Биліктің қалыптасу тәсілдері мен көздері
Автор: Nazioka_ • Февраль 17, 2023 • Реферат • 1,284 Слов (6 Страниц) • 777 Просмотры
Биліктің қалыптасу тәсілдері мен көздері
Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, социологтар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңірі билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Көптеген әлеуметтанушы ойшылдар және философ қоғам қайраткерлері билік сөзіне өзіндік анықтамаларын беріп кеткен. Мәселен , шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун «адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі» деген екен. Сондай-ақ, американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік. 1 Телеологиялық анықтама - билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. 2 Бихевиористтік анықтама - бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. 3 Инструменталисттік анықтама - мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. 4 Структуралисттік анықтама - билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. 5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді. Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді - күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат. Билік көздері-бұл бастапқы билік. Биліктің бастапқы көздерін ашпай, қасиетті сұраққа жауап беруге болмайды: кейбіреулер неге басқарады, басқарады, ал басқалары оларға бағынуға мәжбүр? Билік, күш, бедел, заң, байлық, харизма, құпия, қызығушылық, Әлеуметтік және саяси мәртебе және т. б. биліктің қайнар көзі бола алады. Билікті жүзеге асыру жолдары әртүрлі болып келеді. Дәстүрлі биліктің тәсілдері сендіру мен мәжбүрлеу болып табылады. Адамзат дамуының тарихында бұл екі әдіс алма-кезек қолданылып келеді. Сендіру адамның ерікжігері мен санасына идеологиялық құралдар арқылы белсенді ықпал ету арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық құралдар да барынша қолданылады. Қазіргі таңда моральдық тұрғыдан ықпал ету, материалдық ынталандыру арқылы мемлекеттік органдар адамдардың жеке мүдделеріне ықпал етіп, нәтижесінде оларды биліктің еркіне бағындырады. Билік әдістері – саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.
...