Алаш туы астынд, күн сөнгенше сөнбейміз
Автор: Nessi • Октябрь 10, 2018 • Эссе • 1,889 Слов (8 Страниц) • 2,480 Просмотры
Шығарма
«Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз!»
Жоспар
I.Кіріспе:
1) Ұтты тану- ұрпақ борышы.
II.Негізгі бөлім:
1)
2)
3)
III.Қорытынды.
1)Қазіргі таңдағы Қазақстан
Алла тағала әрбір пендесін жаратқанда оның ұлтын, соған орай дінін, тілін айқындап берген.Дүниеге келген әрбір адам- ұлттың бөлшегі. Адам өмірін мәнді, саналы өткізу үщін , дүниеде өз жолын табуы үшін , әрбірден соң қарапайым тіршілік ету үшін сол ұлт жасаған рухани құндылықтарды білуі,игеруі,қолынан келсе ,айналасына ,өзінен кейінгілерге үйретуі қажет.Ұлттың тарихы мен дәстүрінде ,мәдениеті мен өнерінде діні мен тілінде адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған . Ұлт перзенті ретінде менің ең бірінші міндетім- сан ғасырлық тарихы бар осы асыл қазынаны бойыма сіңіру деп білемін .Себебі, тарихты білмей ,болашақты болжау қиын.Өткеніміз бен бүгінгіміз тығыз байланыста.Өйткені ,қазіргі таңда шекарасы бекітілген ел болып,осы деңгейге жеткеніміз,өткен тарихымызда жасалған іс-әрекеттердің,жасалған жұмыстардың арқасы.Өткенімізге тарих ретірде қарамай ,оны бүгінгі заманмен сабақтастыра отырып,онымен әрі қарай дами беруіміз қажет.
Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты –ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идясы. XIX ғасырдың басында ұлтының тендігі үшін қауымдасумен де ,қаламмен де қарумен де күреске түскен.
1905-1907 жылдар аралығында буржуазиялық-демократиялық революция болды .Осы революцияның негізгі мақсаты монархияны құлату еді.1905 жылдан бастап орыс революциясырның әсерінен , алаш қозғалысы басталды.Алаш қозғалысының басталуына түрткі болған жағдайларды, мен тарих пәнінен алған біліміме сүйене отырып басты 2-3 себептерін алға тартқым келіп отыр.Біріншіден,XXғасырдың басында,яғни 1907 жылы қазақтардың Ресейдегі Мемлекеттік Думаға сайлану құқығынан айырылып қалуы. Бұл- әрине Заң шығарушы органда қазақтың сөзін сөйлейтін бірде-бір адам болмағанын білдіреді.Сол кезде Ресейдің дәрежесінде оқыған, шетелде білім алған қазақ азаматтары мұны қорлық деп білді .Өйткені,бұған дейінгі екі Думада да жұмыс істеген азаматтар аяқ астынан өздерінің керексіз болып қалғанына наразы болды.Екіншіден, 1891 жылы “қазақтың жері – қазынаның жері” болып жарияланып, Ресей империясының меншігіне өтіп кетуі.Осының нәтижесінде, қазақтар өз ата- бабаларының жерінде тұрып ,жері жоқ халықтың санатына енді.Үшіншіден, әрине , 1731 жылы Әбілқайыр хан сол кездегі қазақ хандығы жойылып кетпес үшін Ресей империясының отарына кіргеннен бастапқы арманымыз, егемен, тәуелсіз ел болу болатын.1917 жылы бұл қозғалыс елін ойлайтын үлкен партияға айналды.
Қазіргі таңда Қазақ елінің бірден-бір ел болып отыруына септігін тигізген, ол-Алаш автономиясының құрылуы. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б ұлт- зиялылары Алаш автономиясын құруға жұмыстар жасап, 1913 жылы 5-13 желтоқсан айларында Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланады. Автономияның астанасы болып Семей қаласы белгіленеді. Жер-жерде Алаш орда комитеттері мен уақытша кеңестері ұйымдастырылды.Автономияның төреағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.Алаш арыстары қазақ газетін шығарды .Қазақ газетінің редокторы болып Ахмет Байтұсынов сайланды. Газеттің шығып тұруына алаш орданы құрушылардың барлығыда атсалысып тұрды. Қазақ газеті арқылы ұлт-зиялыларымыз өз үндеулерін жазып халықты оятуға, көздерін ашуға тырысқан. Сондай өлеңдердің бірі Міржақып Дулатовтың “Оян қазақ” өлеңі:
...