Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Автор: Mr.Karol • Ноябрь 24, 2022 • Эссе • 2,057 Слов (9 Страниц) • 2,982 Просмотры
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ИТСУ кафедрасы
Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану)
пәнінен
СӨЖ
Есеп беру
Тақырыбы: .«Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері» тақырыбына дәлелді эссе жазу.
6В07108 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы
Орындаған __АУк 21-7 __топ студенті ______ Тилепов Жигер _________
Қабылдаған: Абдыкалык Айнура
_________________......____________________ «15»______09_____2022ж.
(баға) (қолы)
Алматы 2022
«Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері»
тақырыбына дәлелді эссе жазу.
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Билік мақсаты — көп қырлымды ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады. Және билік басқа елдермен қарым-қатынас болып сол елде лауазымын яғни дәрежесін сақтап қалу. Биліктің көптеген түрі бар: мемлекеттік және отбасы билігін айтуға болады. Мемлекеттік саясаттану жалпы қоғамдағы негізгі билікті қалыптастырады. Осы билікке қоғамдағы барлық мүшелер бағынуға және құрметтеуге тиіс. Негізгі мемлекеттік билікті басқаратын мүшелер бұл парламент пен президент болып саналады.
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы. Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай — монархиялық республикалық,президенттік және парламенттік; мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.
Жалпыға келгенде мемлекеттік билік туралы нақты көз қарас жок, мемлекеттерде әр түрлі билік жайлы тұжырымдамалар бар олар: Теологиялық, Бихевиолистикалық, Психологиялық. Бұларды қысқаша тұжырымдағанда Теологиялық бұл - билік адамның белгілі бір мақсаттарға ұмытысымен түсіндіріледі өйткені бұл мақсаттар түрлі болуы мүмкін. Бір қатар адамдар билік арқылы күн көруге тырысады. Басқа біреулердің мақсаттары атақ – абыройға қол жеткізу, қажетті таныстың лауазымын көтеру болып саналады. Бихевиолистикалық бұл - билік әр адамды туғаннан қалыптасқан бағыушылыққа немесе бұйрық берушілікке бейімділіке түсіндіріліп сондықтан бұйрық беруге қаблеті бар адамдар билікке ұмтылады. Психологиялық бұл - билікке тырысу адамның белгілі бір кемшілігімен түсіндіріледі. Егер адам қандайда бір жетіспеушілік сезінсе (моральдық және тәндік әлсіздік) бұл оны мазалайды. Өмірінде белгілі бір кемшілік қалыптасады, сондықтан бұл жетіспеушілікті билікке жету арқылы өтеуге тырысады.
Адам билікті өз қолына алған соң ол басқа адамдарды билеу құқығына ие болады. Және адам биліке қол жеткізгеннен киін 2 түрлі қасиетке болінеді олар бұйрық беру мен билікке яғни жауапкершілігі сезімі пайда болады.
Объектінің өз еркімен субъектіге бағынып және оның айтқанын орындауының бірнеше түсініктемесі бар.
а) объект субъектінің еркін қорыққанынан және билік құрылымдар жағынан қандай да бір санкциялардан сескенгенінен өз еркімен бағынады. Мұндай ситуация көбіне демократиялық емес мемлекеттерде кездеседі яғни тоталитарлық, автолитарлық билік.
б) табиғи бағыну жеке адамның әдеттерінің күшінде жатыр, жүз жеге бойы қандай да бір белгілі билікке әдеттенген халық осы әдеттен өте қиын шықты және соның ішінде басым бөлігі КССРОның орнатқан тоталитарлық режимі.
Шынайы беделге негізделген билік – ең беделді, сенімді билік болып есептеледі.
Биліктің типтері
Билік іске асуы үшін – билікті іс-әрекеттердің орындалуының белгілі тірей қажет. Осының күшінде билік түрлі ресурстарға сүйенеді: экономикалық, әлеуметтік, рухани.
Экономикалық билік – бұл елдің экономикалық ресурстарының үстінен бақылау, бұл жай уақытта билігін іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық билік түрлерінің ішінде – экономикалық билік ең тиімді күштесі болы табылады. Басқа сөзбен айтқанда экономикалық билік – материалдық байлықтарды игеруде пайдаланылады. (Бұл билік адамға). Әлеуметтік билік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік билігі.
Белгілі бір жерінде қорланады. Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында белгілі бір орынға ие болуына мүмкіндігі бар. Бұл биліктің көмегімен адам материалдық және рухани байлыққа құқылы ететін қандай да бір жеңілдектерге, әлеуметтік жағдайға қол жеткізеді.
Рухани билік – адамдарға ақпарат, ғылыми жетістіктер арқылы іске асырылатын құралдары және т.б. арқылы іске асырылады.
Принудительное билік – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. әр мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар. Силовые құрылымдар. Шенеуніктік аппарат, әскер, сот, түрме, прокуратура және т.б. кіреді.
