Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Практическая работа  •  450 Слов (2 Страниц)  •  820 Просмотры

Страница 1 из 2

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі

«Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.

Эмоция психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.

Эмпатия– өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. 

Эмоционалды интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек. 

Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үш­ті­гін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллект­пен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Со­ған қарамастан, адам эмоция­сы мәселесі – әлі күнге өзекті тақырып.

Эмоционалды уайымның әсерінен адамның ағзасындағы өзгерістер:

  • жүрек соғысының жиілігі;
  • Қан айналым мен қан қысмы(бозару, қызару)
  • Тыныс алу ( тұншығу, демігу);
  • Бұлшық ет өзгерісі (моториканың бұзылуы);
  • Ас қорыту және зәр шығару (асқазан мен ішектердің қозғалысы күшейуі);
  • реакциясы (тарылу немесе кеңею Қан құрамы (қанттың көп мөлшерде болуы, адреналин, холестерин және т.б.)
  • Осы әсерлермен бір уақытта сыртқы өзгерістерде байқалады (күлкі, тіс қайрау – айқын мимкалық көрністер).

                                 

                                  Глоссарий

Аффект — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (85.2 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club