Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрғын үйдің канализациясын жобалау

Автор:   •  Декабрь 18, 2020  •  Лекция  •  1,466 Слов (6 Страниц)  •  734 Просмотры

Страница 1 из 6

№ 2 Есептік-жобалау жұмысы 

Тақырыбы: Тұрғын үйдің канализациясын жобалау 

Ішкі канализация жүйелері деп ғимараттарда пайдаланған кірленген суларды қабылдап, оны тазартып сыртқы канализация тораптарына әкетуге арналған инженерлік құрылымдар мен ғимараттардың жиынтығын айтады.

  Ішкі канализация жүйелері тағайындалуы бойынша мына жүйелерге бөлінеді:

  • Тұрмыстық жүйе;
  • Өндірістік жүйе;
  • Жаңбыр жүйесі.

Тұрмыстық жүйе – тұрмыста ас бөлмелерде, ванна, унитаздардан пайдаланған ластанған суларды әкетуге арналады.

Ішкі канализация жүйесі мына элементтерден турады: су қабылдағыштар

(санитарлық құралдар), гидрозатвор, этаждардағы әкететін құбырлар, тік құбырлар, жинайтын  және шығратын құбырлар, желдеткіш құбыр, фасонды жалғағыш бөлшектер, тексергіш, тазалайтын тығын және бақылау құдығы.

Ішкі канализация жүйесі желдетуге арналған құрылғылармен (желдету құбырларымен), бітіп қалған жағдайда тавзалау үшін (ревизиялармен, тазалау түйіндермен) және бөлмелерді канализациялық тораптан бөлінетін жағымсыз иістер мен газдардан қорғау үшін (гидравликалық затворлар - сифондармен) жабдықталады.

Ішкі канализация торабын келесі ережелерді сақтап төсейді:

- алып кететін құбырларды еденнен жоғары қысқа қашықтықта қабырға бойымен төсейді, соңында және бұрылыстарда тазалайтын түйіндер орнатады.

- ластанған суларды үйдің төменгі бөлігіне тасымалдайтын канализациялық тік құбырлар, лас суларды қабылдағыштарға жақын орналастырады (әжетханаларда, ас бөлмелерде). Канализациялық тік құбырлар барлық биіктігі бойынша бірдей диаметрлі болуы тиіс, оларға жалғанатын су қабылдағыштардан келетін құбырлардың диаметрлері кіші болады. Тік құбырлар ашық түрде қабырғаның және аралықтың жанында (бұрышқа жақын) орналастырылады.

- тік құбырлардан келген лас суларды үйдің сыртындағы аулалық канализациялық торапқа алып кету үшін су шығарғыштар тік құбырларға тегістеліп жалғанады. Олардың диаметрлері 50 мм болса 0,025-0,035 еңістікпен, ал диаметрлері 100 мм болса 0,012-0,02 еңістікпен төселеді. Сыртқы қабырғадан бақылау құдығына дейінгі суды шығаратын құбырдың ең аз қашықтығы топырақтың түріне байланысты қабылданады: қатты топырақтар үшін 3 м, ірі қуысты шөгетін топырақтар үшін 5 м.

Ішкі канализацияны есептеу

Ішкі канализацияны торабы әдетте 50 және 100 мм канализациялық құбырлармен жинақталады. Ішкі канализация жүйелерінің есебі қарастырылып отырған тұрғын үйдің ең алдымен аксонометриялық жоспарын құрумен басталады. Есептік бағыт бойымен ең алыс тік құбырдан жоғарыдан төменге қарай, онан сыртқы қарайтын құдыққа дейінгі учаскелелерді нөмерлеп бөліктерге бөледі. Аксонометриялық  схемада есептік бағыт бойынша бөліктердің ұзындығы, диаметрлері және еңісі көрсетіледі. Тағы да құбыр жолдары толып қалып жататын жағдайда оны тазалау үшін қойылатын ревизиялар, құбырдың бұрышы доға болған соң, ол жерді де ашуға болатынын ескеріп, аксонометриялық сызбада шартты белгімен көрсетіледі.

Ғимараттан канализациялық шығулар мен құрама сызықтарын мына шарттың орындалуына тексереді:

                                        v[pic 1]

Есептеуді учаскелер бойынша келесі тәртіппен жүргіземіз:

1) Торабтың аксонометриялық сызбасында есептік бағыт таңдалады – кіретін жерден суды тарататын құралдарға дейінгі аралық – кірген жерден ең алыс, ең жоғары орналасқан, түйіндік нүктелер белгіленеді және олардың аралығы анықталады.

2) Учаскелердегі есептік мөлшерлер формула бойынша есептеледі:

                               Q=5 q0,[pic 2] α+1,6,  (л/с)

мұнда α – өлшемсіз коэффициент, қосымшаның 1 кестесінен РN тәуелділігінен алынады (ЕЖЖ №1),

3) құбырлардың диаметрлері белгіленеді (егер унитаз қосылған болса, онда диаметр 100мм қабылданады) және еңістік - i белгіленеді

4) диаметрлердің мәніне және учаскедегі ластанған судың мөлшеріне сәйкес (қосымшаның 6 кестесі бойынша) жылдамдық v және құбырдың толысуы  h/d таңдалады.

5) шарттың орындалуын тексереді   v[pic 3].

Есептеу нәтижелері төмендегі кестеге енгізіледі

Кесте 2.1 – Ішкі канализацияның гидравликалық есебі

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (281.4 Kb)   docx (93 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club