Әсер қалыптастыру психологиясы
Автор: John Johnson • Апрель 20, 2021 • Статья • 2,121 Слов (9 Страниц) • 301 Просмотры
ҮЗІНДІ: ИНТЕРНЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
СІЗДІҢ ОНЛАЙН-ТҰЛҒАҢЫЗ:
ӘСЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамдар өзін онлайн-тұлғалауды қалай басқара алады? Өзіміз қалыптастырғымыз келетін пікірді қаншалық табысты көрсете аламыз? Басқа адамдардың электрон хаттарын оқығанда және әлеуметтік желілердегі парақшасын қарағанда, олар туралы пікір қалыптастыру үшін қандай кеңестерді жөн көреміз?
Жеке кездесулерде ақыл айтушылар аз болмайды. Негізгі мақсат – ықтимал басшыға жақсы әсер қалдыру, мемлекеттік лауазым сайлауына қатысуға мүмкіндік алу, телефон арқылы сауда жасау немесе кездесуге келісім алу болса, дұрыс пікір қалыптастыруға көмектескісі келетін кеңесшілер тіпті жоқтан бар жасайды. Жеке әңгімелесу үшін олар «сенімділігіңізді қолды қатты қысып білдіріңіз» немесе «қызығушылығын ояту үшін көзіңізді тайдырмауға тырысыңыз» деген сияқты кеңестер ұсынады. «Адамдар өзін қалай танытады және осы стратегиялар өздері түрлі аудиторияларға қалдыратын әсеріне қалай ықпал етеді?» деген мәселені зерттеуге ғалымдар біраз күш-жігерін сарп етті.
Онлайн да, басқа әдістер де нәтиже береді, әсіресе өзін-өзі ақылмен таныта алу дереу атақты адам мәртебесіне дейін асқақтатуы мүмкін. Дейв Керрол есімді аса танымал емес канадалық музыкант «United Breaks Guitars» деген музыкалы видеоны желіге қойған. Тез есте сақталатын халықтық үлгідегі ән әуежайдағы қолапайсыз жүк тасушылардың Керролдың қымбат гитарасын сындырып тастағаны, сол үшін өзінің өтемақы алмақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырағаны жайында еді. Видеоны бір күн ішінде 150 000 адам қарады, бір ай ішінде қаралым бірнеше миллионға жетті. Осы бір бейғам тәсіл Керролды квази-танымал адамдар қатарына қосты, оны топтық шараларда және жаңа кітабында клиенттермен жұмыс істеу туралы айту үшін көптеп шақыра бастады.1 Тіпті United өзінің оқыту бағдарламаларында әлгі видеоны пайдалануға рұқсат сұрады.
Ұятқа қалдыратын қателер тез жасалады және түзетілуі де қиын. Университет әкімшісі 40 000 студентке 1098-Т оқыту үлгісінің қағазсыз жеткізілімінен бас тартуды сұрап, электрон хат жолдады. Студенттер мекенжайы көрсетілгендердің барлығына жауап беруге болатынын тез түсінді. Бұл жайт «replyallcalypse» («қияметтің бәріне жауап бер») деген атаумен белгілі болды. Аяқастынан күш алған студенттік орта әзіл-қалжыңды, дос көңіл пікірлерді, көмекке шақырған айғайлар мен шағымдарды бөлісе бастады, тіпті пошта жәшіктері толып кеткендіктен, «бәріне жауап бер» дегенді тоқтатуға шақырғандар да көбейді. Қате жіберген қызметкер кешірім сұрады, алайда бұл кезде бөгет кеңінен ашылып кеткен еді.
Әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде электрон хаттар арқылы онлайн қарым-қатынас жасайтын адамдардың көбі бір-бірін бұрыннан таниды, сондықтан олардың онлайн-тұлғасы біздің ол жайлы бұрыннан қалыптасқан пікірімізге қосымша ғана бола алады. Дегенмен онлайн-тұлға алғашқы әсер қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, өйткені адамдар электрон хат немесе әлеуметтік желілер ұсынған ақпараттарға көбірек сенеді, ал жұмыс берушілер үміткерлердің жеке мәліметтерін тексереді. Интернеттегі қарым-қатынастың кейбірі желіде басталады, содан кейін басқа орталарда жалғасады. Басқалар үшін барлық қатынас ешқашан желіден аулақта болмайды, олар тіпті телефон қоңырауына да жүгінбейді. Сондықтан онлайн-тұлға дегеніңіз – өзінше бір тарих.
Бірнеше жыл бұрын ешқашан бетпе-бет кездесіп көрмеген ескі әріптесімнен электрон хат алып, өзіміздің онлайн-тұлғамызды қаншалық орайсыз қалыптастыратынымызды мойындағаным есімде. Бұл жіберушінің аты жазылған автомат қолтаңбамен бекітілген он үш беттік нәрсе еді, ішіндегі тізбекте оның есепсіз жетістіктері мен сертификаттары, академияға мүшелік тізімі және жұлдызшалармен қоршалған асқақ цитата бар болып шықты. Бірден «жою» түймесін басқым келіп кетті, бірақ оның өз онлайн-тұлғасымен күреске түсіп жатқанын есіме түсірдім. Мұндайда бәрімізде айтар ақыл аз болатыны сөзсіз. Мен хатты бастырып алып, оның сәлемін оқып шықтым.
...