Капиталистік формацияның кезеңінде мемлекет пен адамның қарым-қатынасын қарастыратын либералдық теория пайда болады. Оның мәні: мемлекеттік осы мемлекеттік жеке азаматтары құратын болғандықтан мемлекетті құрамы адам алғышқы болады ал мемлекеттің басқарушы жағдайынан шығады да, ал мемлекеттің өзі адамды барлық құқықтарымен, еркіндігін өмір сүруіне кедергі жасамай қорғап отыруға міндетті марксистік концепция. Тоталитарлыққа өте жақын. Оның түйіні: мемлекет пен адамның қарым-қатынасы классикалық негізде құрылады. Адамның қандай – да бір классқа қатысы хатпен оның қоғамдағы орыны анықтайды.
Осы теория бойынша мемлекетпің беретін көлеміндегі қандай да бір құқығын алады. Үстем етуші класс бір клас өкілдеріне көбірек, келесі біреуіне азырақ беруге құқылы. Бұл концепцияда индивид өзінің жеке «Біз» деген мағынаға кіреді. Бұл түсіністі қандай – да бір класс, партия және т.б. өзіне алуы мүмкін.
Жеке тұлғасыз қазіргі заманғы құқығы. Қазіргі заманғы қоғамды демократизация, демократия, мемлекеттің өркениет тілігі адам құқығына қатысына байланысты. Бұл адам құқығының негізіне қағаз құқық яғни ол құқық адамның туғанда алатын құқығы өмірге сүру құқығы еркіндік, бостандық қойылуы керек.
Бұл құқықты адамнан ешкім ала алмайды қазіргі заманғы қоғамда адамның барлық құқығын бес типке бөлуге болады азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени.
Азаматтық-бұған тарихи құқық кіреді. Бұл мемлекетке тәуелді емес құқықты ЕРКІН-деп, ал мемлекеттің өз азаматтарын, қамтамасыз ететін құқығы Жекелік құқық деп айтады.
Саяси-мемлекеттің өзіндегі азаматтарына саясат саласынан берілетін құқықтар.
Экономикалық-бұған материалдық ресурстарды пайдалану құқығы кіреді. Оның ішінде ең бастысы және оны пайдалану құқығы. Ал Ресейде мұндай құқық 17-жылғы төңкеріске дейін болды және көптеген жылдар бойы жағылып кетіп, ал қазір қайтадан пайда болды.
Мәдени – мемлекеттің рухани байлықтарына пайдалану құқығын айтады. (кітапханалар, театрлар, және т.б.)
Көп елдерде осы басшылыққа алынатын құқықтар елдің конституциясында жазылған және оның іске асыруына кепілдік береді.
Билікке құқық соңдай-ақ басқарушылардың қолында әрқилы билік көздерінің болуымен де қамтамасыз етіледі, бұлар:
Экономикалық. Билік құрушының экономикалық ресурстарға ие болу және басқару кұқьны. Бұл меншікке ие болу, оны басқару, экономикалық ресурстарды бөлу, экономикалық көтермелеу мен жазалау кұқығы. Сондықтан да, экономикалық тұрғыдан үстем сословиелер, таптар, экономикалық элита билік органдарында берік позицияларды иеленеді.
Идеократтық. Идеология бұқара халыққа биліктің ыкпал етуінің құралы ретінде пайдаланылады. Бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару, осы проблемаларды өз мақсатына пайдалану үшін идеялықтеориялық кестені қалыптастыру және бұқараның осыған тиісті мінез-құлқын дағдыландыру — биліктің осы көзінің қызметіне жатады. Дін мен шіркеу биліктің аса күшті идеократтық көзі болды. Осы қайнар көздің негізінде клерикалды саяси қозғалыстар, клерикалдық, теократиялық билік пайда болды. Биліктің аса күшті идеократтық көздеріне өзгеше ойлауды кудалау мен идеялық қысым көрсету тән болған фашизм, национал-социализм, коммунизм секілді тоталитарлық режимдер ие болды.
Акрараттық. Қазіргі танда БАҚ-тарға ие болу және басқару бұқаралық санаға тікелей немесе жанама әсер етудің құралдарына айналуда. БАҚ саяси басымдықтарды анықтап, адамдардың әуестіктерін кзлыптастырып, оларды саяси жағдайға бағыттап бұқара санасын манипуляциялауы мүмкін. Қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, кім БАҚ-қа ие болса, сол бұқараның көңіл-күйі мен жүріс-тұрысына өте күшті әсерін тигізеді. Ақпарат виртуалдық шынайылықты қалыптастырып не бұқараны тыныштандырады, не керісінше дүрліктіреді.
