Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Религии"

Автор:   •  Июнь 21, 2018  •  Шпаргалка  •  17,691 Слов (71 Страниц)  •  979 Просмотры

Страница 1 из 71

1,Риба дегеніміз не?

Риба негізінде ақша баламасының сандық теңсіздігінен туатын кез келген заңсыз немесе еңбегі сіңбеген пайда. Кредит-ақшалай пайыздар немесе өсімқорлық (яғни ақшаны ақшаға сату-сатып алу) – рибаның бір түрі.Риба – өсімқорлық, қосылған ақша құнының өсімі. Өсімқорлық тұжырымдамасын талқылау бүгінге дейін жалғасын тауып отыр, өсімқорлық әлеуметтік рұқсат етілген ауқымнан басым есептелінген пайыздарға ғана жатады және мұнан былай оған қандай-да болмасын тыйым салынбайды немесе бақыланбайды. Рибаға тыйым салу термині сөзбе сөз «артығы» дегенді білдіреді және «қарыз немесе сату түрінде болсын капиталдың кез келген «ақталмаған ұлғаюы» ретінде түсіндіріледі, жүйенің негізгі қағидасы болып табылады.

2,Риба аль-насиа ұғымына не жатады?

риба аль-насиа рибамен ақшаны ақшаға аударған кезде, айырбастау кейінге қалдырылған немесе кідіртілген жағдайда және бүгінгі күнгі қаржы операцияларындағы тәжірибедегідей қосымша төлем болып табылатын жағдайда қолданылады. Шариғат бойынша тыйым салу түсімнің негізгі қарыздан немесе алдын ала төлемге, немесе мерзімінде тиесілі толық сомадан беркітілген, немесе ауыспалы пайыз болып, немесе кредит алу шарты ретінде алынуға тиіс салық, немесе қызмет екендігінен тәуелсіз қолданылады;

3, Риба аль-фадль ұғымына не жатады?

риба аль-фадль нәзіктеу, және айырбастау қолдан қолға немесе бартерлік айырбастауда қолданылады. Тыйым салу тауарлар айырбас бойынша емес, ақшаға айырбастау керектігін талап еткен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің айтқан сөздерінен туындайды, себебі ол әділетсіз өсімге әкелетін тауарлардың сапасында айырмашылықтар болуы мүмкін. Риба аль-фадль тұжырымдамасы Ветхий Заветте (Левит 25:37) азықтүлікті қарызға бергенде өсімге тыйым салуға қатты ұқсас. Қазіргі күнгі нарықта айырбастау ақша арқылы жүретіндігін ескерумен, риба аль-фадльдің релеванттығы төмендеп кетті, бірақ тұжырымдама мәні осындай ұқсас жағдайларға қолданылуда қалады.

4,Тыйым салынған пайыздық мөлшерлемені білдіретін 4 белгіні атаңыз

Пайда меншік құндылығы бар нәрсе ақшаға сатылатындығынан немесе әр түрлі валюта бір-біріне айырбасталатындығынан құралады. Ақшамен немесе олардың орнындағы қағазбен кредит-борыштық операция (сол валютада) нәтижесінде алынған пайда ақшалай қосылған құнды ұсынады, демек тыйым салынған болып табылады. Осылайша, балама қаржыландырудың жәй қаржы мекемелерінен айырмашылығы сол, ол сатып алу-сату процесінде әрқашан нақты қосылған құн құрайтын нақты активтерге негізделеді. Осы аспаптарды аванстық қаржыландыру (салам және истисна негізінде) жолымен қарап көрейік, нақты активтер құралады. Қаржы институтының клиенті ауыл шаруашылығында пайдаланылатын салам операциясы кезінде және оларды сатқаннан кейін негізінде, өз пайдасын қаржыгермен бөліседі. Истисна жағдайында қаржыландыру инфрақұрылымдық активтерді өндіруге жолданады, мерзімі кешіктірілген сатуда тапсырыс берушіге қаржыгер өз ақшасын және беркітілген пайданы қайтарады. Иджара және мурабаха аспаптары, сондай-ақ активтермен толық қамтамасыз етілген, және осы аспаптар арқылы қаржыландыру төмендегі себептерден пайыздар негізінде анық ажыратылады: - дәстүрлі қаржыландыруда қаржыгер өз клиентіне пайыздық қарыз ретінде ақша береді, сонан кейін оның осы қаражатты клиенттің қалай пайдаланатынына қатысы жоқ, - мурабаха жағдайында, керісінше қаржыгер қолма қол ақшаны клиентке ұсынбайды

5. Ғарар деген не?

Ғарар – белгісіздік; «жете түсінбей, өзін және өз мүлкін ойсыратуға душар ету» деген мағынаны білдіретін «gharara/gharra» деген араб етістігінен шыққан, шартты тәуекел ретінде қаралады, мүліктің жойылу салдарына әкеледі. Ғарар кейбір толық емес ақпаратты және/немесе алдау, сондай-ақ келісім мәніне тән тәуекел мен белгісіздік факторларына әкеледі. Рибадан кейін ғарар қаржылық келісімдердің маңызды элементі болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда ғарар ақпараттандыру толық шешімін таппаған және ақпараттың немесе шарттағы бақылаудың жоқтығы себебінен құралған кез келген белгісіздікке жатады. Ол өзге тараптан жасырынатын шарт мәнінің кейбір элементі туралы ақпаратқа қатысты түсінбеушілік сияқты қаралады, және/немесе келісім мәні болып тараптардың ешқайсысымен бақыланбайды.

...

Скачать:   txt (263.9 Kb)   pdf (799.6 Kb)   docx (76.2 Kb)  
Продолжить читать еще 70 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club