Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз

Автор:   •  Апрель 11, 2021  •  Контрольная работа  •  458 Слов (2 Страниц)  •  463 Просмотры

Страница 1 из 2

Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері арасындағы университетішілік  «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» (Алаш тұлғаларының тағылымы) тақырыбындағы эссе байқауының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

І. Жалпы ережелер

Университетішілік «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» (Алаш тұлғаларының тағылымы) және Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан (педагог мәртебесі туралы) тақырыбындағы эссе байқауы «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен өткізіледі.

ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған тәуелсіздік идеясының өзегі болған Алаш арыстарының асыл мұрасы мен есімдерін, тұтас тағылымын, ұлы ерліктерін, елге қызмет етудің озық үлгілерін студенттер арасынан кеңінен насихаттау, жас жеткіншектерге патриоттық сезім ұялату.

Міндеттері:

  • Алаш арыстарының өмір жолы, қалдырған мұрасы, атқарған елдік қызметі туралы мағлұмат беру;
  • Алаш тұлғаларының  өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, ұлтжандылық, елжандылық, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

ІІІ.Байқауға қатысушылар

Байқауға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім алатын барлық студенттер  (1-4 курс) қатыса алады.

ІV.Байқаудың өткізілу мерзімі және тәртібі

Эссе байқауы 2021 жылдың 15.02-15-04 аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін байқауға ұсынылатын эссе және қатысушы туралы мәлімет толтырылған құжаттардың электронды нұсқасын жолдау қажет.  

V. Байқауға ұсынылған эсселерді бағалау талаптары

  •  Эссе мазмұны байқау  тақырыбына сай келуі (10 ұпай); 
  •  Тақырыптың толық ашылуы, жұмыстың мазмұндылығы (20 ұпай);
  •  Өзектілігі, әлеуметтік мәні (10 ұпай);
  •  Эрудициясы, нақты материалды білуі (10 ұпай);
  •  Мазмұндалуының бірізділігі (10 ұпай);
  •  Шығармашылықпен өзіндік ой толғай алуы (10 ұпай);
  •  Нәтижелерін тұжырымдай,  дәйектей алуы (20 ұпай);
  •  Стилистикасы мен грамматикалық ережелердің сақталуы, эссені рәсімдеу талаптарының сақталуы (10 ұпай).

Ескерту: Байқауға ғаламтор желісінен алынған немесе оның түрі өзгертілген мәтіндерді ұсынуға қатаң тыйым салынады.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (133.1 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club