Авторитарлық. Билік субъектісінің беделінен туындайтын билік көзі. Бедел мәжбүрлемей, күштемей бағындырудың құралы ретінде кез келген билікке қажетті. Авторитаризм, авторитарлық — билік органдарының белгілі бір құрылымдарына, билікті жүзеге асырудың өзіндік өдістеріне ие билік құрудың ерекше формасы.
Харизматикалық. Харизма (гр.сөзі charisma — құдай берген қабілет) — билік функциясын орындау үшін оны иеленуші субъектінің бойындағы ерекше икемділіктің, қабілеттің бар болуы. Харизма — бұқаралық сананың құбылысы. Бұқара халық қана лидерде харизматикалық қасиеттердің бар екенін танып, оны билік тұғырына көтереді, оған табынады әрі бағынады. Алайда биліктің бұл көзі мәңгілік емес. Уақыт өте келе билік құрушы субъектінің харизмасы көмескілене бастайды, бірақ идеологиялық көтермелеу арқылы оны ұзартуға болады.
Психологиялық. Билік құру жинақталған іс-өрекет болғандықтан билеушілердің де, бағынушылардың да психологиялық қабылдауының ерекшеліктерін қалыптастыратын психологиялық негіздерге ие екендігі сөзсіз. Сондықтан қоғамдағы бір адамдарда баскдруға, лидерлікке, билік құруға деген табиғи психофизиологиялық қабілет дамыса, оған керісінше, басқаларында бағыну, бас ию сияқты касиеттер басым болады. Дегенмен, индивидтерді бұлай бөлу принципті тұрғыда дұрыс емес, себебі ол адамзат тұлғасының тұтастығына, оның өзіндік ерекшелігіне, қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Бірақ адамның жүріс-тұрысының оның қоғамдық мәртебесіне сөйкес болмауы өте жиі кездесетін құбылыс. Адамның гендік құрылымында агрессивтілік, үстемдікке, басшылыққа ұмтылу сияқты касиеттер болуы мүмкін, ол мәселен, күнделікті өмірде ол адамның мінез-құлқындағы девиаңияға (кейінгі лат. Deviatio — нормадан ауытку) соқтырса, ал саясатта билікке ұмтылу ретінде жүзеге асады.
Күштеу. Биліктің өзіне төн ерекшеліктерінің бірі — мәжбүрлеу оның қоғамда күштік көзінің бар екендігін көрсетеді. Бұл бағынушыға қатынаста күш көрсету, мәжбүрлеу акцияларының әрқилы формалары. Алайда, өркениеттің дамуымен күштеп мәжбүрлеу тек мемлекеттік биліктің атрибуттық белгісі болып саналады. Ал күштеп мәжбүрлеудің кез келген басқа тәсілі озбырлық, құқықтық емес акция, жеке адамдардың қарапайым құқықтарын бұзу ретінде қарастырылады. Мемлекеттік биліктің мәжбүрлеу функциясының өзі заңдармен белгіленген, ол тек белгілі бір құқықтық шеңберде ғана мүмкін болатын іс-әрекет.
Формальды-бюрократиялық. Өркениеттің дамуымен биліктің киелілігі акральдылығы) жоғалып кетеді де, биліктік іс-әрекеттің рутинизациялануы пайда болады.
Саясат — адамдар бұкарасының жүріс-тұрыстарына ықпалын жүргізу, манипуляциялау, сондықтан саяси билік, ең алдымен, биліктік әсер етудің объектісі ретінде ерекшеленеді, яғни адамдардың аса үлкен бұқарасын қамтып, биліктік әсер етудің әрқилы құралдарын пайдаланады. Саясатта адамдардың шынайы мүдделері жинақталған, шоғырланған формада болса, саяси билік мейлінше басым сипатта болады. Ол мемлекет пен мемлекеттік билікті, мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатыстыру мен оған қысым көрсету жолымен пайдалануға ұмтылады. Яғни адамдардың үлкен бұқарасының өрекетін біріктіруге жөне олардың бірлігін қамтамасыз етуге ұмтылу, саяси шешімдердің үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік билікке әр түрлі жолмен қысым көрсету — саяси биліктің өзіне тән ерекшеліктері. Билікті жіктеген кезде қоғамда ашық, заңды билікпен кдтар жасырып, заңсыз, мафиялық биліктің бар екендігін ескере кеткеніміз абзал. Өйткені қоғамдық өмір көп қатпарлы, онда өзінің биліктік қатынастарын қалыптастырып, әрекет ететін жасырын тұстар да бар. Мафиялық биліктің іс-әрекеті деструктивтік сипатта болғандықтан, қоғам мен мемлекет оның мемлекеттік тіркеуден өтуін, іс-әрекетінің зандастыруын, кұкықтык нормаларға бағынуын талап ете отырып, онымен күрес жүргізуге мәжбүр. Жасырын мафиялық билік мемлекеттің бақылауында болмайтың құрылымданған жүйе.
...