Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шежірелі Шыңғыстау

Автор:   •  Декабрь 17, 2018  •  Реферат  •  1,194 Слов (5 Страниц)  •  1,089 Просмотры

Страница 1 из 5

Шежірелі Шыңғыстау

           Әр халықтың тарихында киелі, ерекше қадірлі жерлері бар. Ол – ел өмірінің ұлы белестерін айғақтайтын, бейне бір салқар көштей ұзақ тарихтың қадау- қадау оқиғалары өткен орындар мен сол халықтың ұлы перзенттерін  дүниеге келтіріп, олардың ерлігін мен ғажайып талантының ашылуына  куә  болған мекендер. Дархан даламызда ондай жерлер көп. Соның бірі туған жерім Шығыс Қазақстанның Шыңғыстау жайлы  сөз еткім келіп отыр.

Бұл жерде тарихи және киелі жерлер көптеп кездеседі. Топырағын басқан жанға берері мол, ерекше жер. «Жер-әңгімеші, жер әңгімеші болған соң ел әңгімеші», -дейді Мұхтар Әуезов ұлы жазушы. Шыңғыстау-ұлылар мекені. Абай,  Шәкерім, Мұхтардай перзенттер сыйлаған алтын құрсақты ерекше, киелі жер. Өзінің туған жеріне тағзым ету, әр перзенттің борышы. Тұла бойы тұнып тұрған шежіре, қойны-қонышы толған тарихи өлке. Бір ғана сапарда қаншама жер атауына, олардың  тарихына қанығып, қасиетті өлке екенін сезгендей боласың.

   Шыңғыстау солтүстік-шығыста  Алтайдан  Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласып жатыр. Сарыарқаның шығыс тау жотасы. Ең биік нүктесі – Ақшатаудағы Қособа тауы. «Шыңғыстау» атауы көне моңғол тілінен аударғанда «Шыңғыс» және «Тай» тілінен шыққан. «Шыңғыс» деп  ұлы ханның есіміне байланысты қойылса, «Тай» сөзі «тайшы – басшы, хан» деген мағынаны білдіреді. Кейін уақыт өте келе «Тай» қазаққа түсінікті «тау» деп өзгеріске ұшырап, Шыңғыстау содан шыққан. Ал осы Шыңғыстаудың ең биік жотасы Хан биігі деп аталады.

  «Қазақтың  ұсақшоқылығы» деген атау - ең алдымен геологиялық- геоморфологиялық атау. Ол тек Арқаның аласа  таулы биіктерінің негізгі орналасу аумағын біріктіреді де Шыңғыстаудан  Ұлытауға дейін,  Көкшетаудан Балқашқа дейін, олардың сырт тұстарындағы жапсарлас жатқан жазықты, төбелі геология- геоморфология тұрғысынан басқаша құрылған өлкелерді қоспайды.  Шыңғыстаудың ұзындығы  екі жүз шақырымға созылып жатыр.

   Бұл тақырыпты алу себебім, «Қазақ «туған жерге туынды тік » - деп айтпақшы, кез келген адам баласының отанға деген сүйіспеншілігі өзінің кішкентай туған жеріне деген сезімінен, сағынышынан тұруы керек»,- деп Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев түйіндегендей, әуелі өзімнің туған өлкемнен бастауды жөн көрдім. Бұл өлкенің ашылмаған сыры көп. Оның тарихқа бай сырлары жөнінде ең алғашқы археологиялық зерттеулердң басында С.С. Черниковтың, Ә.М. Оразбаевтың, Ә.Жиреншиннің, Л.Нифонтованың зерттеулерін айта кетуге болады. Бұл зерттеулер таза ғылыми болмаса да, осы өлкенің тарихнамасы туралы әңгіме қозғалған кезде, айтпай кете алмаймыз. Ал ғылыми тұрғыда археологиялық терең зерттеулер Шыңғыстау жерінде Ә.Т. Төлеубаев, З. Самашевтің, А.Исиннің, Ғ.Қ. Омаровтың және Ұ. Үмітқалиевтің зерттеулерімен жалғасуда.  Жыл сайын көптеген археологтар, студенттер, барып зерттеу жұмыстарын өткізеді. Ол жерден табылған заттар туралы ауыз толтырып айта аламыз.

Мен бұл мақалада Шыңғыстаудың географиялық орналасуы, топографиясы, жер – су аттары жайында мағұлмат беретін боламын. Зертеудің басты мақсаты, Шыңғыстаудың тарихы жайында барынша мәліметтер беру.

   Шыңғыстың батыс шегінде, Шаған өзенінің жағасындағы, Қоңыр әулие үңгірі - табиғатың сирек кездесетін ескерткіші. Бір қарағанда жақпар тасты осынау бір таудың қуысында үңгір бар, ол үңгірдің астында, мөлдір көл бар деп, еш ойламайсыз. Алла тағаланың өзі, сырт көзден жасырған, сол көлдің емдік қасиетін жергілікті халық ертеден-ақ білген екен. Көктем туып, көк шығысымен-ақ ауырған-сырқаған, бір перзентке зар болған жандардың Қоңыр әулие үңгіріне ағылуының себебі де осында көрінеді. Ені 80 метр, биіктігі 1,5 метрдей болатын жіңішке дәліз арқылы үңгірге кіріп, көлдің мұздай суына бір сүңгіген жанның бойы сергіп, санасы серпіліп сала беретін көрінеді. Қаншама жүздеген, тіпті мыңдаған адамдар осынау көлден дертіне дауа, еміне шипа да тауыпты. Оны үңгірдің аузында жатқан балдақтар да растағандай. Ең бастысы, сенсеңіз болды. Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы Жанысбек есімді азамат та осыны айтады.
- Бұл жерге келгеннен соң, ақ ниет, ізгі оймен келу керек. Тіпті, үңгірдің ішіндегі көлдің суына түспей-ақ, жанында отырып ауруынан айығып кеткен адамдар бар, - дейді ол бізбен әңгімесінде. Оның айтуынша, мұндағы көлдің суы өте шипалы. Әсіресе, аяқ-қолы тартылып, сал болып қалғандар мен көзі ауыратын жандар үшін таптырмайтын ем екен. Жалпы,  Қоңыр әулие үңгірі туралы халық аузында аңыз да, әңгіме де өте көп. Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің көбі, жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Қоңыр әулие үңгірі атауы «Қабанбай батыр» мен  Шәкер Әбеновтің «Тоқтамыс батыр» дастандарында да кездеседі.

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (103.9 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club