Адамның қоғамдағы орны
Автор: Sauytbekov • Декабрь 4, 2022 • Эссе • 423 Слов (2 Страниц) • 1,347 Просмотры
Бақылау жұмысы №1
Эссе
Адамның қоғамдағы орны
Жалпы адам мен қоғам бір-біріне тығыз байланысты.
Қоғам ол адамдар бірлестігі.Қоғам-адамдар бірлестігі,оны адамдар құрайды жəне оның құрамында өздері өмір сүреді.Яғни адам қоғамның негізгі тірегі.
Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты.Еңбек ету арқылы адам жетіле түсті.Соның нәтижесінде,адамның таным кабілеттері де дамыды.Еңбек етіп,бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасында сөз пайда болды.Ал сол сөз арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп,қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды.Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады.Еңбек ету,қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды.Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты.Қоғамсыз адам жоқ,адамсыз қоғам жоқ. Сонымен қатар қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды,жаңа жазылып кеткендей ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады.
Фейербахтың айтуынша,«Жеке-дара,жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның дамуы мүмкін емес».Ал бәрімізге танымал неміс ғұламасы Карл Маркстың пікірінше-«Жеке дара адам-бұл қоғамдық жануар.Сондықтан,оның өмірінің әрбір көрінісі-қоғамдық өмір көрінісі және тұрақтануы болып табылады» Адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта,адамдар ортасы.Бірте-бірте адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениетті қалыптастырды.
Жалпы қоғамда алуан түрлі адамдар тобы болады.Олардың кейбіреулері қоғам дамуына өз үлестерін қосып жатса,ал кейбіреулері теріс әрекеттерімен,яғни қылмысқа барып,қарақшылық,зорлық,маскүнемдік,нашақорлыққа салынып өздеріне де,қоғамға да үлкен залалын келтіруде.Әлеуметтану ғылымында мұндай әрекеттерді «девиация» деп атайды.Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі.Осы жоғарыда айтылып өткен девиацияға ұшыраған адамдармен әлеуметтік психологиялық жұмыс жасау бүгінгі күннің өзекті ісі болып табылады.
...