Демографиялык саясат: бyгiнi мен ертенi
Автор: Hector Bellerin • Март 28, 2023 • Курсовая работа • 3,575 Слов (15 Страниц) • 251 Просмотры
[pic 1]
Көкшетау қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМЫ
Тақырыпша:ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
Тақырып: “ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ ”
(3142 сөз)
Орындаған: .................. ______________
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: ______________
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:. _________
(аты-жөні, қолы)
Көкшетау, 2019
Мазмұны
1.Кіріспе 3
2. Қазақстандағы демографиялық дамудың негізгі үдерістері 4
2.1. Негізгі демографиялық көрсеткіштер 4
2.2. Облыстар бойынша халық саны 5
2.3. Көші-қон процесстері 6
3. Қазіргі Қазақстанның демографиялық саясаты 6
3.1. Демографиялық саясаттың әлсіз және күшті жақтары, мүмкіндіктері, қауіп-қатерлері 6
3.2. Демографиялық саясатты шешу және одан әрі дамыту жолдары 10
3.3. Демографиялық болжау, негізгі трендтер 11
4. Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
1.Кіріспе
Халық – мемлекеттің негізгі байлығы, өйткені онсыз елдің өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ бірнеше жылдар бойы елімізде болып жатқан демографиялық үдерістердің жақсартатын тұстары да бар. Бұл мәселені шешу үшін "Қазақстан – 2030" даму Стратегиясында мемлекеттің күшті демографиялық саясаты жетекші басымдық дәрежесіне қойылған және елдің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені демографиялық даму экономиканың өсуіне және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді [1].Демографиялық саясат – халықтың өсімін молайту үдерістерін реттеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де әлеуметтік институттардың халық саны мен құрылымын, динамикалық үрдістерін сақтауға немесе өзгертуге арнайы бағытталған мақсатты қызметі болып табылады.Демографиялық саясат халық өсімінқоғамдық дамыту үшін ұдайы өндіру мен қоныстандырудың неғұрлым қолайлы түрін қалыптастыруға бағытталған.Ол сыртқы және ішкі көші — қонды реттеу, урбанизациялауүдерістеріноңтайландыру, денсаулық сақтау қызметін жетілдіру жолымен өлім-жітімнің неғұрлым төмен деңгейіне қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтуы мүмкін, оның негізгі міндеттерінің бірі – әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-заң және насихаттау құралдарының көмегімен туу режиміне ықпал ету (оны ынталандыру және шектеу)[2].Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есептері, "Қазақстан Республикасының демографиялық болжамы: негізгі трендтер, сын-қатерлер, практикалық ұсынымдар" тақырыбындағы талдамалық баяндама, "Қазақстан-2030", "Қазақстан-2050"стратегиялары құжаттарының материалдары пайдаланылды.Курстық жұмыстың тақырыбы өте өзекті, өйткені қазіргі уақытта Қазақстандағы демографиялық жағдай ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.Осы жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі Қазақстандағы демография саласындағы мемлекеттік саясатты егжей-тегжейлі талдауды жүзеге асыру, елдің одан әрі демографиялық дамуына болжам жасау.Сондай-ақ, маңызды міндеттерге негізгі үрдістерді анықтау, демографиялық жағдайдың нашарлау себептерін анықтау және Қазақстандағы келеңсіз үрдістерді еңсерудің және жағдайдың жақсаруының ықтимал жолдарын қарастыру жатады.Елде демографиялық саясат қалай жүргізіліп жатқанын егжей-тегжейлі талдау үшін күшті және әлсіз жақтарын, қауіп-қатерді және демография саласында қандай мүмкіндіктер бар екенін анықтау қажет.
...