жолы жинақ көлемі 47 бетке көбейді. Оған автордың өзі жаңадан шығарған өлеңдерінің үстіне А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов өлеңдерінен және И. А. Крылов мысалдарынан төржімалар енгізілді. Кітап 1914 жылы «Каримов және к°» баспаханасында 6 баспатабақ көлемінде, 3000 дана таралыммен шықты.
Ахмет Байтұрсынов халық ағарту ісіне орасан зор үлес қосты. Ол араб графикасын қазақтарға ыңғайлап жетілдірді. Оқылуы, жазылуы қиын әліппеге қазақ тілінің ерекшеліктеріне қарай өзгерістер енгізді. Жаңалық қара танитын қазақтың бәріңе ұнады. Ол бойынша жазылған оқулықтар халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. 1912—1916 жылдар ішінде Орынборда осы қазақ тілі жөніндегі оқулық бес рет басылып шықты. Ахаңның революцияға дейінгі басылымдарының бірі «Қырық мысал». 1911 жылы алғаш басылуында кітап 96 беттен тұратындығы, жинаққа Ахмет Байтұрсыновтың 1901—1904 жылдары орысшадан қазақшаға тәржіма еткен мысалдар енгізілгендігі айтылған. «Қырық мысал» екінші рет сол Орынборда 1913 жылы төрт баспатабақ көлемінде 3000 дана тиражбен қайта басылады. Мысалдар Крылов пен Хемницерден аударылған.1914 және 1916 жылдары тіл жөніндегі оқулық «Оқу құралы. Қазақша алифба» деген атпен және шығады. Бұрынғы оқулық мәтініне қосымша хрестоматиялық материал, қазақ фольклорының жанрлары: бата, жұмбақ, бақсы бәйіттері, өлеңдер, мысалдар енгізілді. Соңғы екі басылымның жалпы таралымы 8000 дана.
Өзінің революцияға дейінгі әдеби-ғылыми еңбегі хақында Ахмет Байтұрсынов былай деп жазады:
«Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтiн емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз,публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру ісімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты». (Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы, «Жалын», 1991. 10, 11 беттер.)
...