Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы.Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы
Автор: Aisaule_Tazhibai • Апрель 30, 2024 • Реферат • 1,746 Слов (7 Страниц) • 131 Просмотры
Орындаған:Тәжібай Айсәуле
Тақырыбы:5.1 Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы.Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы.
XII ғасырдың аяғы-басы.ХШ ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай көшпелі тайпалық күшті одақ билеушілерінің басқа тайпаларға билік ету үшін күресінің күшеюімен сипатталды.Осы күрестен моңғол тайпаларының бірі Темучин(Шыңғысхан)Орта Азиядағы тайпаларды біріктіріп,үлкен көшпелі мемлекет құра алды.Моңғол мемлекеті Сары теңізден Жерорта теңізіне,Балтықтан Парсы шығанағына дейін созылып жатқан тарихта бүрын-соңды болмаған еуразиялық супер империяға айналды.
1218-1219жж.Монғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын өзіне бағындырды.Енисей қырғыздаы мен буряттардың жерлерін басып алынды,Таңғұт мемлекеті құлады,ұйғыр Турфан княздігінің билеушісі өз еркімен Монғол бодандығын қабылдады.Цинь империясының әскерлері жеңілгеннен кейін монғолдар Солтүстік Қытайды басып алды.Осыдан кейін Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықтарға дайындалады.Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорық болды.Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашты.
Монғолдардың бастысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды.Шыңғыс хан өз юасының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап,бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобыни жібердіі. Жетісуды моңғолдар еш қарсылықсыз басып алды,өйткені сегіз жыл билігі кезінде Жетісу халқы Найман көсемі Күшлік пен оның жауынгерлері мен Хорезмшах Мұхаммедтің қолынан ойран салды.Күшліктің мұсылмандарды қудалауы да наразылық тудырды.Араб және парсы деректерінде монғолдар халқы толығымен дерлік қырғынға ұшыраған әртүрлі елдердегі үш ондаған халықтың атын береді.Оның ішінде Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы-Отырар,Сығанақ,Ашнас.
1219ж қыркүйекте Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық қалың қолы Ертістен Сырдарияға өарай қаптайды.Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алды.Жошы бастаған әскер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанды.Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстық-кенттерді алуға,ал Шыңғыс хан өзі кіші баласы Төлемен бірге Бқхараға қарай бет алды.Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады.Тек Хорезм шахы Мұхаммед екінші көмекке жіберген әскербасы қақпаны ашып,өз әскерімен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қояды.
Сонымен 1219-1224ж моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.Қазақстан жері бөлініп,Шыңғыс хан ұлдарынығ ұлыстарының құрамына енді.Ертістің батысындағы Жетісудың солтүстік бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі және қоса алғанда бүкіл Орталық,Солтүстік,Батыс Қазақстанды қамтитын үлкен бөлгі Жошы құрамында болды.Оңтүстік және Оңтүстіік-Шығыс Қазақстан,яғни Жетісудың көп бқлігі ,Шағатай ұлысында,солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысында болды.Осы шапқыншылық әсерңнен Қазақстанның шаруашылық дамуының экономикалық негізін бұзуы,аудандардың бірігуін тежеді,халықты құлдыққа салды.
Моңғол жаулап алуы оны мекендеген тайпалар мен халықтар арасындағы қалыптасқан қатынастарды бұзып,олардың этносаяси,экономикалық және мәдени даму бағытын өзгертті.Моңғол жаулап алуының жағымсыз салдарымен қатар жағымды жақтарыда болды.Моңғол билігі сауда мен халықаралық қатынастардың дамуына түрткі болды.Барлық жерде пошталық және ямалық қызмет көрсету жүйесін енгізді.Моңғолдар енгізген қоғамдық ұйымның нормалары мен мемлекеттіктің нысандары кейінгі моңғол дәуірінде Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерде де қолданыла бастады.
Монғол дәуірінен кейінгі кезең (XI-XVғғ.)Шығыс Дешті Қыпшақ,Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ аумағында көшпелі,жартылай көшпелі және отырықшы егіншілікпен айналысатын халықтың этникалық топтасуымен сипатталады.Аймақтағы саяси өмәр нысандарының эволюциясы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттердің-Ақ Орданың,Моғолстанның,Әбілқайыр хандығының(Көшпелі өзбектер мемлекеті),Ноғай Ордасының оқшаулануынан өтті.
XIV-XVғғ.I жартысында Ақ Орда кезеңінде,көшпелі өзбектер мемлекетінде қазақстан территориясында рулардың этникалық құрамы тұрақтала бастайды,жергілікті және орын ауыстырған түрік монғол руларының көптеген айырмашылықтары азаяды.Бұл мемлекеттер халықтарының құрамы бойынша негізінде полиэтникалық болды.
...