Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  Эссе  •  1,510 Слов (7 Страниц)  •  7,570 Просмотры

Страница 1 из 7

Шығарма

«Алаш  туы  астында

Күн  сөнгенше  сөнбейміз»

      Алла  тағала  әрбір  пендесін  жаратқанда  оның  ұлтын, соған  орай  дінін, тілін  айқындап  берген. Дүниеге  келген  әрбір  адам – өз  ұлтының  бөлшегі . Өлшеп  берген  ғұмырын  мәнді  де  мағыналы  өткізу  үшін  рухани  құндылықтарды   бойына  сіңіре  отырып , кейінгілерге  де  соны  үлгі-өнегі  ретінде  қалдырса,  нұр  үстіне  нұр. Ұлт перзенті  ретінде  менің  міндетім - сан  ғасырлық  тарихи  қазынаны  нар  жүгіндей  көтере  білу  деп  білемін.  Себебі  тарихты  білмей, болашақты  болжау  қиын. Өткенімізбен  бүгінгіміз  тығыз  байланыста  екенін  бала  болсақ  та  сезініп  білеміз.

         Үлкендердің  айтуына  қарағанда, мектеп  қабырғасында  олар  көптеген  тарихи  шындықтан  мақұрым  болып  келген  екен . Айтуға  тыйым  салынған  көптеген  нәрсенің   беті тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ғана  ашылғаны  белгілі. Көп  мәліметтерге  қанығып, сусындап  қалған  біздің  міндетіміз - білген  үстіне  біле  түсу,  деп  бағамдаймын.

        Сондай  шындықтың  бірі- Алаш  қозғалысының  мақсаты  мен  мүддесі. Тарихи  шындық  бұрмаланып  кеткендіктен  ұлтын  ұлықтағандарға  деген  көзқарас  Кеңестік  кезеңде  мүлдем  теріс  болған. Бүгінде  жағдай  енді  басқаша . XX ғасырдың  басындағы  дүрбелең  кезеңде  «елім», «жерім»  деп  шырылдағандар  тарихи  тұлғаға  айналатындарын  сол  кезде  сезініп біліп  пе?!

        Не нәрсеге  де  белгілі  бір  себеп  пен  салдар  түрткі  болады. Қай  кезде  де  қазақтарды «бұратана» халық  деп  санап, оларды  басын  көтермейтіндей  ұстағысы  келген  Ресейдің  зұлым  саясатын  сол  уақытта  болжап  білгендер  некен-саяқ  еді. Білімі  мен  біліктілігі  арқасында  олармен  тең  дәрежеде  иық  тірестіре  алатындардың  өзі  Мемлекеттік  Думаға  сайлану  құқығынан  айырылып  қалды.  Заңның  тарапынан  сөзін  сөйлейтін  бірде-бір  жанның  шықпауының  кесірінен  олар  аяқ  астынан  керексіз  боп, әрине, наразы  болды .  Ол  аз  болғандай  қазақ  жерін  өз  меншігіндей  көруі  жығылған  үстіне  жұдырық  болды. Жері  жоқ  халықтың санатына  кіруі  адам  төзбес  қорлық  деп  сезінді.

         Сол  сияқты,  қазақ  хандығы  жойылып  кетпес  үшін  Ресейдің  қол  астына  кірген  Әбілқайыр  ханның  ендігі  арманы  тәуелсіз  ел  болу  еді.  Ондай атты  күннің  оңайлықпен  келмейтінін  тереңінен  түсінген  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев  сияқты  ұлт  зиялылары  алған  беттерінен  қайтпауға  бекінді. Ақыры  1913  жылы  5-13  желтоқсанда  Орынборда  өткен  жалпы  қазақ  съезінде  Алаш  автономиясы  жарияланғаны  тарихтан  белгілі. Енді  бұлардың  алдына  көптеген  күрмеуі  шешілмеген  мәселелер  тұрды. Алашордашылардың ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясы және  сауатсыздықтың  түндігін  түру. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасуымен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен. Бұл  жағынан  сан  ғасырдан  ұйықтап  жатқандай  күй  кешкен  халқын  ояту  оңайға  соқпайтынын, әрине, танып  білді.

М.Дулатовтың:

Оян,қазақ! Ойлан,қазақ! Бол, қазақ!

      Шын  бақытқа  жеткізетін  жол  да  ұзақ.

                                  Алашағың  аз  ба  мына  дүниеден ,

Болашағың  емес  пе  еді  зор  ғажап-

деген  сөзінің  қазір  де  құнын  жоғалтпауы  көп  нәрсені  аңғартпай  ма?! Жарқын  болашаққа  жету  үшін  білімнің  қаншалықты  маңызды  екенін  аз  сөзбен –ақ  жеткізе  білді .

      Бірінші  сыныпқа  келгенде  түрлі- түсті  Әліппені  қызықтай  отырып , аз  уақыттың  ішінде  оқи  алатын  дәрежеге  қалай  жеткенімізді  байқамай да  қалдық.  Ішінде  жаттаған  өлеңдерімізді  айтып, ата-анамыз,

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (152.1 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club