XIX-XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастар, саяси ойлары
Автор: Aknur_0001 • Октябрь 12, 2023 • Эссе • 287 Слов (2 Страниц) • 170 Просмотры
XIX-XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастар,
саяси ойлары
ХIX-XX-шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының бірі қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.
Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты.
Ендігі кезекте қазақ ұлт зиялыларының көзқарасына мән беретін болсық, Ә.Бөкейхан өзінің шығармалары мен мақалаларында басты мақсат етіп қазақ халқын Ресей империясының құлдық-бұлғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа елмен тең құқықта болуды, өзін-өзі басқаруды алға қояды. Ал, Ы. Алтынсариннің еркі жоқ бұқараның қорғаушысы болып, езілген, сауатсыз халыққа жасаған қанаушылардың әділетсіздіктеріне, қастандықтарына, зорлық-зомбылықтарына, заңсыздықтарына қарсы шықты. Ол қоғам ауырпалықтарын, үстем таптар өкілдерінің ел үстінен күн көрген жарамсыз мінездерін өткір сынға алды. Осылайша қазақ зиялылары қорғансыз халықты орыстың озбыр саясатынан құтқарғысы келеді, бұлай дейтінім қара халықты басынып, олардың сауатсыздығын пайдаланып, елді жойғысы келген саяси партиялар аз болмады.
...